«Не? Қайда? Қашан? Идеяларды тоғыстыру
Шарты: Мұғалім сұрақтар дайындайды. Сынып топтарға бөлінеді.Әр команда тақырыптың негізін құрайтын проблемалық сұрақ алады. Команда спикері әрбір ойыншының жұмысын қадағалайды. Кез келген команда ойыншысы басқа топқа берілген проблемалық сұраққа жауап бере алады. Әр топтың дайындалып үлгеруіне қарай командалар тындалады. Жүргізуші жауапты бағалай отырып, кестеге белгілейді. Жүргізушіге проблемалық сұрақты талқылауға 5 минут беріледі. Команданың жауап беру уақыты шектеулі.