Сабақтың тақырыбы: Жайлауда. Бас әріппен жазылатын сөздер. Сабақтың мақсаты



Дата05.01.2017
өлшемі35,57 Kb.
#6430
түріСабақ
Бекітемін:

Жалтыр№ 4ОМ директоры

А.Башимова

________________________

«____» _______________2015 ж


Ана тілі
«ЖАЙЛАУДА»


1 сынып

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

А.К. Мажитова
2015 жыл

Ана тілі 1 сынып 20.04. 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жайлауда. Бас әріппен жазылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларды жер –су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыра отырып, олардың оқу сапасын, таным аясын арттыру;

  2. Логикалық ойлауы мен сөйлеуін дамыту;

  3. Табиғатқа ізгілік қарым-қатынас тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Релаксация

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып.

Гүл өссін деп  тілейік
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Бас әріппен жазылған сөздерді тақтаға алдын ала жүйесіз қыстырып қоямын. Осы сөздердің ішінен кісінің аты- жөнін бірінші жолға, жер-су атауын екінші жолға, үй жаңуарлары мен хайуанаттарының аттарын үшінші жолға орналастыру тапсырылады.

Орналған тапсырма бойынша топқа бөлемін.

1-топ: Кісінің аты-жөні.

2-топ: Жер-су атауы.

3-топ: Үй жануарлары мен хайуанаттарының аттары.

ІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.


  1. Дәптермен жұмыс.

24 сәуір

Көркем жазу: ...........................................................................................................

  1. Оқулықпен жұмыс.

228-жаттығу.

  1. Кіріспе әңгіме. Жайлау бейнеленген сурет бойынша оқушылармен әңгіме жүргізілу.

  2. Менің оқуым.

  3. Оқушылардың оқуы

  4. Мәтін мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Әңгіме не жайында?

  • Қандай жайлаулар бар?

  • Адамдар жайлауда қандай іс істейді?

  • Таулы жайлауда қандай жемістер өседі?

  • Мәтіндегі берілген жайлаудың аттары қандай әріппен жазылған?

(«Бас әріппен жазылатын сөздер» ережені еске түсіру)

229-жаттығуды дәптерге орындау.

Тапсырмасы: сөйлемдерді көшіріп жаз, жер-су аттарын ата.

Сәуле Астанада тұрады. Ол демалыста Алматыға барды. Алматының әсем көшелері өте ұнады. Абай, Абылай хан, әл-Фараби даңғылдарын тамашалады. Ағасымен Медеу мұзайдынына барды.



СЕРГІТУ СӘТІ


  1. Білімді тиянақтау. Тапсырмалар: тақтада берілген әріптерден (А, Қ, Ж) басталатын жер-су атауларын жазу тапсырылады. жарыс түрінде ұйымдастыру.

ІІІ.Рефлексиялық-бағалай кезеңі.

230-жаттығудағы жұмбақтар шешіліп, ел атауларының бас әріппен жазылатыны оқушылармен бірге бекітіледі.
Аралайық әлемді,

Берем дерек, дәлелді.

Табындаршы өздерің

Жұмбақтадым қай елді?


Айтындаршы ал енді,

Тундрасы бар елді. (Ресей)


Мұнараны ең алып,

Алған қайсы ел салып. (Франция)


Базары көп, тола адам,

Ала тақия,

Ала шапан. (Өзбекістан)
Айтыңдаршы, ал енді,

Шай мен пілді бар елді. (Үндістан)



Ескен Елубаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет