1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен анықтау
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
І топ. Жылу мөлшері
ІІ топ. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
ІІІ топ. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеу.
(«Сынып алдында жалпылай қайталау» әдісі бойынша қорғайды.) Сабақтағы негізгі ұғымдар. Жылу берілу (жьшу өткізгіштік, конвекция жэне сэулслену) кезінде бір денеден екінші денеге энергияның берілуі. Жылу мөлшері-жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы.
Денеге берілетін энергияның қандай шамаларға тэуелді болатынын айқындау (тәжірибелер көрсету) Денеге берілетін жылу мөлшері: дене температурасының өзгеру шамасына, дененің массасына, затгьщ тегіне тәуелді болады.
Салқындаған дененің қоршаған ортаға жылуын беруі.
Жылу мөлшерінің өлшем бірліктері-джоуль (Дж), килоджоуль (кДж). Жылу мөлшерінің тарихи өлшем бірлігі-1 калория (1 кал=4,19Дж =*4,2Дж) 1 ккал =1000 кал = 4190 Дж «4200 Дж т 4,2 кДж. 1кг заттың температурасын 10С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшерінің заттың тегіне тәуелділігі.
с- заттың меншікті жылу сыйымдылығы, яғни массасы 1 кг заттың температурасын 1°С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшері. Өлшем бірлігі -ДЖ/кг* 0С
Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалык мәнін ашып көрсету (мысалы, қорғасынның жылу сыйымдылығы 140 ДЖ/кг* 0СБұл массасы 1кг қорғасынның температурасын 1°С-қа өзгерту үшін 140Дж жылу мөлшері кажет дегенді білдіреді.
Әртүрлі заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарын салыстыру (№1 кесте бойынша).
Әртүрлі агрегаттық күйлерде заттың жылу сыйымдылығының мәнінің әртүрлі болуы (мысал ретінде, су мен му.з, қатты және сұйық күйдегі алюминий ), мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 ДЖ/кг* 0С, ал судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 ДЖ/кг* 0С. Судың меншікті жылу сыйымдылығының үлкен болуы жылыту жүйелерінде пайдаланылады; жергілікті жердін климатына әсер етеді.
Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу Q=cm(t2 -t1)
Мұндағы t1 -дененің бастапкы, t г-дененің соңғы температурасы.