Cыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша тапсырманы орындауда қабілеті төмен оқушыларға нақты көмек беріледі. «Жас тілші» әдісімен жалпы оқушыларды қамтып үй тапсырмасы сұралады. «Білгенді бөліс» әдісі арқылы берілген тақырыпты түсініп бір-бірімен бөлісіп топтық жұмыс орындалады. Жеке жұмыс ретінде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін тапсырма қарастырылды. Сабақта «оқушылардың сұраққа берген жауаптары арқылы» әдісімен сабақты қорытындылап, кері байланыс жасатылды.
|
Үй тапсырмасын орындау барысында жұлдызшалар жинау арқылы бағалаймын. Сабаққа қызығушылығын арттыра отырып бағалаймын.Жаңа сабақ барысында «Білгенді бөліс» әдісін қолдана отырып оқушыларды ауызша мадақтау сөздер арқылы бағаланады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезеңінде дескрипторлар арқылы бағаланады.сабақты қорытындылауда «Аяқталмаған сөйлем » әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Кері байланыста оқушылыр стикерлерге жазып өзін өзі бағалайды
|
Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау.
|