Сабақтың тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер. Мүқтәріздес өсімдіктер бөлімі. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі87,27 Kb.
#29457
түріСабақ
Тексерілді: ------------------------------ Күні: 13.01.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер. 
Мүқтәріздес өсімдіктер бөлімі. 
Сабақтың мақсаты: жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктермен танысу. Мүк туралы білімдерің кенейту. 
1. Білімділік: мүқтәріздес өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктерімен көбеюін түсіндіру. Оның түрі, құрылысы туралы сипаттау. Мүктің көбеюі табиғатта таралуы туралы әңгімелеу 
2. Дамытушылық: олардың маңызына мысал келтіріп, жақсы, жаман жағын айыру. 
3. Тәрбиелілік: Жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
4. Коррекциялық: Көзге арналған жаттығулар жасау арқылы көздің шаршағанын басу. 
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мәтін, интерактивті тақта, герберий. 
Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары 
Сабақты оқыту әдістері: сурақ-жауап, түсіндіру. 
Сабақтың түрі: жаңа тақырып 
САБАҚ БАРЫСЫ 
I. Ұйымдастыру кезені: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
Мақсат қою арқылы сабаққа зейіндігін артыру. Окклюзияны тексеру. 
II. өткен тақырыпты еске түсіру: 
Сұрақ – жауап. 63 беттегі сұрақтарға жауап беріндер. 
ІІІ. Жаңа тақырып. жаңа сабақты түсіндіру: 
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер дүние тармағы 
Топка бөлінуі 
Өсімдіктер 

Споралы Тұқымды 
Мүқтәріздес Ашық тұқымды өсімдіктер 
Плаунтәріздес Жабық тұқымды өсімдіктер 
Қырықбуын тәріздес \даражарнақтылар, 
Қырықжапырақтәріздес қосжарнақтылар\ 
Мүқтәріздес өсімдіктер бөлімі. 
Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар. 
Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «лотос» - ғылым) дейді. 
Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. 
Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын улпалары нашар жетіген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
 Мүктердің аса кең тараған екі өкілін қарастырамыз. Олар: жасыл мүк (көкек мүгі) пен шымтезек мүгі. 
[өңдеу]Көкек мүгі (жасыл мүк) 
Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады. Жапырақтары мен сабағы болмасын түрлері де кездеседі. Жасыл мүк топырақтың бетін кілемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктерді ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпақта айналуына себепші болады. Жасыл мүк - екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек үлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді. 
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіл, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі. 
Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жынысты көбеюі былай жүзеге асады. Аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктің ең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқажасушасынан қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақтың ішінде споралар дамиды. Спора - екі қабықшадан тұратын жасуша. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өліп, тармақталған жіп тәрізді жасыл балдырларға ұқсас өскінше пайда болады. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреулерінен - аналық өсімдіктер, ал екіншілерінен аталық өсімдіктер жетіледі. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір тармағы. Оларда ұлпалар айқын білінеді. Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Тамыр, сабақ және жапырақ - өсімді мүшелер. Спорангий, гүл және жеміс - көбею мүшелері. Бұлардың барлығы көпжасушалы болып келеді. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады. 
Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік. 
IV. Көзге арналған жаттығулар. 
V. Сабақты бекіту және қорытындылау - 68 беттегі сұрақтарға жауап беріндер. 
VI. Үйге тапсырма 
§ 17, 65-68 бет 

Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі 
Сабақтың мақсаты: жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктермен танысу. Шымтезек мүгі туралы білімдерің кенейту. 
1. Білімділік: шымтезек мүгінің құрылысының ерекшеліктерімен көбеюін түсіндіру. Оның түрі, құрылысы туралы сипаттау. Мүктің көбеюі табиғатта таралуы туралы әңгімелеу 
2. Дамытушылық: олардың маңызына мысал келтіріп, жақсы, жаман жағын айыру. 
3. Тәрбиелілік: Жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
4. Коррекциялық: Көзге арналған жаттығулар жасау арқылы көздің шаршағанын басу. 
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мәтін, интерактивті тақта, герберий. 
Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары 
Сабақты оқыту әдістері: сурақ-жауап, түсіндіру. 
Сабақтың түрі: жаңа тақырып 
САБАҚ БАРЫСЫ 
I. Ұйымдастыру кезені: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 
Мақсат қою арқылы сабаққа зейіндігін артыру. Окклюзияны тексеру. 
II. өткен тақырыпты еске түсіру: 
Сұрақ – жауап. 68 беттегі сұрақтарға жауап беріндер. 

ІІІ. Жаңа тақырып. жаңа сабақты түсіндіру: 
Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. 
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. (43 сурет) 
Шымтезек мүгі – сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Жасыл мүктенжәне басқа да мүктерден айырмашылығы - оның резоиды болмайды. Су мен онда ерігенминералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау – жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрі болады: 1) ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар; 
2) ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. 
Шымтезек мүгі, жасыл мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі – бірүйлі, қосжынысты өсімдік. 
Шымтезек мүгі көбею жолдарымен таныстыру, және схемаларың тақтаға салып көрсетү. 
Шымтезек мүктің маңызың қарастыру: 
- Топырақтың батпақтануын тездетеді. 
- Шымтезек қабатың құрайды. 
- Фотосинтез процессің жұргізеді. 
- Құнарсыз топырақтарда? Топырақ түзуге қатысады 
- құстардың қорегі. 
- Шымтезекті топырақ түзіледі. 
- Шымтезек өндіріп, оны отын ретінде пайдаланады. 
- Спирт, карбол қышқылы сияқты шикізаттар алынады. 
- Мүқтер – тұщы су қоры. 
IV. Көзге арналған жаттығулар. 
V. Сабақты бекіту және қорытындылау - 70 беттегі сұрақтарға жауап беріндер. 
VI. Үйге тапсырма 
§ 18, 68-70 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет