Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді? Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары



Дата13.02.2017
өлшемі95,42 Kb.
#9270
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: жаратылыстану

Мектеп: «Шолаққорған» жалпы орта мектебі


Күні: 26.10.2016ж

Мұғалім: М. Жанекеева


Сынып: 1 «В»

Қатысқаны:


Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіру



Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Жабайы және үй жануарларын ажырата алады

Көптеген оқушылар:

Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай өзгерістер жайлы әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіре алады



Тілдік мақсат

Оқушылар: Аң – құстар, жануарлар атауын дұрыс атай алады.

Пәндік лексика және терменология:



Жануарлар – животные – animals (энималс)

Құстар – птицы – birds (бөдс)

ұйқы – сон - sleep (слип)

Жазба жұмысына қажетті пайдалы тіркестердің топтамасы.

Талқылау:

Үй жанарларына қажетті жағдайлар жайлы не білеміз?

Ұйқыға кететін жануарларды білесің бе?

Жыл мезгілдері жанурлар тіршілігіне әсер ете ме?



Алдыңғы сабақ

Адамдар жануарлардан не алады?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басы (0-6мин.)

0-1 минут

1-2 минут

3-6 минут



Психологиялық дайындық.

Балалар бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше болмақ.Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Олар біздің сабаққа деген ынтамызды, ойымызды,тәртібімізді қадағалап отырады. Бүгінгі сабақта білгендеріңді ортаға салып отырыңдар. Топтық ережелерді мұқият сақтауымыз керек. 1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Сыныптарыңның ойын жеткізуіне кедергі жасамау.

3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.

Жарайсыздар, балалар! Осылай бірлесе, топпен келісе отырып, бүгінгі сабақта белсенді жұмыс жасайды деп сенемін!

Өткенді пысықтау. Адам жануарлардан не ала алады?

Топтық жұмыс “Үй жануарларының хоры” ойыны.



Бірінші топ — сүт беретін жануарлар; екінші — үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ — жұмыртқа беретін, ал төртінші топ — қымыз беретін жануарлар.

(Мә – мә – мә, мө – мө –мө 2 – топ: Мияу, гаф

3 – топ: Қыт – қыт – қыт 4 – топ:Кісінеу)

Үй жануарларынан алынатын азықтар жайлы әңгімелейді

Дискриптор

1.Оқушы жұппен жұмыс жасай алады.

2. Адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;


АКТ қолдану


Ортасы 7-24 мин
7-10 мин

11-16 мин

17-20 мин

21-24


Мақсат қою

Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіру



Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап,түрлі жыл мезгілдері бар слайдтар көрсетіледі. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін (белгілерін) атайды.

Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылау.

- Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?



Мүмкін жауап: -Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық

Электронды оқулықты пайдалану арқылы жаңа сабаққа түсінік беру.

Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі үдеріс.

Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі.

Зерттейік: Әр топқа жем үлгілері (суреттері) таратылады, қысқа қор жинайтын жануарларды атайды. Оқушылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан қор жинайтынын, неліктен олай екенін анықтап, артығын алып тастайды. Әр топ нәтижесін салыстыру.

Дискриптор

- қысқа қор жинайтын жануарларды атайды;

- қысқа қор жинаудың себебін талдап, айтады

Бұлан мен суыр туралы қосымша мәлімет айтылады.

Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі жануар.Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді,салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. 

Суырлар -  орманды далада, шөлді жерлер мен мен таулы аймақтарында кездеседі. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен  қоректенеді.

Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аудару. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, олар туралы айтылып, анықтама беріледі.


  • Құстардың бұл тобы қалай аталады?

  • Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесуге болады?

Құстар: Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Солтүстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.

Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.

Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.

Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

Дәптерде берілген тапсырма орындалады.

Дискриптор

- құстар атауларын айта алады;

- неліктен жыл құсы деп аталатындығын нақтылайды

- дәптердегі тапсырма орындалады



Есте сақта!

Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.

Ым – ишира:

Мұғалім жануарлар суреттерін, ойыншық бейнелерін көрсетеді, оқушылар үнсіз не жасайтынын қимылмен көрсетеді

Дискриптор:

Жануарларды тани алады, атайды.

Қысқы ұйқының маңыздылығын түсіндіре алады.

Дәптермен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Оқушы ,оқу мақсатына жетті:

Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білді

АКТ

Электронды

оқулық


«iMektep»

Оқулықпен жұмыс

жұмыс дәптері

Бірін- бірі бағдаршам көздері арқылы бағалау



Соңы

(30-35 мин.)



-Бүгінгі сабағымызда қандай қызықтармен таныстық?

-Қай жануардың тіршілігі ерекше?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.

Толық түсінсе- жасыл

Жартылай түсінсе-сары

Мүлдем түсінбесе-қызыл түстерін көтеру арқылы анықтаймын.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды ма, неліктен?



Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:

Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай өзгерістер жайлы әңгімелей алды.

Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіре алды




Пәндік байланыстар:

Өнер, сауат ашу пәндерімен т.б.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Сыныбы: 1 «В»

Бастауыш сынып мұғалімі



Жанекеева Марал

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет