Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы, «Ақбілек» романы 1-сағат



Дата17.04.2017
өлшемі305,76 Kb.
#14152
түріСабақ

22.09.15.

Қазақ әдебиеті

11«а,ә,б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы, «Ақбілек» романы

1-сағат


Жалпы мақсаты:

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Ақбілек» романының мазмұнын ашу.Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу.

Күтілетін нәтиже:


1.Өз пікірін айта білуге дағдыланады.

2. Топта көшбасшылық жасауға үйренеді;

3. АКТ-мен жұмыс жасай білуге дағдыланады;

4.  Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.





Сілтеме:

1Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту әдістемесі 11-сынып.

2.11 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы.

3 4.СТО-технологиясының оқулығы


Негізгі идеялар:

Білімді сүюге, оны бағалай білуге үйренеді


Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, А3 қағаз, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке, жұптық жұмыс)

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

4.АКТ модулі

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту модулі

7.Оқытуды басқару және көсбасшылық


Тапсырмалар:

Миға шабуыл , «Ыстық орындық», « Әдебиет әлемі », видеоролик,ДЖИКСО әдісі, «Сиқырлы сұрақтар», «INSERT» стратегиясы



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.(2 мин)

Психологиялық дайындық.

ІІ. Мотивация. (Шаттық шеңбері)

Оқушыларды қатар тұрғызып, бір-бірлеріне жақсы тілектер тілету.

Оқушыларды «Білгір», «Тапқыр», «Жігер», «Қыран» деп ат беру арқылы 4 топқа бөлу.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, топқа бөлінеді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

Ыстық орындық:

« Әдебиет әлемі» тақырыбында орындыққа отырып, тақырыпты меңгергендігін білу мақсатта жетекші сұрақтар беріледі.




Әр топтан бір оқушы шығып, жеке жауап береді.Оқушылар өткен тақырыптардан сұрақтар береді.

Қызығушылықты ояту

(3 минут)

«Жүсіпбек Аймауытов Мәскеуде жерленген» (видеоролик)

-Балалар, бейнежазбада кім туралы сөз болды?

Ж.Аймауытов туралы не білесіз?

Оқушылар өз білгендерін ортаға салу сұралады.



Оқушылардан күтілетін жауап:

Оқушылар көргендері туралы,сұраққа жауап айтады.



ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма


( І, ІІ, ІІІ, ІV топ: Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын постерге түсіру.

(10 минут)


І топ Жүсіпбек Аймауытовтың  өскен  ортасы, алғашқы  білім алған орындары

ІІ топ Жүсіпбек Аймауытовтың сын- мақалалары,әншілік өнері.

ІІІ топ Прозалық жанрдағы шығармалары.(роман,повесть,әңгімелері, «Ақбілек», «Қартқожа»романы, «Әнші»әңгімесіне түсінік беру)

ІV топ Қазақ драматургиясына қосқан үлесі (пьесалары)


Оқушылар бұған дейінгі алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқушылар тақтадан слайд көреді


Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды.


ІV. Ой-толғау

Топтар шығармашылық жұмыстар орындау

(10минут)


(5 минут)


(2 минут)


INSERT стратегиясы

INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру

Кімнің шығармасымен таныстың?

Басты

шығармалары



Нені

оқыдым?


Берген

тәрбиесі


Көзқарасым



















Оқушылар сұрақтар төңірегінде кітаптан оқиды,пікірлеседі,бір-біріне түсіндіреді. Тақырыпты топта талқылайды,ойларын еркін жеткізеді ДЖИКСО әдісі арқылы.Әр топтан бір әңгімеші мәтіннің мазмұнын топтарға айтып шығады.

Жеке жұмыс жүреді.

Оқушылар интербелсенді тақтадан қарап INSERT кестесін толтырады


V. Бағалау (1 мин)

Бағалау белшесіндегі қорытынды бағамен таныстырады

Топ басшысы

бағалайды.



VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

  1. Ж.Аймауытовтың өмірі, шығармашылығы

  2. «Ақбілек» романынын оқып келу

  3. Кейіпкерлер бейнесімен танысу




Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады..

VII. Рефлекция

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс «Алма ағашын» жасаймыз

Сабақты толық түсінген немесе түсінбегенін, алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады, апарып іледі

Бағалау критерийлері:

Оқушының

аты-жөні


1- тапсырма

Үй тапсырмасы «Ыстық орындық»



2-тапсырма

Топтық жұмыстардың орындалуы



3-тапсырма

Шығармашылық тапсырмасы



Қорытынды бағасы













































































































11.03.15.

Қазақ әдебиеті

9 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романыың көркемдік ерекшелігі, Қартқожа бейнесі

1-сағат


Жалпы мақсаты:

«Қартқожа» романының тақырыбын,идеясын ашу,композициялық құрылысына талдау. Қартқожа бейнесіне талдау жасау.

Күтілетін нәтиже:


Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен шығармашылық жолы туралы біледі. «Қартқожа» романының мазмұнын меңгереді, тақырыбын, идеясын талдай алады



Сілтеме:

1Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту әдістемесі 9-сынып.

2.9 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы.

Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық

( үшінші негізгі деңгей)

4.СТО-технологиясының оқулығы


Негізгі идеялар:

Оқушыларды адами қасиеттерді үйренеді, автор көтерген әлеуметтік проблемалар аркылы азаматтық түсініктері қалыптасады. Ұлтжандылық қасиеттері артады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, А3 қағаз, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке, жұптық жұмыс)

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

4.АКТ модулі.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту модулі




Тапсырмалар:

Миға шабуыл, «Зымыран сұрақтар»,Адасқан әріптер, «Кубизм» әдісі,Топтастыру, «Еркін жазу» әдісі

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.

(2 минут)

Топқа бөлу.1,2,3,4 топқа суреттер аркылы топқа бөлу.(қазақтың киіз үйі,қазақтың ұлттық киімдері,қазақтың оюлары,қазақ жауынгерінің қарулары)


Оқушылар

топқа бөлінеді



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

«Зымыран сұрақтар»

« Қартқожа әлемі» тақырыбында төрт топтан тақырыпты меңгергендігін білу мақсатта жетекші сұрақтар:

1.Жүсіпбек Аймауытов кім?

2.Жүсіпбек Аймауытов қайда,қай жылы туылған?

3.Жазушының романдарын атаңыздар.

4.«Қартқожа» романы қай жылы кітап болып басылып шығады?

5.Романда негізгі кейіпкер кім?

6.Роман қалай басталады?

7.Қарқожаның әкесі кім,қандай адам еді?

8.Қартқожа кімге еліктеді?

9.Қартқожаның «қалаға оқимын»деп өзіне серт беруіне кім себепкер болды?

10.Қартқожаға қарап бұрынғы қазақ жастары қандай болды деп ойлайсындар?

11.Қартқожа қандай мінез ,іс-әрекеттерімен көрінеді?

12.Ауылға қандай суық хабар келеді?

13.Жазушының Қартқожаны романға негізгі кейіпкер етіп алуының сыры неде?


Әр топтан жеке жауап береді.Жеке жұмыс орындалады..

Қызығушылықты ояту

(2 минут)

«Адасқан әріптер» әдісі

«СЗЫАҰТ ҢСЖЫАҚЫН ТЫСАҰМ ҚЫЖАС»-«ҰСАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ»

Бас кейіпкер –Қартқожа өмірде болған адам, мұғалім болып, ұстаздық еткен екен. 1937 жылғы қанды қырғында мерт болған. Қартқожадан қалған ұрпақ- Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев техника ғылымдарының кандидаты,Қазақ ауыл шаруашылығы институтында қызмет жасаған.





Оқушылар сөзді шешеді, тақырып ашылады

ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма
( І, ІІ, ІІІ, ІV топ: Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын постерге түсіру.

(10 минут)

«Кубизм» әдісі .

1.Шығарманы мазмұнына талдау. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу.

Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан –жакты бейнелеген.
2.Шығарманың композициялық құрылысына талдау. Шығарманың құрылысы:

  1. Басталуы: Қартқожаны , оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс.

  2. Дамуы: Жоқшылықтың зардабы, әкесінің өлуі, суық хабар,елдің урейі, дүрбелең.

  3. Шиеленісуі : Жасаққа косылу,1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі.

  4. Оқиғаның байланысы: Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу,елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын азамат бейнесі,әмеңгерлік, оқу оқу.

  5. Шарықтау шегі: Ақпан көтерілісі, елдегі күрес ,ұстаз болу.

  6. Шешімі: Орысша білім алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыган азаматтың елге еңбек етуі.

3. а) Шығармадағы негізгі кейіпкерлер (топтастыру) Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен,Андрей, Қасен, Полидуб. Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер (топтастыру) Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара,Шідербай,шәкірт,болыс,Имақан,Бәтіш,Гүлсім, карындас, өшетіл,Бабатай

4. Бас кейіпкер бейнесін мәтіннен табу.

”Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта –астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос- қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10- 11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс,бетінің бір жағы сатпақ ,көзінің былшығы да жөнді тазармайды.Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан,аңқау, козі бажырайып аузын ашып ,мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап ,аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа...”


Оқушылар кубик тастау арқылы берілген тапсырманы бөліп алып,топ болып орындайды.

Кубикте сұрақтар жасырылған.Сұрақтар бойынша постер қорғайды.


Сергіру сәті 3 минут

«Ұстазым менің,ұстазым»әнін айту.

Оқушылар ән айтады.

ІV. Ой-толғау

Топтар шығармашылық жұмыстар орындау

(10 минут)

(6 минут)

«Кубизм» әдісі

2.Тапсырма. 

1. Шығармадағы монологті тапқызу.

Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса ,орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды,орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та Андрейдің ,менің көргенімді көрсе,көзі ашылса,менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді –ау деп, бір мезет ойлайды. ”

-Монолог қандай жағдайда айтылған?

2.Шығармада суреттелетін салт –дәстүр.

Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін мойнына көтеру), әмеңгерлік салты,тұрмыс- салт суреттері, күрес,ән салу.



3. Қартқожаның мінез-құлқы: (топтастыру) момын, аңқау, зұлымдық,әлімжеттік көрсету,үрей, надандық, көзін ашуға жарыққа ұмтылу, елге еңбек етуге талпыну.

4. “Үй іші” бөлімі бойынша шығармадағы көркемдегіш тәсілдер:

а) Эпитет-аз, нашар атаның тұқымы, момын адам, қоңыр адам,біртоға жан.

ә)Метафора (ауыстыру) – төрт- бес қарасын, алданышы, азбеніші- ораза ашары;қуаты, қуанышы- үш –төрт қарғасы;

б)Тұрақты сөз тіркесі- құтты жеріне кондырды; тұңғышының аяғын шырмады;

5.

а) Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі.

ә) Ирония (кекесін) –осы байғұстың.

б) Егіздеу( параллелизм)- іздеу барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз.

6

а) Синоним сөздер- жабықса,тарықса; жыртық-тесігін; аман-есенінде; момын, біртоға; қарағым,шырағым; ұрыс-жанжал;

Антоним сөздер- жазы-қысы:

ә) Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда.

б) Басқа тілден енген сөздер: қожа,тақуа молда, таямим,крестьянский нашалнік, періуатшік,стражнік, тілмәш, үшкөл, отарба, медресе, шәкірт,пароход, автомобиль,аэроплан, окоп, пулемет, самолет, мотор, революция,мұжық т.б.

«Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі

  1. «Менің мақсатым»

  2. «Мен не үшін,кім үшін оқып жүрмін»

  3. «Ақылды Қартқожаға»,

  4. «Жүсіпбек атаға»



Оқушылар кубик лақтыру арқылы берілген тапсырманы бөліп алып,топ болып орындайды.

Оқушылар өз ойларын,пікірлерін жазып,оқиды. Оқушылар сауатты хат жазуды үйренеді.



V. Бағалау (1 мин)

Бағалау парақшасы арқылы жұптық бағалау


Оқушылар жұптарын бағалайды.

VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

  1. Шығармадан “Туған жер” бөлімі бойынша үзінді жаттау.

  2. Қартқожа бейнесін негізге ала отырып “Іздесең жетерсің мұратқа ” тақырыбында эссе жазу.

Үй тапсырмасын орындайды.

VII. Рефлекция

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс «Бас бармақ» жасаймыз

Сабақты толық түсінген немесе түсінбегенін басбармақтары арқылы көрсетеді

Оқушының аты-жөні:------------------------------------------------

Бағалаушы оқушы аты-жөні:--------------------------------------------



Бағалау критерийлері


Орындалатын деңгейлер


Балл


Ұпайлар


Өзінің балы


Мұғалімнің

балы



1

Қартқожа әлемі

жартылай

1






толықтай

2

2

Постер қорғау

Жартылай толтыру

1







Толық толтыра алды

2

3

Берілген уақытты

пайдалану



жартылай


1








Толық тиімді

2

4

Мәтінді талдағанда

өзінің ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алуы



Жартылай

1







толығымен

2


5

Шығармашылық ізденісте болуы


Оқулықпен шектелуі

1







Қосымша тапсырманың орындалуы

2





06.10.15.

Қазақ әдебиеті

11 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев «Туған жерім Сасықкөл», «Туған жер», «Сен сұлу», «Күміс нұрлы - ай» , «Шолпы» өлеңдері


Жалпы мақсаты:

Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылық жолына шолу. Мағжанның азаматтық лирикаларымен танысады, ұлтын сүйген 
ақынның өз елінің тарихын, өткені мен бүгінін салыстыра зерделеген өлеңдеріне талдау жасайды

Күтілетін нәтиже:


Мағжанның түркі халықтарының тарихынан хабарының мол болғанын,оларды бірігуге шақырғанын, ұлттық тілдің проблемала-
рын бір ғасыр бұрын көтерген ұлтжанды азаматтық бейнесін 
таниды. Ел тарихымен танысады, өз бетінше оқып үйренеді


Сілтеме:

1Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту әдістемесі 11-сынып.

2.11 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы.

3 .СТО-технологиясының оқулығы


Негізгі идеялар:

Оқушыны өз бетінше білім алуға бейімдеу, өз ойын, жеке пікірін жүйелі жеткізуге дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, А3 қағаз, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке, жұптық жұмыс) диалогтік оқыту

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.АКТ модулі

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.



Тапсырмалар:

Миға шабуыл, «Ротация» әдісі, «Алаш алыптары» видеоролик, «Әдебиет үйірмесі» әдісі,топтастыру, Венн диаграммасы, сәйкестендіру тесті



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.(3 мин)

Психологиялық дайындық.

Топқа бөлу. Қолдарына қағаз қиындылары таратылады. Қағазда Мағжанның өлеңдері жазылған. 


1-топ. «Туған жерім Сасықкөл» өлеңі

2-топ. «Шолпы» өлеңі

3-топ. «Туған жер» өлеңі

4- топ. «Күміс нұрлы - ай» өлеңі



Оқушылар өлең жолдарын оқып, өлең тақырыбына байланысты топқа бөлінеді. Әр топ сол өлеңді оқып береді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

«Ротация» әдісін қолданыла отырып ,оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау. 



Әр топтан бір оқушы шығып, жеке жауап береді.Түрлі түсті қағаздарда жасырын сұрақтар тақтаға ілінген.Әр топтан бір оқушыдан шығып сұраққа жауап береді.

Қызығушылықты ояту

(3минут)
Ой қозғау


"Алаш алыптары" видеоролик.

Ақын туралы видеорлик көрсетіледі.



Мағжан кім? Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы

- Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «Мен жастарға сенемін», «Жатыр» т. б.



Оқушылар көру арқылы мәлімет алады.Ақын туралы білетіндерін ортаға салады.

Оқушылар бұған дейінгі алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді




ІІІ. Мағынаны тану.

( І, ІІ, ІІІ, ІV топ: М.Жұмабаевтың

шығармашылығын постерге түсіру.

(10 минут)
Бағалау(1минут)

Ойқозғау

(3 минут)

Бағалау(1минут)

«Әдебиет үйірмесі» әдісі
1-топ.Мағжан Жұмабаевтың өмірі ,өскен ортасы,білім алған орындары.
2-топ.Мағжан – ұлы ақын
3-топ.Мағжан – лирик, сыршыл ақын 
4-топ.Мағжан – эпик ақын

.
2. Өткен сабақпен байланыстыру
Мағжанның лирикалары қандай тақырыптарда жазылғанын байқадыңыздар?Оны қай өлеңдерінен көреміз?
1,2-топ Топтастыру


Лирикалық өлеңдері

(Туған жер, Сағындым, Сүйемін, Түркістан, Жазғы таң, Зарлы сұлу, Сен сұлу т.б.)




4. Ұлы баба Қорқыт жайында поэма жазуға ынталандырған не себеп?

3,4-топ.

Венн диаграммасын сызып толтыруын ұсынамын. Мағжан

Қорқ ыт




Аңыз кейіпкері.Күйші,қобызшы.


Сыр бойында бейіті бар.. Өлімнен қорыққан. Өмір, өлім туралы философиялық көзқарастары. Жан күйзелісі Ұрпағы, отбасы туралы мәліметтер бар. Педагогика ғылымының негізін қалаушы. Елжанды, ұлтжанды, тарихшы. Түркі халықтарының бір мемлекет болуын қалаған.

Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Мағжан Жұмабаев туралы берілген мәтінді түсініп оқып постер қорғайды.

Бағдаршаммен бағаланады.Әр топ бір бірін бағалайды.

Жұптық жұмыс

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды


Жұптық жұмыс

Бағдаршаммен бағаланады.


Сергіру сәті 3минут

«Сен сұлу» әнін айту.


Оқушылар әнді бірге орындайды.

Ой-толғау

Топтар шығармашылық жұмыстар орындау

(7 минут)

Бағалау(1минут)
3 минут


1. Оқулықпен жұмыс Ұлтын сүйген ақынның еліне, жеріне, еріне деген патриоттық шынайы перзенттік сезімін білдіретін өлеңдерін ұсынамын..
Ойлан / жұптас/талқыла
1-топ. "Туған жер" өлеңінің мазмұны
2-топ. "Мен кім?" өлеңі
3-топ. "Орал тауы" өлеңі
4-топ. "Мен жастарға сенемін" өлеңі


Сәйкестендіру тесті.

Мағжанның әкесінің аты?

Қорқыт

Тұңғыш өлеңдер жинағы?

Ғалия

Поэмасы

В.Я.Брюсов

Мағжанды «Қазақтың Пушкині» деп кім атады?

Бекен

Уфадағы қай медреседе оқыды?

Шолпан









Әр топ өздеріне берілген өлеңдерді оқып, талқылайды. Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіреді Пікірін жүйелі жеткізеді.

Бағдаршаммен бағаланады.



V. Бағалау (1 мин)



Бағдаршаммен

бағалау.


VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

  1. М.Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

  2. «Мағжан – сыршыл ақын» тақырыбына эссе жазу.




Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VII. Рефлекция

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс жасаймыз.Күлегештер арқылы керібайланыс жасау.


Сабақты толық түсінген немесе түсінбегенін, алған әсерлері мен ұсыныстарын параққа жазады.Күлегештердің тұсына іледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекітемін:___________________

Наурызбаева Маусым Алтынбековна № 4 орта мектебінің директордың оқу

қысқа мерзімді сабақ жоспары: жөніндегі орынбасары: Дайнашов Е



18.03.15.

Қазақ әдебиеті

9 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Мағжан Жұмабаевтың «От», «Пайғамбар» өлеңдері

1-сағат


Жалпы мақсаты:

Оқушыларға ақын өлеңдеріндегі лирикалық тіл ерекшелігін, ішкі мазмұнын жете ұғынту. 

Оқушыларға көркем шығарманың идеялық және бейнелілік құрылымын талдау білу, шығармашылық қиялдауды және авторлық ұстанымды түсінуге баулу.




Күтілетін нәтиже:


Ақын шығармашылығын зерделеп, керекті ақпаратты алады;

өлеңнің мазмұнын меңгереді;

орындалған жұмысқа сыни пікір айта біледі;

берілген ақпараттан нені, қалай оқу керектігін меңгереді;

өзін және сыныптастарын бағалай алады.



Сілтеме:

1Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту әдістемесі 9-сынып.

2.9 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы.

Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық

( үшінші негізгі деңгей)

4.СТО-технологиясының оқулығы


Негізгі идеялар:

Оқушыны өз бетінше білім алуға бейімдеу, өз ойын, жеке пікірін жүйелі жеткізуге дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, А3 қағаз, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке, жұптық жұмыс) диалогтік оқыту

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

3.Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау.

4.АКТ модулі.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту модулі

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.



