Сабақтың тақырыбы: Жүйрік ат, қыран бүркіт Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі62,71 Kb.
#27396
түріСабақ
Қазақ тілінен ашық сабақ 7 сынып

Күні: 23,01,17

Сынып: 7 Б

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жүйрік ат, қыран бүркіт

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырып жеті қазынаны қайталап, білімдерін толықтыру. Соның ішінде жүйрік ат, қыран бүркітті қайталау.

  2. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

  3. Қайырымдылыққа, мейірімділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Көрнекіліктер: видео- ролик, үлестірмелер, слайд

Пайдаланылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін – өзі тану, әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Слайдпен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақ: Жүйрік ат, қыран бүркіт

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өміріен байланыстырып, оның ұғымына  мыналарды жатқызады: 1. жүйрік ат; 2. қыран бүркіт; 3. құмай тазы; 4. берен мылтық; 5. Ақыл - білім; 6. Сұлу ару; 7. Ер жігіт



1. «Ер  қанаты  -ат»  деген  қанатты  сөз  бар.  Халқымыз  төрт  түлік  малдың  ішінде  жылқыны  ерекше  бағалаған.  Жылқының  етін,  қазы-қартасын  жеп,  қымызын  ішкен,  терісін  пайдаланған.    Жау  шапса,  бір-бір  атқа  мініп,  дұшпанына  тойтарыс  берген.

2. Тазы – иттің  бір  тұқымы.  Тазы  итпен  ата-бабаларымыз  аң  аулаған. Тазы – артық  қырым  еті  жоқ  ит.  Онымен  қасқыр,  түлкі,  қарсақ  ұстаған.  Ит  адамға  қолқанат  болып,  мал  күзеткен.

3. Ертеде  аталарымыздың  үйінде  найза,  айбалта,  қылыш,  мылтық  болған.  Дұшпандарын  мылтыкпен  жеңген.  Батырларымыз  жауға  осы  қару – жарақпен  шыққан.

4. «Ер  ел  қорғаны»  дейді  дана  халқымыз.  Кең  байтақ  жерімізді,  өзен,  көл,  орманымызды,  көгілдір  тауларымызды  жаудан  қорғап, кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп  қалдырған  ер  бабаларымыздың  өте  болған,  ол  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай,  Райымбек  батыр,  Жәнібек  батыр  т.б.

5. Әйел  - ол  ана,  жар,  апа,  қарындас.  Ажарына  ақылы  сай,  мінезге  бай,  еріне  сүйеу  бола  білген,  үйдегі  балаларын  мәпелеп,  тәрбиелеп  өсірген.  Жақсы әйел  - әрбір  отбасының  ұйтқысы,  ырыс-берекесі.

6. Қыран  бүркітті  ата-бабаларымыз  балапан  кезінен  баулап,  аң  аулауға  үйреткен.  Қанаты  қатайғанда  қасқыр,  түлкіге  салған.  Ал  қасқыр,  түлкінің  терісінен  тымақ,  ішек,  тон  жасап  киген.

7.Адам  баласы  пайда  болғалы  ілім-білімге  ұмтылып  келеді.  Осының  арқасында  машина,  трактор,  радио,  теледидар,  ұшақтар,  компьютер  дүниеге  келді.  Сондықтан  ілім-білім,  ғылымды  игерсең  еш  қор  болмайсыңдар.

Видео – ролик:

Жаңа сөздер:

салт-дәстүр – традиции и обычаи

ырымдар – поверие

жеті қазына – семь богатств

ер жігіт – жигит

сұлу жар – красивая жена

жүйрік ат – быстрый скакун

қыран бүркіт – зоркий беркут

құмай тазы – охотничая собака

берен мылтық – оружие

өткір пышақ – острый нож

Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.​​​​​​​ Қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​


Ойын «Кім тапқыр?»  Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек.

1......................... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.  (тоқсан)

2......................... теңгең болғанша, ......... досың болсын. (жүз)

3......................... кісінің түсін білгенше,  (жүз)

  ........................ кісінің атын біл.  (жүз)

4 Білекті ............ жығады, білімді................. жығады.     (бірді)    (мыңды)



Семантикалық картамен жұмыс.

         Сөз таптары

 

 Сөздер



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Айгүл, дәптер, оқулық

+

 

 

 

Төрт, бес, жүз

 

 

 

+

Жүгір, секір, ойна

 

+

 

 

Қызыл, қызық, биік

 

 

+



Топтау сан есімерге мысалар кетіріңдер

Үштен (Сыныпта орындықтар үштен тұр), қырықтан (Адам саны қырықтан аспады), тоқсаннан (Менің анам тоқсаннан асқан), алтыдан (бір ұяда алтыдан астам жұмыртқа бар екен), сексеннен (сексеннен асқан қария)

Он екіден ( менің он екіден асқан шағы), екі жүзден (дүкенде күнделік екі жүзен екен бағасы)

Бес – бестен ( бес – бестен ат жеккен шаналар өтті), бес – алты (қала ауылдан бес – алты шақырымдай алыс), екі – үш (екі – үш аялдамадан өттік)


Сабақты бекіту: тест жұмысы. (3-4 минут, бір-бірін тексереді)

1.Сабақтың тақырыбы қандай болды?

А. қазақ отбасы   Б. қара шаңырақ  В. Жеті қазына

2 Топтау сын есімді көрсет

А. Екі – екіден Б. Үш В Екіден бір

3. Сан есімнің сұрақтары:

А. Кім? Не?   Б. Неше? Қанша?   В. Қандай?

4. Жеті қазынаға қатысты сөзді көрсет:

А. Сенбі   Б. Бала   В. Жүйрік ат

5. Қара шаңырақ деген не?

А. әке-шешесінің үйі Б. қыздың үйі   В. Мектеп

6. Қасиетті санды көрсет:

А. 5      Б. 6        В. 7

7. Реттік сан есімді көрсет:

А. бірінші       Б. бесеу    В. Алты

8. Отбасына байланысты мақалды көрсет:

А. ел іші алтың бесік   Б. Өнер алды қызыл тіл  В. Тату үйдің тамағы да тәтті

9. Топтау сан есімнің сұрағын көрсет

А. Неше? Б. Нешеден? В. Қандай?

Жауаптар: (1.В 2.А 3.В 4.В 5.А 6.В 7.А 8.В 9 Б )



Сабақ бағаларын жариялау

Жұмыс жасаған оқушыларға тиісті бағасы қойылады.

Үй жұмысы: сан есім түрлеріне сөйлемдер құру

Рефлексия және сабақты ұйымдастырылған түрде аяқтау

Не білдік?



Не үйрендік?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет