Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу Оқу мақсаты: 5.1.2.23. Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау; Сабақ мақсаттары: Білім алушы: *Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережесін түсінеді және біледі; *Есептер шығару барысында ережені қолданады
Жетістік критерийлері
Барлық оқушылар:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу ережелерін тұжырымдайды
Оқушылардың басым бөлігі:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу ережелерін пайдаланып есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу ережелерін пайдаланып өз бетінше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
«Өрмекші торы»
Оқушыларға психологиялық ахуал орнату мақсатында қолдану. Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Жіпті бір-біріне лақтыру арқылы
2)№602 тақтада дұрыс жауабы тұрады, топбасшы топтағы оқушыларды тексереді.
Қ. Мұғалім есептің дұрыс жауабына назар аударады, топтың мүшелеріне «Жұлдызша» таратылады.
Есеп (Проблемалық есеп )
Осы есеп арқылы, жаңа тақырыптың мазмұнын ашамын.
Т. Жұптас-топтас-бөліс әдісі арқылы әр топ оқулықтағы нұсқау бойынша есепті шығарады. Топта есепті талқылағаннан кейін, бірінші шығарған топ нәтижені оқиды. Дұрыс жауабы тақтада тұрады, қалған топтар өз жауаптарын салыстырады.
Т.«Біреуі үйде, қалғаны қонақта»
Жаңа тақырыпты түсіну мақсатында, әр топ оқулықтан есептер шығарып, талдайды. Әр топта 4 есептен шығарылып, бір біріне түсіндіруге, тексеруге барады, оқушылар ереже бойынша есеп шығаруға дағдыланады, түсініксіз болған сұрақтарға өздері жауап алуға тырысады
Дескриптор: Білім алушы
- жай бөлшектерді бөлу ережесін пайдаланады;
- жай бөлшектерді бөледі;
- аралас сандарды бөледі.
Қ. Тапсырма соңында оқушылар бір - бірін «От шашу» әдісі бойынша бағалайды.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Топтық жұмыс кезінде әр баланың деңгейі бойынша тапсырмаларды деңгейге бөліп беремін. АКТ қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артады. Оқушылар ережелерді тұжырымдау арқылы тілдік дағдылары дамиды.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылар бірін бірі топпен , жеке бағалайды. «Бас бармақ», «Бағалау ағашы» әдістерін қолдандым. Kahoot тест тапсырмасы арқылы оқушылардың білім деңгейі анықталды.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қозғалыс сергіту сәтінде қолданылады. Топқа бөлу кезінде қауіпсіздік ережесі ескерілді.