Сабақтың тақырыбы: Желілік маркетинг Сабақтың мақсаттары: Білімділік: кәсіптік бағдарлы мәтіндермен жұмыс жасауға үйрету



Дата26.08.2020
өлшемі20,49 Kb.
#76955
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары Желілік маркетинг


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ № 24 (МАРК-19)

Сабақтың тақырыбы: Желілік маркетинг



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: кәсіптік бағдарлы мәтіндермен жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз мамандығына деген құрметті тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қашықтықтан оқыту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өткізу формасы: жеке жұмыс.

Сабақтың әдістері: аударма, термин-сөздік жасау.

Пәнаралық байланысы: арнайы пәндер

Материалдық-техникалық жабдықталуы: компьютер

Әдістемелік және оқыту әдебиеті: Интернет ресурстары.
САБАҚ БАРЫСЫ



Сабақ кезеңдері

Уақыт

1.

Жаңа материалды меңгеру.







Тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.

Желілік маркетинг

Желілік маркетинг дегеніміз — белгілі бір тауар және қызмет түрін тәуелсіз дистрибьюторлар (сатушы агенттер ) желісі арқылы тұтынушыға жеткізу. Тұтынушылардың әрқайсысы тауарды сатуға және өзіне құқықтары бірдей серіктес тартуға мүдделі. Желінің әрбір қатысушысының табысы олар шақырған агенттердің тауар сату көлемінен, өздерінің жасаған сауда көлемінен және қосымша сыйақыдан (бонус) құралады.


Желілік маркетинг бөлшек сауданың, жекелеген сату түрлерінің ерекше түрі. Мұнда өндіруші компанияның дистрибьюторлары (сауда агенттері) тұтынушылармен тікелей байланысты өз бетінше орнатады. Сатылым үйде де офистерде де бола береді. Нақты бір өнімді сатумен бірге дистрибьютор тұтынушыға жаңа тұтынушы тауып оның сауда көлемінен бекітілген пайыздық үлес алып отыруына ұсыныс жасайды. Осындай ұсыныс пен шартты негізге алып тұрақты тұтынушы жаңа тұтынушы шақырып, ол тағы да басқа тұтынушыларды тартып, осылайша тұтынушы-сатушыдан құралатын көпдеңгейлі желі пайда болады. Тұтынушы-сатушыны әр компанияда әртүрлі атайды, олар — серіктестер, тәуелсіз дистрибьюторлар, бизнес-делдалдар, кеңесшілер, тәуелсіз агенттер.
Қазірі кезде 4000 мыңнан аса компания әлемнің 125 елінде жұмыс істейді. Әлемдік желілік бизнестің жылдық тауарайналымы шамамен 150-300млрд долл. құрайды. Бұл компанияларда 100 миллионнан аса адамдар жұмыс істейді. Әлемдік ірі компаниялардың алдыңғы қатардағы жетілігі мыналар:
1. «Shaklee» — 1957 ж. ашылған, 53 жыл жұмыс жасап жатыр.
2. «GNLD», 1958 ж. – 57 жыл. 
3. «Amway», 1959 ж. — 56 жыл. 
4. «Pre-Paid Legal», 1972 ж. — 43 жыл. 
5. «Nature's Sunshine», 1972 ж.— 43 жыл. 
6. «Nikken», 1975 жылы — 40 жыл. 
7. «Forever Living», 1978 жылы — 37 жыл.
Желілік маркетингтің стратегиясын Coca — Cola, Colgate, Gilette, Visa, Lipton, Ford, Canon, Sharp, Xerox сияқты компаниялары да қолданған. 
Желілік маркетингтің негізін қалаған Карл Ренборг деген американдық. Химия ғылымының докторы өзінің өнімдерін жасағаннан кейін оны сату жолдарын қарастырады. Ол өз достарына және туыстарына өзінің өнімін ұсына отырып «достарыңзға бұл өнімді ұсыныңыздар, олар өнімді сатып алғаннан кейін сол табыстан сіздерге комиссиялық ақша төлеймін» дейді. Бұл жүйені ол «ұсыну маркетингі» деп атайды. Кейіннен бұл «көпдеңгейлі маркетинг», «желілік маркетинг» деп айтылып кетті. 
І.Сұрақтарға жауап беру.

1. Желілік маркетинг дегеніміз не?

2. Қатысушының табысы неден құралады?

3. Дистрибьютор тұтынушыға қандай ұсыныс жасайды?


4. Тұтынушы-сатушыны қалай атайды?

5. Қазірі кезде әлемде қанша компания жұмыс істейді?

6. Әлемдік желілік бизнестің жылдық тауарайналымы шамамен қанша долл. құрайды?

7. Бұл компанияларда қанша адам жұмыс істейді?

8. Желілік маркетингтің стратегиясын қандай компаниялары да қолданған?

9. Желілік маркетингтің негізін қалаған кім?

10. Кейіннен бұл жүйе қалай айтылып кетті?

ІІ.15 термин-сөздік жасау.

10 тест-сұрақтар жасау. Мысалы :

1. Мына сөздің қазақша аудармасын табу: сетевой маркетинг

а) көпдеңгейлі маркетинг

в) ұ сыну маркетинг

с) желілік маркетинг

d)әлемдік маркетинг

е)қолайлы маркетинг
2. Мына сөздің орысша аудармасын табу: тұтынушы

а) потребитель

в) дистрибьютор

с) маркетолог

d) производитель

е) посредник



и т.д.













3.

Үй тапсырмасы







Мәтінді оқу, аудару.

Сұрақтарға жауап беру.

Мәтін бойынша 15 термин-сөздік жасау,

10 тест-сұрақтар жасау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет