Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы Сабақтың мақсаты



бет5/15
Дата04.07.2018
өлшемі1,3 Mb.
#47008
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Мақсаты: Білімділік: Киіз үй тарихынан және киіз үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру. Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын   молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:   топпен жұмыс.

Көрнекілігі:  Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке   бөлшектері:  шаңырақ, уық, кереге т.б.

  І. Кіріспе:

    Құрметті оқушылар, біздің  бүгінгі сабағымыз киіз үй туралы болмақ. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең басты  кереметі: көшіп жүруге ыңғайлы, әрі жеңіл. Оны тез жығып, тез  құрастырып тігіп алуға болады. Халқымыз киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптеген, өйткені ол – ұлтымыздың баспанасы, мәдениеті, шежірелі тарихы, әрі өткенін ұмыттырмас маңызды ескерткіші. Киіз үйде ата-бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таным-талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жинақталған. Бір ғана киіз үйден сәулет, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.

   Құрметті оқушылар, біз білеміз: киіз үйдің киіз бен ағаштан тұратынын. Бірақ оның түрлерінің қанша екенін білеміз бе? Ендеше сабағымызды да осыдан бастаймыз!

    ІІ.  Негізгі бөлім.   «Кім көп біледі?» 

     (Әр сұрақтың тұсында  ұпай сандары жазылып тұр. Сол арқылы қорытынды жасалынады. Әр дұрыс жауаптың ұпайы есептеліп отырады.)

   А) «Киіз үй атаулары»


  1. Абылайша, жолым үй, жаппа үй. (Уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер)  4 ұпай

  2. Қараша үй. (Қоңыр түсті, жыртық-тесік, ескі, кедей  үйі) 3 ұпай.

  3. Орда. (Еңселі, салтанатты киіз үй) 5 ұпай.

  4. Ақ шаңқан үй. (8 қанатты ақ орда, байлар, билер тұратын үй).  4 ұпай

         Ә)  «Киіз үйдің сүйектері қалай аталады?» 



Сүйегінің бөліктері

Құрамдас бөлшектерінің атауы

Ұпайы

1

Шаңырақ

Бақалақ, күлдіреуіш, қаламдық, табақ, тарам, тоғын

 


5 ұпай

2

Уық

Қалам, қары, иін, уық бау

 


4 ұпай

 


3

Кереге

Балашық, ерісі, желі, көк, қанат, сағанақ

 


4 ұпай

 


4

Сықырлауық

(Киіз үйдің әшекейлі сәнді есігі)



Босаға, жарма бет, маңдайша, табалдырық

 


3 ұпай

 


 

 

Б)  «Киіз үй жабдықтары қалай аталады?»  



1. Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяғын буып  байлайтын жіп.     4 ұпай.

2. Бақан. Киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзікиер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.     5 ұпай.

3. Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.    5 ұпай.

4. Түндік.  Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.  4 ұпай.

5. Үзік.  Уықтың үстіне жабылатын киіз.    3 ұпай.

      В)   «Киіз үй жиһаздары қалай аталады?»



1. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз. (Адалбақан)         5 ұпай.

2.  Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.            (Асадал)               4 ұпай.

3.  Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.                              (Жүкаяқ)              4 ұпай.

4.  Ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған үлкен сандық.   (Кебеже)            3 ұпай.

5.  Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан немесе металдан

                       жасалған үй жиһазы.                                                 (Сандық)            5 ұпай.

    ІІІ. Бағалау. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігі мен жауап парақшадағы ұпайларын есептеп       бағалаймын.

    ІҮ.  Қорытынды.

      Міне,  біз бүгінгі сабағымызда ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы пайдаланған киіз үй туралы білдік, әрі  біраз мағұламаттарға қанықтық. Киіз үйдің атауларынан бастап, құрылымы мен оның жабдықтары және жиһаздары жайында үйрендік. Ұлтымыздың сәулет өнері мен мәдениетінен хабардар болдық. Бұрынғы шеберлердің жасаған бұйымдарын да біліп, өзіміз куә болдық. Олай болса, біз де үйден қатырма қағаздан үй жиһаздарын жасап әкелейік.

Ү.  Үйге тапсырма: Қатырма қағаздан үй жиһаздарын (сандық, жүкаяқ, кебеже) жасап келу тапсырылады.

          (Үй жиһаздарының аттары жасырылып, топ мүшелеріне беріледі)



                         Берілген тапсырмалар: (Киіз үйдің суреттерін жекелеп көрсете отырып орындау )



Ә)  «Киіз үйдің сүйектері қалай аталады?» 

                    (Кестені толтыру)

11-сынып №13сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі (теория)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет