Сабақтың тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты



бет3/11
Дата21.07.2017
өлшемі1,6 Mb.
#21647
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өсімдік нешеге бөлінеді? /ағаш. бұта, шөп/

Бөлме өсімдіктерінің адамға пайдасы туралы айт. /бөлмедегі лас көмірқышқыл газын сорап алып, таза ауа оттегіні бөліп шығарады. Адамның көңіл –күйін көтереді./

Тамыры тереңге кетіп өсетін өсімдікті ата /жантақ/

Таңқурайдың сабағы қандай? /тік, қатты/



ІV .Жаңа сабақ

1.Кіріспе әңгіме

Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі соңында сабағы өседі.

Жапырақтың сыртқы құрылысы:



Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген бөлігі-тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақтар дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақ жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалу қызметтерін атқарады. Сабақтан саға арқылы қоректік заттар жапыраққа өтеді.


Өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады. (Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған т. б). көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет