Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қожакент аулы №168 орта мектебінің ІІ-ші санатты бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Жәмила Ергешқызы
4 сынып ана тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
1.Адам және табиғаттың байланысты екенін пысықтау.
2. Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейту.
3 .Ынтымақтаса отырып топта жұмыс жасау.Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге тәрбиелеу.
Түрі: Дамытушылық сабақ
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта,карточкалар,жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, кітаптар.
Әдістері: Ой қозғау,ассосиация, сұрақ қою, жұппен жұмыс,топпен жұмыс, бес жолды өлең, «Ыстық орындық» тәсілі.
Пәнаралық байланыс:дүниетану, математика, қазақ тілі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды тақта алдына шығарып, қатармен тізілтіп тұрғызу. Содан кейін,қиылған суреттер арқылы оларды топқа бөліп алу. Суреттерде төрт жыл мезгілі бейнеленген. Суреттерді құрастыру арқылы төрт топқа бөлініп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Кәрім Сауғабаевтің «Нан туралы өлеңі»
І топ «Көктем» тобы.Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?
ІІ топ «Жаз»тобы. «Зәмзәм суынан өседі»дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ топ. «Күз» тобы.Өлеңде нанды неге «өмір» деп санаңдар дейді?
ІV топ. «Қыс» тобы.Нан бізге қандай жолмен келеді?
Осы өлең жолдарын оқығанда қандай ой қорытындысын жасадыңдар?
Үй тапсырмасын қорытындылаймын. Топтар жауаптарына қарай әр топты бармақпен бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ: Тұсаукесер.
-Балалар,бүгін сабаққа өте жақсы дайындықпен келіпсіңдер. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесе отырып жаңа сабақты бастайық. Сонымен «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дей отырып, мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын.
Қыз кеп жасыл көйлекті, Ақ сақалды атаны-ай,
Сай саланы сөйлетті. (көктем) Мінезінің шатағы-ай. (қыс)
Жомарт бар асып- тасатын, Гүлдей жайнап айналам
Алтын теңге шашатын. (күз) Бау-бақшаға көрікпін. (жаз)
-Балалар, бұл жұмбақтарымыз неге байланысты айтылып тұр. Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше біздің жаңа тақырыбымыз қалай аталады екен? «Жыл мезгілдері»
Олай болса Қазақ халық жазушысы Ескен Елубаевтің «Жыл мезгілдері» атты өлеңімен танысамыз.
Негізгі бөлім: «Ыстық орындыққа отыру» Шығармашылық жұмыс.
І топ. Ескен Елубаевтің өмірбаяны жайлы қысқаша білгендерін әңгімелеу.
ІІ топ.Ол қай жерлерде қызмет жасады?
ІІІ топ. Ақынның қандай журналдарын білесіңдер және қандай шығармалары бар?
ІV топ. «Кім күшті» деген шығармасы туралы не білесіңдер?
Ой қозғау: Сюжетті суреттермен жұмыс. Алдарындағы қима суреттерді тез-тез жапсырып, тақтаға шығып, постер қорғайды. Фишкалар арқылы бағалау.
Топтарға өлең жолдарын оқуға беремін. Жұппен талқылап, топтан лидер шығып басқа топтарға айтып береді. Енді топтарға карточкалар таратып беремін.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік» әніне би қозғалыстарын жасау.
Топтық тапсырмалар:
І топ. «Көктем» тобы. Жыл мезгілдері жайлы не білесіңдер? (Басқа мемлекеттер турал да әңгімелеу . Мысалы, Үндістанның табиғаты, ауа райы туралы .т.б)
ІІ топ. «Жаз» тобы: Қандай өзгешеліктер бар?
ІІІ топ. «Күз» тобы. Адам мен табиғаттың байланысы жайлы әңгімелеу.
ІVтоп. «Қыс» тобы.Жыл мезгілдеріне байланысты абайдың табиғат лирикасына арналған өлең жолдарын жатқа айту.
Синкуей әдісі бойынша тақырыпқа байланысты арналған сөздерге «Бес жолды өлең» құрастырамыз. Топтық жұмыс туралы ойларын стикерлермен «екі жұлдыз, бір тілек»арқылы бағалау.
Кері байланыс. «Білім ағашы» Сен үшін не қиын болды?, Қандай сұрақ түсініксіз болды?, Не қызықты болды, топтық жұмыс саған ұнады ма? Ұстазыңның сабақты осылай өткені ұнады ма? Сен үшін ең негізгі болған сәтті жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |