3минут
|
Басы
|
Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.
Сабақ мақсатын жариялау үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады.
«Сұрақ- жауап» әдісі
-Жердің қандай қабықтарын білесің?
-Биосфераға не кіреді?
-Гидросфераны не құрайды?
-Литосфера қабығы неден тұрады?
Видео, интернет-ресурстарға, оқулық беттеріне сілтемелер
Бүгін біз жер ғаламшары қандай болатынын туралы анықтауды үйренетін боламыз
|
Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады.
|
Мадақтау
|
Оқулық
https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-halamshary/lesson/zherding-magnit-orisi
|
|
25
минут
|
Ортасы
|
Caбaққa бaйлaныcты дepeктi мaтepиaл
Жер ғаламшарының ауданы – 510 млн. км 2 . Ол мате-риктер мен мұхиттарға бөлінген. Материктердің ауданы –149 млн. км 2 , ал мұхиттардың ауданы – 361 млн. км 2 .Материктер солтүстік және оңтүстік жартышарлардаорналасқан. Солтүстікте Еуразия, Солтүстік Америка
материктері, ал оңтүстікте Африка, Оңтүстік Америка,Аустралия, Антарктида материктері бар.
Әр материктің өз атауларының шығу тарихы бар. Еуразия ежелгі финикия халқының «эpeб» – бaтыc, «acу» –шығыc дeгeн cөздepiнен шыққан Eуpoпa жәнe Aзия дегенатаулардың бірігуінен пайда болған. Еуразия материгін көбінесе «Ескі дүние» деп те атайды.Америка атау саяхатшы Америго Веспуччидің құрметіне берілген. Ол Американы алғаш ашқан Х. Колумбтың қателігін түзетіп (ол материкті Үндістан деп ойлаған),жаңа материк екенін дәлелдеген. Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка материктерін «Жаңа дүние»деп атайды.Африка деген атау жергілікті «афригия» тайпаларының атынан алынған. Ал Аустралия сөзі латын тілінен
аударғанда «Оңтүстік» деген мағына береді. Арктика сөзі «солтүстік, қар, суық» деген мағына береді. Ал Антарктика және Антарктида Арктикаға қарама-қарсы деген мағына береді. Материктер бір-бірінен бұғаздар,каналдар арқылы бөлінеді. Жер бетіндегі құрлықтарды материктерден бөлек, дүние бөліктеріне де бөледі. Еуропа, Азия, Америка, Африка, Аустралия, Антарктида деген дүние бөліктері бар.Әлемдегі мұхиттардың аудандары төмендегідей: Тынық – 180 млн. км 2 , Атлант – 92 млн. км 2 Үнді – 78 млн. км 2 ,Солтүстік Мұзды мұхит – 14 млн. км 2
Модель жаса
Әр жұпқа модельдің көмегімен Жер бетіндегі материктер мен мұхиттар қалай орналсақанын бейнеле деген тапсырма беріледі,
|