ІІІ.Жаңа сабақ.1-жағдай. Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдында «+»таңбасы болса.
Мысалы: 7+(-9а+4в-с)=7-9а+4в-с
Жақша алдында «+»таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
а+(-в+с-d)=а-в+с-d
2-жағдай. Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдында «-» таңбасы болса.
Мысалы: 4,6-(2а-3в+7с)=4,6-2а+3в-7с
Жақша алдында «-»таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.
а-(в-с+d)=а-в+с-d
Әріп бөліктері бірдей, тек қана коэффициенттері әр түрлі қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып,алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мысалдар: 2,3 - 7,2а + 3,8а - 4а = (2,3-7,2+3,8-4)а = -5,1а
2,5х - 3у + 1,2z + 7х - 5z + 1,8у = 9,5х - 1,2у - 3,8z
ІV.Жаңа сабақты бекіту.
Өтілген материалдарды бекіту, пысықтау сұрақтары:
1.Жақша алдында «+»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
2. Жақша алдында «-»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
3.Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?
4.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?
Әрбір ракетаны өз орнына қондыр (интерактивті тақтамен орындайды)
Достарыңызбен бөлісу: |