Тапсырмалар:

Миға шабуыл,топтастыру, «Еркін жазу» әдісі, «Қалам столдың ортасында» әдісі, «Ассоциация» әдісі,мәнерлеп оқу,талдау,сергіту сәті, «Бес жолды өлең»әдісі,ББҮ стратегиясы



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.(2 мин)

Топқа бөлу. Мозайка әдісі арқылы сыныпты топқа бөлу
1-топ «Тайқазан» суреті

2-топ. « Түркістан» қаласының суреті

3-топ. «Түркістан» суреті

4- топ. «Ахмет Иассауи кесенесі»



Оқушылар суреттерді құрастырып, топқа бөлінеді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

«Мағжан – сыршыл ақын» тақырыбындағы эсселерін оқыту

«Қалам столдың ортасында» әдісі.Өткен тақырыптар бойынша топтарға сұрақтар қоямын.

Әр топтан оқушылар жеке жауап береді.Сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту

(2 минут)
Ой қозғау

ның– Б, бар – Д, мағ – А, от– В, жан– Ә, ғам – Ғ, пай – Г,ө-Е,лең-Ж,де-З,рі-И

Сонымен, балалар, қандай өлең шықты?

Мағжанның «От», «Пайғамбар» өлеңдері


Оқушылардан күтілетін жауап:алфавиттік рет бойынша буындарды жинайды.


ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма 1

5 мин
Тасырма 2

( І, ІІ, ІІІ, ІV топ: М.Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу. (7 минут)
Өлең құрылысына талдау(постерге түсіру)
(10 минут)

«Ассоциация» әдісі

«От», «Пайғамбар» туралы білетін ақпараттарды жазу.


Оқулықпен жұмыс

Мағжан Жұмабаевтың

1-2 топ «От» өлеңі

3-4 топ

«Пайғамбар» өлеңін мәнерлеп оқу.

Талдау :

Шығарманың аты: Тақырыбы: Идеясы: Өлеңнің тәрбиелік мәні: Құрылысы:11 буынды,қара өлең ұйқасы,2 бунақ,4 тармақ
«От» өлеңінде өршіл ақынды ұлтымыздың, жұртымыздың тағдыры, болашағы қатты толғандырады.

Өлең тақырыбы – қазақ халқының рухын ояту.
Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу.
«Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім-күнмін, өзім – от»,- дей келе Мағжан Жұмабаев қазақ халқы алдына үлкен міндет қойып отыр.

Пайғамбар»өлеңін құрлысына қарай талдау.Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау: Өлеңнің мазмұнымен идеясы:




Жеке жұмыс.

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді,білетін ақпараттары туралы жазады.

Әр топ өздеріне берілген өлеңдерді оқып, талқылайды. Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіреді Пікірін жүйелі жеткізеді.


Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды. Постер қорғайды.



Сергіру сәті 3 минут

«Сен сұлу»әнін айту

Оқушылар бірге орындайды.

Ой-толғау

Топтар шығармашылық жұмыстар орындау

(5 минут)

2 минут

«Бес жолды өлең» стратегиясы. 4 топқа береміз «От, Пайғамбар» сөздері

Зат есім: От

2 сын есім: қызыл,ыстық

3 етістік: жанады, лаулайды, өртейді

4-сөзден сөйлем: От жалыны қыздырып жандырады

Синоним: Жалын
Зат есім: Пайғамбар

2 сын есім:ақылды,данышпан

3 етістік:ойлайды,қорғайды

4-сөзден сөйлем: Данышпан пайғамбар халқын қорғайды.

Синоним:Ұлы адам
ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 


 

 




Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс




V. Бағалау (1 мин)



Топ басшысы бағалайды

VІ. Үй тапсырмасын беру (1 мин)

1,2-топ М.Жұмабаев «От»өлеңінен үзінді 5 шумақ жаттау

3,4- топ «Пайғамбар» өлеңінен 5 шумақ жаттау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VII. Рефлекция

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс жасаймыз

«Сиқырлы қорап»



Сабақты толық түсінген немесе түсінбегенін, орташа түсінгенін стикерге жазып,сиқырлы қорапқа салады.

Топ басшысы аты –жөні:-----------------------------------------------



Оқушының

аты-жөні


1- тапсырма

Үй тапсырмасы



2-тапсырма

Топтық жұмыстардың орындалуы



3-тапсырма

Шығармашылық тапсырмасы



Қорытынды бағасы
























































































Толықтай «2» ұпай

Жартылай «1» ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет