Тапсырма№
|
Критерийдің сипаттамасы
|
Балл
|
Қайталау
Тапсырма№1
|
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
|
2
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырма№2
Тапсырма№3
|
Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымына анықтама жазылған, математикалық формуласы жазылған
|
1
|
Есеп шығару:
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген.
|
1
|
SI жүйесіне дұрыс аударылған
.
|
1
|
Формулалар дұрыс жазылған
|
2
|
Математикалық есептеулер дұрыс .
|
2
|
Жауап дұрыс жазылған.
|
1
|
|
Барлығы:
|
10
|
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім:
|
Электростатика негіздері
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Конденсатор. Электр сыйымдылығы.
|
Сабақтың номері:
|
№32
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
8.4.1.9 – потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;
8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Потенциалдар және потенциалдар айырымының физикалық мағынасын түсіндіре алады, конденсатордың құрылысы мен міндетін сипаттай алады.
Басым бөлігі:
Оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптасады және дамиды. Оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды;
Кейбір оқушылар:
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдылары жетіліп, өз бетінше еңбектенеді белсенділіктері артады, пәнге қызығушылығы оянып, оқушылардың құзыреттілігі қалыптасады
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар! Өткен сабақта біз электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі тақырыбын өткен болатынбыз. Өткен тақырып бойынша кестені толтырыңдар. (1 тапсырма)
Өткен тақырыпты тексеру
|
1 тапсырманы орындау
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Конденсатор.Электр сыйымдылығы.»
-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, Потенциалдар және потенциалдар айырымының физикалық мағынасын түсіндіре аласыздар, конденсатордың құрылысы мен міндетін сипаттай аласыздар.
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 8 сынып Башарұлы Р. §105-110 беттер
Физика, 8 сынып Закирова Н. §132-134 беттер
Оқып, қысқаша конспект жазындар(2 тапсырма)
Техникалық қондырғыларда және электронды-цифрлы жүйелерде әраттас электр зарядтарын жинақтап сақтау үшін конденсатор деп аталатын арнайы жабдықтар қолданылады
Конденсатор – аралары диэлектрикпен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе. Өткізгіштердің пішіндеріне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік, сфералық деп аталады. Конденсаторды сипаттайтын тұрақты қатынасты конденсатордың сыйымдылығы деп атайды да, С әрпімен белгілейді. Конденсатордың электр сыйымдылығы деп конденсатор зарядының оның астарлары арасындағы кернеуге (потенциалдар айырымына) қатынасымен анықталатын физикалық шаманы айтады:
С = q U ,
мұндағы: q – конденсатордың бір астарындағы (өткізгішіндегі) зарядтың абсолют шамасы,
U = φ1 – φ2 = ∆φ – астарлар арасындағы кернеу (потенциалдар айырымы).
Халықаралық бірліктер жүйесінде конденсатордың электр сыйымдылығы фарадпен (Ф) өлшенеді: 1 фарад = 1 кулон/1 вольт; 1 Ф = 1 Кл/1 В.
Кез келген өткізгіштің электр сыйымдылығы деп өткізгіш зарядының оның потенциалына қатынасымен анықталатын физикалық шаманы айтады:
С = q φ .
Есепті шығар. 3-тапсырма
№15.1
0,05 Дж жұмыс жасалғанда, шексіздіктен 5*10-7Кл заряд тасымалданған электр өрісінің нүктесінің потенциалын анықтаңдар.
№15.2
Өрістің А нүктесіндегі потенциалы 50 В, В нүктесіне ауыстыру үшін қандай жұмыс жасау керек?
№15.3
Орамдарының ара қашықтығы 0,05 мм, ауданы 0,06 м2 жазық ауа конденсаторының сыйымдылығын анықтаңдар.
|
|
Теориялық материалмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс жасайды
Есептер шығару
|
Ұпай
Ұпай
Ұпай
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
Менің сабақтан алған әсерім:
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді
|
Сабақтан алған әсерлерін жазады
|
Стикер
|
|
1 тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |