Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Сәлемдесу»жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.
1-топ
2-топ
3-топ
Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жүйке жүйесі тәуелсіз екі критерий- ге байланысты бөлінуі мүмкін. Оны мүшелердің орналасуы немесе атқаратын қызметі бойынша бөліктерге бөлуге болады. Орналасуы бойынша жүйке жүйесінің барлық мүшелері екі: орталық және шеткі жүйке жүйесіне бөлінеді.
Орталық бөлім немесе орталық жүйке жүйесіне басты мүшелер: жұлын мен ми кіреді. Орталық жүйке жүйесін қысқартып, ОЖЖ деп атайды. Ағзаның жұмысын жүйке жүйесінің орталығы – жұлын мен ми басқаратыны атауынан-ақ көрініп тұр. Желілі жануар неғұрлым жоғары құрылымды болса, оның жүйкелік реттелуінде ми соғұрлым үлкен рөл атқарады. Керісінше жануар неғұрлым қарапайым болса, оларда жұлын соғұрлым көп қызмет атқарады. Жұлын. Жұлын омыртқаның жұлын-ми өзегінде орналасқан және бүкіл дене бойымен созылып жатыр. Омыртқаның сүйек ұлпасы сауыт тәрізді жұлынды механикалық зақымданудан қорғайды.
Жұлынның құрылысы. Жұлында барлығы 31 сегмент бар. Жұлын сыртынан үш қабықшамен қоршалған. Олар қорғаныш әрі тірек қызметін атқарады. Ең ішкі қабықшасы жұмсақ қабықша болып та- былады, ол ми жасушаларына тығыз жанасып жатады. Ең сыртқысы – қатты, ол тығыз болады. Ішінен омыртқа жотасының сүйек ұлпасымен тікелей тұтасып кетеді. Олардың арасында торлы қабықша деп аталатын қабықша болады. Ол жұлын-ми сұйықтығы толы кеңістікте болады. Осы үш қабықша мен сұйықтық мида да болады.
Ішінде, ортасында, бүкіл жұлын бойында жұлын өзегі өтеді. Ол да жұлын сұйықтығына толы. Ол қан жасушаларынан ми жасушала- рына оттекті, қоректік және басқа да пайдалы заттарды береді. Ал ми жасушаларында түзілген зиянды заттар – шлактар алдымен жұлын сұйықтығына, кейін қанға түседі. Жұлынды көбелектәрізді сұр зат қоршайды. Бұл – жұлын нейронның, дендриттер мен денелердің шоғыры. Сұр затта пішіні көбелек қанатына ұқсайтын өсінділер болады, ол «мүйіз» деп аталады. Әрбір сегмент алдыңғы (құрсақ) екі және артқы (жұлын) екі «мүйізден» тұрады. Кеуде, бел бөлімінде алдыңғы және артқы «мүйізден» басқа екі бүйір «мүйіз» қалыптасады.
Сұр зат сыртынан ақ зат қоршап жатыр. Бұл – аксондар шоғыры. Сұр зат мүйізінен ақ заттың алдыңғы және артқы «тамыршалары» та- райды. Құрсақ (алдыңғы) тамыршалар мен «мүйіздер» – қозғалғыш. Олар мидан бұлшық етке жүйке импульсін жіберіп, оларға жиырылуға және белгілі бір қимыл жасауға команда береді. Ал жұлын (артқы) тамыршалар мен «мүйіздер» – сезімтал. Олар арқылы миға сезімтал жасушалардан – рецепторлардан ақпарат өтеді.