Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
5.1.2.16
жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең
уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын қадағалау. Оқушылардың бойында жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында, «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу.
Үй жұмысын жұптар бір бірін тексереді.
Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру, оқу мақсатын талдау
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар жүрек пішіндес ашық хатқа бір- біріне тілек жазады.
Бір бірінің үй жұмыстарын тексереді.
ҚБ. «Бас бармақ»
Ортасы
Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын оқушылармен талдау. Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, 3/7 бөлшегін бөлімі 14- ке тең бөлшекке түрлендірейік. Ол үшін 3/7 бөлшегінің алымын да, бөлімін де 2- ге көбейту керек, себебі 14: 7= 2. Сонда
3/7= 3*2/ 7*2 = 6/14
Мұндағы 2 саны – 3/7 бөлшегінің толықтауыш көбейткіші деп аталады.
Берілген бөлшектердің толықтауыш көбейткішін табу үшін, жаңа бөлімді сол бөлшектің алғашқы бөліміне бөлу керек.
Бөлшекті жаңа бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан толықтауыш көбейткіш деп аталады.
Есептеулерде толықтауыш көбейткіш сәйкес алымының үстіне жазылады.
Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады.
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін: Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ең кіші ортақ бөлімін табу керек;
Бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек;
Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.