Сабақтың тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем. Сабақтың мақсаты: а жай және құрмалас сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру



Дата28.01.2018
өлшемі28,33 Kb.
#34961
түріСабақ
Алекешова Жанаргул Бибитовна
Ақтөбе қаласы,

5 орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты: А) жай және құрмалас сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру,

сөздерден құралатынын меңгерту,өз беттерімен сөйлем құрай

білуге дағдыландыру.

Ә) оқушылардың таным белсенділігін арттыру,ойын,тілін дамыту.

Б)жан-жақтылыққа және бір-бірімен пікір алмаса білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, тест, әңгімелеу, ой қозғау.

Көрнекілігі:заттық суреттер, үлестірмелер, плакат,слайдтар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Ереже айту.

Тест тапсырмасын орындау.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А)Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем.

Ә) Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем.

Б)Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.

2.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

А)үтір Ә)нүкте Б)дефис

3.Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру үшін сөйлемге қай мүшені қосамыз?

А) тұрлаулы Ә)тұрлаусыз Б)сөйлем мүшелер

3.Жаңа сабақ

Ассоцияция стратегиясы.


Құрмалас сөйлем

Көркем жазу.

Кк

Күз келіп,күн суыта бастады.



Оқулықпен жұмыс.

20-жаттығу. «Сәйкестендіру тесті»

Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

Қыс түсті. Меруерт күтіп тұр екен.

Күн батты. Өзен суы қатты.

Қарлыға аялдамаға келді. Аспанда жұлдыздар шықты.

Ойын «Үстел үстіндегі карта »

Оқушыларға әр түрлі жеміс жидектердің суреттері таратылды.Әр оқушы құрмалас сөйлем құруы керек.Мысалы: Күз келіп, алмалар пісті. Алмұрттар пісіп, жерге түсті.т.б.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға-солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

«Суретті жұмбақ » ойыны . Күз мезгілі суретінің артында тапсырмалар берілген және суреттің

қиындыларын құрастыру қажет

22-жаттығу (ауызша) Құрмалас сөйлем екенін дәлелде.

Лезде күн бұлттанып,сәлден соң жаңбыр жауа бастады.-құрмалас сөйлем, өйткені ол екі жай сөйлемнен тұрады.Аспанды бұлт қаптады да,кеш ерте түсті.Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен.Шолпан орысша сұрап еді, Таня қазақша жауап берді. Көп сөз -көмір де, аз сөзалтын.

21-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз.

5.Бекіту кезеңі.

Үлестірме қағаздарымен жұмыс.

№1

Екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр



Мұрат есебін шығара алмай басы қатып отырған.Сол сәтте ойына Самат түсті.

№2

Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдыр.



Біз оянып далаға шыққанда,Сәкен есіктің алдында жүреді.

№3

Таңертең ерте оянып , далаға шықтым.



№4

Құрмалас сөйлем екенін дәлелде.

Есен жылдам басып,есікке келді.

№5

Арман ата-анасы жұмысқа кеткенде үйде жалғыз қалатын.Көршілестұратын Кенжебек екеуі сіріңке жағып ойнапты.Қолы күйіп бара жатқан соң,Арман сіріңкені жерге тастай салды.



6.Үйге тапсырма беру.

7.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет