Жаңа білім мен тәжірибені қолдану «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Галлерияда ой шарлау тапсырмасын орында үшін бірінші берілген мәтінмен танысып алады.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Ойлан. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар көлеңкенің пішіні жарық көзінің орналасуына байланысты болатынын біледі. Егер мүмкіндік болса, терезеден ағаштардың көлеңкелеріне қараңыз, ондай мүмкіндік болмаса, оқулықтың су-
ретін пайдаланыңыз. Оқушылардан сұраңыз: «Бір тәулік ішінде ағаштардың көлеңкелері бірнеше рет өзгеретінін байқадыңдар ма? Неліктен солай болады?» Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Егер олар жауап беруге қиналса, дайын мүсіндердің біреуін алуды ұсынып, оған шаммен әр қырынан жарық түсіріңіз. Көлеңке қозғалатын және өзгеретін болады. Көлеңкенің кескіні жарық көзінің орналасуына байланысты өзгеретінін түсіндіріңіз.