Experiment
1-тапсырма
Эксперименттік тапсырма
Металл мен шынының жылу өткізгіштігін салыстыру. Бір қолдарыңа жуан металл таяқша (мыс, темір, алюминий), екінші қолдарыңа жуан шыны таяқшаны алыңдар. Екеуінің де ұзындығы мен диаметрі бірдей болсын. Олардың ұштарын жанарғының жалынына ұстаңдар.
Біраз уақыттан соң нені сезесіңдер?
____________________________________
Болған құбылысты түсіндіріңдер. Қай таяқша шапшаң қызады? Неліктен ?
_______________________________________
Дескриптор Білім алушы
- ол таяқшаларды техника қауіпсіздігін сақтай отырып от жалынына ұстайды;
- ол таяқшалардың қайсысы тезірек қызатынын сезеді;
- эксперимент нәтижесін түсіндіреді.
2-тапсырмаQuestioning
Үйдің ауасын тазартып тұратын терезенің ашпалы көзі неліктен оның жоғарғы жағына, ал жылу батареясы терезенің төменгі жағына орналастырылады?
_______________________________________
Дескриптор Білім алушы
- жылы ауа ағындары үнемі жоғары жақта жүретіндігін түсінеді;
- салқын ауа ағындары үнемі төменгі жақта жүретіндігін түсінеді;
- оны Архимед заңы арқылы түсіндіреді.
3-тапсырма
Климаты суық жерлерде тұрғын үй салу үшін жылу шығынын азайтатын шараларды ескеру керек. Жылу берілудің қандай түрлері бұл шығынға себеп болады? Оларды азайтуға арналған қандай ұсыныстарың бар?
________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- жылу берілудің түрлерін сипаттайды;
- үй салғанда жылуөткізгіштігі төмен материалдарды қолдану керектігін айтады;
- жылу берілудің түрлерін салыстырады;
-болашақта салатын экологиялық үйінің жобасын ұсынады.
Білім алушылар бір-бірін басбармақпен бағалайды.
|