Жалпы мақсаты
|
Өлеңдерді және мәтінді өмірмен байланыстыра отырып негізгі ойды анықтап, идеяны түсінуге талпынады. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы ұшқыр ойлауға, еркін сөйлеуге, жауапкершілікке дағдыланады.
Сөйлемді қайталай отырып ойларын жинақтау және сауатты, көркем жазуға үйрету.
|
Қызығушылығын ояту
1-әрекет
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу
Балалар, қазір алдарыңдағы қағазға, әрқайсысың бойларыңдағы жаман қылықтарыңды, жағымсыз қасиеттеріңді жазып, қобдишаға салып қоямыз.( мыс еріншектік, жалқаулық, т.б.) Бойымыздан осындай жаман қылықтан арылып, жақсы көңілмен жаңа сабақты бастаймыз.
|
*Оқушылар қолдарындағы қағазға өздерінің жағымсыз мінез – құлықтарын қорапқа жазып салады.
|
2-әрекет.
Бүгінгі сабақта оқушылар бір-бірін бағалайтынын ескерту .
3-әрекет.
Өткен сабақты бекіту мақсатында оқушыларға өлеңдерді мәнерлеп оқуға берілген болатын. Сол бойынша топтарды жарыстыру. 193-жаттығуды орындау.
4-әрекет Топқа бөлу
Оқушылар шеңбер боп тұрған жерінен «5» -тік санау жүйесімен саналып, 5 топқа бөлінеді.
Әр топтың сайланған жаңа спикері қораптан топтың аты жазылған қағаз алады.
5-әрекет «Болжау» стратегиясы
Ой түрткі тастау
Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Ребус шешу
6-әрекет
Өлеңді оқу;
Сөздік жұмыс жүргізу.
Мағынаны тану
7-әрекет (Көмекші құрал: топтарға оқулықтан басқа да қосымша деректер мен суреттер таратылады.)
1.«Білімділер» тобы –«Жазғы шілде» өлеңін мәнерлеп оқу.
2.«Алғырлар» тобы- «Жаз келді» өлеңін тақтаға жазып, жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
3.«Таланттылар» тобы –196-жаттығуды орындайды, Кісі аттарын алфавит ретімен жазу.
4.«Ақылдылар» тобы –199-жаттығуды орындайды. Сөздерді көшіріп жазып, оларға сұрақ қойыңдар.
5.«Шығармашыл» тобы-Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар.
8-әрекет. Кім, жылдам? Дәптермен жұмыс.
194-жаттығу.
ірі-.. әлді-...
жылы-... жақсы-...
қою-... оң-...
Ой толғаныс
9-әрекет
5-топқа тапсырма бірдей беріледі.
«Жайлау» мәтіні бойынша тапсырмалар беріледі.
10-әрекет. Бағалау.
Топта оқушылар бір-бірін бағалайды.
11-әрекет. (2 минут) (1 модуль)
Рефлексия кезеңі:
|
Топ болып алдыңғы сабақ бойынша топтар өлеңді жатқа айтады.
Мәнерлеп оқыған оқушылар бағаланады.
Сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді жазу.
Сөйлемдері түсінікті болса тақтаға жазылып, бағаланады.
Оқушыларға ой тастай отырып, төмендегі топ атауларын шығару;
1-топ: «Білімділер»
2-топ: «Алғырлар»
3-топ: «Таланттылар»
4-топ: «Ақылдылар»
5-топ «Шығармашылдар»
Оқушылар бөлінген топтың атауына қарап, болжап бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Оқушылар ребусті шешкен кезде бүгінгі тақырып шығады.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту;
Алғыр оқушылардың көмегімен сөздік жұмыс жасалады.
Әр оқушы дәптеріне жазу арқылы жеке жұмыс жасайды;
Жұппен талдап өзара ой бөліседі;
Топта берілген тапсырмаға байланысты флипчартқа сызбалар немесе суреттер салу арқылы ең үздік сызба жұмыстар қорғалады.
Не?
Қайда? сайрайды.
Қашан?
Әр сөздің тұсына қарсы мәндес сөз тауып, көшіріп жазыңдар.
Топта тыңдалып, флипчартқа түсіріледі.
Әркім өзінің қасындағы отырған оқушының бағасын қойып, себебін түсіндіреді.
Оқушылар парақшаны алып, бүгінгі сабақтан не ұнады, нені түсінбеді соны жазады.
|