Сабақтың тақырыбы: Жазғы ауа райы Сабақтың міндеттері



Дата27.12.2016
өлшемі49,34 Kb.
#6063
түріСабақ
Нұрова М.Қ.

Астана қаласы

22 мектеп-гимназиясының



қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жазғы ауа райы

Сабақтың міндеттері: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту. Слайд бойынша суреттердің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Тіл мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаз мезгілі, жазғы еңбек жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сөздік жұмысы, суретпен жұмыс



Сабақтың түрі: Аралас сабақ, түрлі технологиялардың элементтерін қолдану

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, ватман қағазы, түрлі-түсті фломастер.

Пәнаралық байланыс: География, биология, орыс тілі

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі



  • Сәлемдесу, түгендеу, кезекшімен сұхбат

2. Үй тапсырмасын тексеру

-Жайлауда не істейсіңдер?

-Онда кімдер тұрады?

-Үстеу туралы мәлімет беріңдер

3. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

-Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?

-Қазір қандай мезгіл?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Оқылым. Мәтінді оқыңдар, түртіп алу әдісін колдану (өздеріңе бейтаныс сөздерді)

Мәтін «Жаз»

Жаз өте ыстық жыл мезгілі, жаз айлары-маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жеміс-жидектер піседі. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Көбінесе балалардың ата-аналары да жазда кезекті демалысқа шығады.

Жазда балалар суға шомылады, күнге қыздырынады, күнге күйеді. Балық аулайды. Орман тоғайларға барып жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді тереді. Балалар және үлкендер жазды өте жақсы көреді.

Айтылым. Сөздік жұмысы:

Кезекті демалыс-очередной отпуск

Жеміс-жидек-овощи-фрукты

Күнге күйеді-загорают

Саңырауқұлақ-грибы

Кемпірқосақ-радуга

Құлпынай-клубника

Қарақат-смородина

а) Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару

ә) Дұрыс айтуға дағдылану

-мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, -оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды, -тізбектеп оқиды

б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңдар

в) Сөйлемдер құрау

г) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу

Ал енді балалар сендерге үйге берілген тапсырмаларды тыңдап көрейік. (жобалау технологиясы бойынша)






Тақырыбы

Тапсырма

Дайындық түрі

1 топ

Жазда

Жаз туралы мәліметтер

Слайд, жоба әңгіме

2 топ

Жазғы еңбек

Жазғы еңбектер

(егінде, бақта)



Слайд, жоба әңгіме

3 топ

Жазғы табиғат

Жазғы табиғат

Өсімдіктер әлемі



Слайд, жоба әңгіме

4. 1-топ «Жазда» өздерінің дайындап келген мәліметтерімен таныстырады.

2-топ «Жазғы еңбек»

3-топ «Жазғы табиғат» ( әр топқа уақыт 4 минут)

-Жарайсыңдар, сіздерге көп рахмет. Бізге көп мағлұмат бердіңдер.

5. Оқулықпен жұмыс: 3 тапсырма шарты бойынша орындалады.

Тапсырма(кеспе кағазда тапсырмалар, семантикалық карта)

Тапсырма : 1топ 1) Үстеу дегеніміз не ережесін айтыңдар?

2) «Жазғы демалыс» монолог құрастыру.

2 топ 1) Етістіктің қанша райы бар?

2) «Жазғы еңбек» диалог құрастыру.

3топ 1) Етістіктің қанша шағы бар?

2) « Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды» мәтелін

талдаңдар.

6. Тақтамен жұмыс: Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау,көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Біз демалыста..... аясында демалдық. (табиғат, жаңбыр)

Таудың....таза. ( гүлі, ауасы)

Бұлақтан.....іштік. ( су,жаңбыр)

Жазда күн........ (қысқа, ұзақ) болады.

Ең ыстық жыл мезгілі.... (күз, жаз).

Жазда ........ (қар, жаңбыр) жауады.

Өткенше жаңбыр болғаннан соң, аспанда.... (тұман, кемпірқосақ)пайда болады.

Балалар жазда.... (шана тебеді, суға шомылады).

Жазда ...... (көктемгі демалыс, жазғы демалыс) болады.

Бізге жаз мезгілі..... (ұнайды, ұнамайды).

7. Қорытындылау: Балалар біздің мектепте 5 тоқсан еңбек тоқсаны деп аталады, біз ол жерде не істейміз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Рефлексия кластер толтыру: (ватман қағазында түрлі-түсті фломастерлер) әр топ өздерінің кластерлерін жазады, (уақыт 2минут) уақыт болған соң әр топтың оқушысы шығып кластерлерін көрсетеді,айтып береді.

8. Бағалау

9. Үйге тапсырма: 162 бет 1 тапсырма мәтін мазмұзмұны.

«Жазғы еңбек» эссе жазу.



Мәтін «Жаз»

Жаз өте ыстық жыл мезгілі, жаз айлары-маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жеміс-жидектер піседі. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Көбінесе балалардың ата-аналары да жазда кезекті демалысқа шығады.



Жазда балалар суға шомылады, күнге қыздырынады, күнге күйеді. Балық аулайды. Орман тоғайларға барып жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді тереді. Балалар және үлкендер жазды өте жақсы көреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет