Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
I.Проблеманы айқындау кезеңі:
Топтарға бөліну және ой сергек
(2мин)
Жұмбақ шешу арқылы
жаңа тақырыпқа бағытталу
(3мин)
Білу
|
Түрлі қағаздағы конфеттер таратады,олардың қағаздарына қарай отырып,топ алмасады
Топ ережесін құруға ұсыныс беру:
|
Оқушылар тәттілердің қағаз түстеріне қарап, топқа бөлінеді
Оқушылар топта бірлесіп ынтымақтасқан топ ережесін құрады,өз ережелерін флипчартқа жазып сыныпқа іліп қояды
|
|
Ой қозғау;Жұмбақты шеш:
1.Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса,өзіне шыр байланар.
2.Сөзі-дана,үні жоқ,сөйлемейді тілі жоқ;
Қолыңа алсаң -шешен,ақылы асқан көсем;
3.Тоқыған ауы,Шыбынның жауы.
Жұмбақтың шешімі ұршық, өрмек,кітап туралы білетіндерін ортаға салады,мағынансын ашу)
|
Оқушылар жұмбақты топта талқылап,бірлесіп шешіп, қызыл бояумен ерекшеленген сөзді дауыстап оқып,мағынасын түсіндіреді;өз ойларын ортаға салады;
|
Бағдаршам арқылы бағалау
|
II.
"Проблеманы шешу" кезеңі:
Түсіну
(10 мин)
|
Тапсырма. Оқулықпен жұмыс.Мақсат қойып, мәтінді оқу.(10 минут)
Мұғалім оқулықтағы мәтінді екіге бөліп өздігімен оқып, оқығандарын топ ішінде талқылауын,түсініп оқу жұмысын тапсырады
|
Мәтінді өздігінен оқу тәсілі:
1) Жеке жұмыс
Оқушылар берілген мәтінне топ ішінде бірінші абзацты оқиды.
2) Топтық жұмыс
Оқушылар топ ішінде оқығандарын талқылау сұрақтарын қояды,білгендерін ортаға салады
әр топтан бір оқушы оқығандығы туралы ойларын ортаға салады,қалғандары толықтырады
|
Топпен бағалау
|
III.
"Проблема шешімін қолдану" кезеңі:
Қолдану
"Бірлескен зерттеу"тәсілі
Сергіту сәті
(2мин)
Ой сергек
|
3-тапсырма.
Оқушыларға"Адамның жақсы өмір сүруі үшін еңбек пен білімнің пайдасы қандай? деген сұраққа "бірлескен зерттеу"тәсілі бойынша жауап беруі тапсырылады
Мәтінге сүйеніп , алған білімді қолданып көрейік,сурет бойынша зерттеу ұйымдастырайық:
-Суреттер ненің белгісі ретінде алынған?Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбектену адамға не үшін қажет?
-Білімнің адам өміріндегі маңыздылығы қандай?
|
Топ ішінде ұршық,өрмек, кітаптың не үшін қажет екендігін,олардың пайдасын талқылайды, оқушылар өз ойларын маркерлермен плакаттарға жазады;
-Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, суреттерін,ой түйіндерін жазады;
Плакаттарын қабырғаға іліп қойып,әр топтан бір спикер кезекпен өз жұмыстарын қорғайды
|
Өзара бағалау
Смайл арқылы бағалау
|
Талдау
(10мин)
|
4-тапсырма:
Мәтін бойынша алған білімді талдау,айтылған ойды әрі қарай дамыту;
1-топ:Сызба бойынша еңбек пен білімді сипатта
Осы күн көздерін қандай түспен бояр едің? Неліктен?
2-топ:
Сызбаны толтыр:
3-топ:
Мәтіннен бірнеше бөлмелі үй сипатталған жолдарды тауып оқы.Құрылыс маманы ретінде осы үйдің сызба -жобасын қағазға түсір
4-топ:
Ойыңды қорытып,сызбаны толықтыр:
Бұл құмырсқаның неліктен "жақсылардың жақсысы" аталатынын дәлелде
|
еңбек
білім
Оқушылар алдымен топ ішінде мәселені талқылап,үйдің сызба-жобасы қалай жасалатыны туралы өз ойларын ортаға салады
Жеке өз бетімен құмырсқа сызбасын толтырады,содан соң топ ішінде ойларын ортаға салып,бірлесіп,дәлелдемелер жасайды,қорғайды
|
Жинақтау
(5мин)
|
5-тапсырма:
«Әңгіме кестесі» стратегиясы
1. Ертегінің тақырыбы:
2. Авторы:
3. Оқиға орны:
4. Кейіпкерлері:
5. Ертегінің соңында не болды?
6. Мазмұнының идеясы:
-Қандай балаларды жақсы бала деп айтуға болады?
-Жақсылардың жақсысы болу қиын ба?
-Сен солардың қатарына жатасың ба? Неліктен?
|
1.Жақсылардың жақсысы
2.Ран Босилек- болгар жазушысы
3.Әсем бау-бақшалы зәулім үй
4.Әкесі,кішкентай қыз;
5.Әкесі қызына ұршық,өрмек,кітаптың жақсылардың жақсысы екенін түсіндірді
6.Ерінбей еңбек ету мақсат пен арманыңа жеткізеді,білімге жол сілтейді,ал білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің
|
Өзара бағалау
Формативті бағалау
|
Бағалау
(3мин)
|
6-тапсырма:
Мақалдың жалғасын тап, мағынасын ашу.
Өмірмен байланыстырып,мысал келтіру.
Бүгінгі сабақ барысында білімдеріне өз бағаларын беру.
Үйге тапсырма
|
Мәтінге сәйкес "Білім мен еңбек-бәрін жеңбек" шығарма жазу
|
Крите-рий арқылы бағалау
формативті және жиынтық бағалау
|
Кері байланыс
(1мин)
|
-Сабақ ұнады ма?
-Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсыздар ма?
-Бұл тақырыпты үйде қалайша талдайсыздар?
-Бүгінгі үйренгендеріңізді кішкене-іні қарындастарыңызға үйретесіздер ме?
|
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді,өз ойларын еркін баяндайды
|
Өзін-өзі бағалау
|
Рефлексия
(1мин)
|
"Жаным толған жақсылық"
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.
|
Сабақтан алған әсерлерімен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
|
|
|
Өзіңді тексер!
|
1
|
Жұмбақты шеше білдім
|
|
2
|
Топта жақсылардың жақсысына дәлелдеме жасадым
|
|
3
|
Топта белсенділік таныттым
|
|
4
|
Ертегіні талдап ,түсіндім,оқушыларға сұрақ қоя білдім
|
|
5
|
Жеке жұмыста ертегіні өз бетіммен түсініп оқыдым
|
|
6
|
Топ ішінде тәртіп сақтадым
|
|
7
|
Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттап,талдай білдім
|
|
8
|
Бірлескен зерттеу жұмысында өз идеяларымды қоса білдім
|
|
9
|
Топта шығармашылық жұмыста ойымды толық жеткізе алдым:
|
|
1-топ
|
еңбек пен білімді сипаттай білдім
|
|
2-топ
|
жақсылардың жақсысы сызбаны өз ойыммен толтырдым
|
|
3-топ
|
құрылыс маманы ретінде үй сызба-жлбасын жасадым
|
|
4-топ
|
құмырсқаның сызбасын сызып, неліктен "жақсылардың жақсысы" аталатынын дәлелдедім
|
|
10
|
Топта жуапкершілік таныттым
|
|
11
|
Жалпы балы
|
|
|
Бағасы
|
|