Өзіңізді тексеріңіз - берекеге ұйыған – тату, бірлігі, ынтымағы жарасқан
- еліміздің ертеңгі тірегі – еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететіндер
- жүрек қалауымен – көңілі қалаған, өзіне ұнаған іспен айналысу
2-тапсырма. - Дескриптор:
- мақалдың жалғасын табады;
- дұрыс сәйкестендіреді;
- еңбек туралы өз ойын айта алады
| | | | | | | | | | | - Егін екпей жерге өкпелеме
| - Еңбек етпей елге өкпелеме
| | | Өзіңізді тексеріңіз 3-тапсырма. «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбын басшылыққа ала отырып, берілген үзіндіден мәселенің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып, өз ойыңызды дәлелдеп шағын эссе (аргументативті) жазыңыз - ...Адамды алға жетелейтін - еңбек. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" - деп, Абай атамыз бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам ететін еңбек. Еңбексіз ертеңіңді көре алмайсың, елестету де мүмкін емес. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек еткен адам ғана бұл өмірде шексіз бақытқа, байлыққа кенеледі. Сондықтан, жастайымыздан еңбекке бейімделуіміз керек. Әке-шешемізге, үй шаруасына қолғабыс тигізгеніміз өзіміз үшін де пайдалы болар еді. Еңбекті жастайынан бойына сіңірген бала өскенде өз жұмысына адал, үнемі еңбек етуге дайын болады...
| - Мамандық – ертеңгі болашағың. Әркім мамандықты өзі таңдауы керек. Себебі мамандық таңдау - үлкен жауапкершілік, өмірге деген алғаш қадамың. Алға қадам басу үшін мақсат керек.
- Әрбір адамның биік мақсаты бар. Ол биік шыңға шығумен бірдей. Ал биік шыңға шығу оңай ма?..
- Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар, қалан»,-деген қасиетті сөзі алға ұмтылуда біздерге қанат бітіріп, мүмкіндіктерімізге жол ашады. Болашақтағы заманауи, табысты мамандық иесін көз алдыңа әкеледі...
| Дескриптор: - Дескриптор:
- - тақырыптан ауытқымайды;
- - дерек пен дәлелдерді ұтымды пайдаланады;
- - мамандықтардың артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады;
- - әдеби тіл нормаларын сақтайды;
- - өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі түрде жеткізеді
Бекіту сұрақтары: 1. Мамандық туралы ақпарат алдыңыз 2. Жаңа, болашақ мамандық түрлерімен таныстыңыз 3. Интонация компонентінің сақталуына мән бердіңіз 4. Мәтінді басшылыққа ала отырып, сұрақтарға жауап бердіңіз 5. Мақалдарды сәйкестендіріп, еңбек туралы өз ойыңызды айта білдіңіз 6. Өз ойыңызды дәлелдеп шағын эссе (аргументативті) жаза алдыңыз - Кәсіп,табыс, пайда. Осы мәселе бойынша бейне, аудиоматериалдар іздестіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |