Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама. Жүйке жасушасының құрылысы
Дата 08.02.2022 өлшемі 4,76 Mb. #123186 түрі Сабақ
Байланысты:
Жүйке жүесіне жалпы сипаттама. Жүйке жасушасының құрылысы Адамда жүйке жүйесі оның психикалық іс-әрекетінің материалдық негізін:ойлау және сөйлеу, әлеуметтік мінез-құлқының күрделі формаларын құрайды. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары- нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады. Нейрондар:сезімтал,қозғалтқыш және аралық болып бөлінеді. Жүйке деп ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғырын айтады. Шоғыр жүйке қабығын түзетін дәнекер ұлпасымен жабылған . Жүйке түйіндері – орталық жүйке жүйесінен тыс нейрон денелерінің шоғырлануы. Жүйке жүйесінің бір бөлігі қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттейді, бұл сомалық деп аталады. Жүйке жүйесінің вегативтік деп аталатын басқа бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді. Нейронның қысқа өсінділері -дендриттер , ал ұзын өсінділері -аксондар деп аталады. Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы ми мен жұлынның сұр заттын түзеді. Май қабығымен қапталған ұзын өсінділер ақ затты түзеді. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын-рецепторды құрайды. Организмнің тітіркендіргішке жауап реакциясы- рефлекс деп аталады. Рефлекс латын тілінен аударғанда – жауап қайтару деген мағына береді. қозғалтқыш жүйке талшықтарынан Орталық жүйке жүйесінің бөлігінен Жүйке импульстері-жүйке талшықтарының бойымен 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдықпен аралатын әлсіз биоэлектрлік ток. Жүйке жасушаларының қысқа өсінділері қосылып жүйке синапсын түзеді. Бұлшық ет синапсы қозғалтқыш талшықтың бұлшық етпен түйісуі арқылы жұмыс мүшесіне беріледі. Қозғалтқыш нейрон талшықтары безге баратын жерде безді синапс түзеді. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар- медиаторлардың көмегімен іске асырылады. Ең қарапайым рефлекс - тізе рефлексі. Рефлекс доғасының бір бөлігі орталық жүйке жүйесінің белгілі бөлігінде орналасады. Жүйке орталығы - белгілі бір рефлекс әрекетін орындауға қатысуға, қандай да бір мүшенің немесе мүшелер жүйесінің іс-әрекетін басқаруға арналған нейрондардың бірігуі. Жүйке жасушасының құрылысы. 1.Жүйке жасушалары- ________________. 2.____________ -жүйке импульсі өтетін жол. 3. Жүйке орталығы - ________________ _________________________________ 4. Рефлекс - _______________________ __________________________________ 5. Бұлшық ет синапсы- ______________ __________________________________ 6. Дендрит - _______________________ __________________________________ 7. Рецептор - _______________________ _________________________________ Рефлекс сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? Синапстар неше түрге бөлінеді? Нейрондар неше топқа бөлінеді? Жүйке жасушалары неден тұрады? Сұр зат дегеніміз не? Жүйке жүйесі дегеніміз не? Рефлекс не арқылы іске асырылады? Жүйке жүйесінің қызметі қандай? Ең қарапайым рефлекс қалай аталады? Жүйке синапсын нелер түзеді? Жүйке жүйесінің қызметі және оның бөлімдері. Жүйке жасушасының суретін салу. Кесте толтыру. Достарыңызбен бөлісу: