Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата07.09.2020
өлшемі83,96 Kb.
#77566
түріСабақ
Байланысты:
Шарипова Р.С ҚМЖ 5 кл


«Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебі» КММ

 Сабақ:

   Пәні: Математика

Күні:

   Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова Р.С

 Сынып: 5 «А»

   Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары:


5.5.1.3 Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару.

5.5.1.4 Санның бөлігі және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару.



Сабақ мақсаттары:

   Барлығы: Жай бөлшектерге амалдар қолданады

   Көбі: Аралас сандарды қоса алады

   Кейбірі: Шартты есепті шығара алады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Жетістік критерийлері

   Жай бөлшектерге амалдар қолданып, оны шығарады.

Құндылықтарды дарыту

   Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсету

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар:

Сабақтың басы

5 минут

1. Психологиялық тренинг: Шаттық шеңберіне тұрып, А.Құнанбаевтың шығармаларын айту

2. Топқа бөлу: Талап Еңбек  Қанағат Рақым

І топқа: Талап – Еңбек; ІІ топқа: Қанағат – Рақым.



Шаттық шеңбері

Түрлі түсті геометриялық фигуралар



Үй тапсырмасын сұрау

10 минут



- Балалар сіздер әдебиет пәнінен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныссыздар. Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай бес асыл қасиеттер туралы айтады. Есімізге түсірейікші. (Оқушы жауаптары)

  - Өте жақсы балалар ендеше бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың осы өлеңімен байланысты болмақ.

Сабақ барысында әрбір кезеңге атау беріп, соңында алғашқы асыл қасиет жазылған сөзді аламыз. Ең бірінші кезеңіміз «ТАЛАП» деп аталады, бұл кезеңде сендер жай бөлшектер, олардың қасиеттерін білу және еске түсіру талап етіледі.

Әр топқа 5 тапсырмадан беріледі



№ 1 тапсырма

  1. 11 =

  2. және

  3. + =

  4. - =

  5. 6 + 2 =




Т

А

Л

А

П




<







Дескриптор:

  • Салыстырудың ережесін қолданады;

  • Ортақ бөлімге келтіреді;

  • Жай бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.

ҚБ: геометриялық фигуралар арқылы:


 Слайд 1
Есептің шешімінде жазылған әріптерді құрай отырып Талап деген сөз шығарады.

Сабақтың ортасы:
12 минут



Келесі кезең «ЕҢБЕК» де аталады, “Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жемі сөнбек, тек еңбекқана бар қиындықты жеңбек» деп Н.Ә. Назарбаев атамыз айтпақшы бұл бөлімде еңбектену арқылы сабақты игереміз.

2 тапсырма



Сәйкесін тап

1

*




55

Б

2

*



К

3

25 *



Ң

4

:



Е

5

: 4

2

Е

 Дескриптор:

  • Жай бөлшектерді көбейтудің ережесін қолданады;

  • Жай бөлшектерді бөлудің ережесін қолданады;

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Бұл кезең «ТЕРЕҢ  ОЙ».  Бұл кезеңде терең ойлану арқылы есептер шығару дағдыларынды қалыптастырамыз.



Топпен орындайды. Тақтаға шығарады.

І топ: Бірінші құбыр бассейнді 3 сағ-та, екінші құбыр 2 сағ-та толтырады. Екі құбыр арқылы бассейн қанша уақытта толды? (1 сағ)



ІІ топ: Ернар мен Әли бақшадан бір шелек қарақат терді. Ернар - 20 мин; Әли - 30 мин терді. Егер қарақатты бірлесіп неше минутта теріп болады? (12 мин)

Дескриптор:

 - есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

 - жұмыс өнімділігін анықтайды;

 - арифметикалық амалдар қолданады;

 - жауабын жазады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»


Слайд 2

Сәйкестендіру арқылы ЕҢБЕК деген сөз шығарады.


Слайд 3


Тапсырма жазылған қиынды қағаз



Сергіту сәті:

А.Құнанбаевтың 1-шумақ өлеңін айтады.

Хормен

Сабақты бекіту

7 минут

Сабақтың аяқталуы


Келесі кезеңіміз «ҚАНАҒАТ» деп аталады.

Сауда жасау

Апасы Назымды ұн мен қант әкелу үшін дүкенге жұмсады.Ақша не 8 кг қантқа,не 24 кг ұнға жетеді.




Ұн Қант

Сұрақ 1: Екеуінен бірдей мөлшерде алу үшін неше килограмнан алу керек ?

Жауабы: 1/8 +1/24_=4/24 = 1/6

1: 1/6 = 6 кг



Сұрақ 2: Ұн мен қанттың екеуінің қайсысы қымбат ? Неше есе қымбат ?

Жауабы: Қант қымбат, 24/8 = 3 есе

Сұрақ 3: Осы ақшаға ұнды 3 есе көп алу үшін қанша қант,қанша ұн алу керек ?

Жауабы:

а) 1 кг қант пен 3 кг ұнға ақшаның 1/8 + (1/24)*3 = 2/8 = 1/4

1: 1/4 = 4, ақша осы қатынаста 4 рет алуға жетеді.

- Барлық ақшаға 4 кг қант, 12 кг ұн алуға болады.

ә) Барлық ақшаға 4 кг қант, 12 кг ұн алуға болады.

Дескриптор:

- есептің мәтінін түсінеді;

- есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

 - арифметикалық амалдар қолданады;

 - жауабын жазады.



ҚБ: «Үш шапалақ»

Келесі кезең  «РАҚЫМ» деп алдым. Бұл кезеңде алған білімдерімізді қорытып, бекітеміз.



Топ бір – біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды

Логикалық тапсырма Математикалық сауаттылық есебі
Слайд 4
https://www.edulife.kz/lesson-plan/9852

Кеспе қағаздары




Қорытындылау

   Сонымен оқушылар сабақ ұнадыма, ұнаса несімен ұнады? Атамыздың бес асыл ісін математика сабағында да қайталадық. Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Олай болса, бізде бір бірімізден осындай нәрселер мен озатын болайық.

 

Кері байланыс

Түрлі түсті стикерлер арқылы.

   Түсіндім – жасыл


   Түсінбедім – қызыл
   Сұрағым бар – сарғылт

 Слайд 5

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Кейбір білім алушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді.Жылдам орындағандары қалғандарына көмектеседі.

  • Барлық білім алушының өзін толғандырған сұрақты талдап және түсінуге мүмкіндігі болады.

  • нақты оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау арқылы білім алушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

  • ҚБ: геометриялық фигуралар арқылы;

  • ҚБ: «Басбармақ»;

  • ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»;

  • ҚБ: «Үш шапалақ» бағалаулар арқылы өзін -өзі бағалау, өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып оны түзетуге бағыттау.



Сабақ барысында оқушылардың қауіпсіздігі қадағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет