Сабақтың тақырыбы: Жоғарғы сөреден 1500метр қашықтыққа жүгіру Өткізілетін күні: Сыныбы: 7



Дата21.07.2017
өлшемі29,72 Kb.
#21414
түріСабақ
Дене шынықтыру бойынша күнделікті сабақ жоспары №
Сабақтың тақырыбы: Жоғарғы сөреден 1500метр қашықтыққа жүгіру

Өткізілетін күні: Сыныбы: 7

Өткізілетін орны: Спорт алаңы.

Сабақтын мақсаты:

1. Білімділік: Жүгіру техникасын игеріп, үйрену.

2. Дамытушылық: Жүгіру арқылы төзімділіктерін дамыту.

3. Тәрбиелеу: Дене бұлшық еттерін жұмылдара отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, метрлік, секунд санағыш.


Сабақтағы тапсырмалар

Сабақтың мазмұны

Шамасы, мөлшері

Ұйымдастыру - әдістемелік нұсқау

Ұйымдастыру бөлімі

С/тақырыбы және тапсырмасымен таныстыру.

Сапқа тұру. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Денсаулықтарын анықтау.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.


1-2 мин

Сабақтағы жаттығулардың орындалу тәртібін сақтау

Дайындық бөлімі

Саптық жаттығулардың орындалу ережелері

Саптағы жат-лар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Айнал!»,

«Алға!», «Алға бас!».Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.

Спорттық жүріс,жеңіл жүгіру,жүгіріп келе жатып әр түрлі дене қыздыру жаттығуларын орындау,


6-8мин

Жүгіргенде қауіпсіздік ережелеріне

әр жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету.

Дұрыс тыныс алу

Негізгі бөлім




-1500м қашықтыққа жүгіру жоғарғы сөреден басталады. Итерілетін аяқ тізесі алға көтереді,жоғары қарай аздау,қолмен қозғалу бәсеңдеу,кеуденің иілуі түзу қалыпқа жақын, дем алысы ауыз бен мұрын арқылы терең, әрі қалыпты болады.Ұзақ қашықтыққа жүгіру үш бөліктен тұрады.

-жарыстың бастапқы бөлігі.

-ортаңғы бөлігі.

-мәреге жету немесе соңғы бөлігі.

Жарыстың бастапқы бөлігінде оқушылар бір қалыпты екпінмен жүгіреді. Өздерінің күштеріне қарай, біртіндеп жүгіру жылдамдығын қоса береді.

Ортанғы бөлікке келген кезде, ол соңғы айналымға күшін қалдыру тиіс.Бірақ қарқынды бәсеңдетпеу керек.

Жүгіріс аяқталған соң ,қолды еркін ұстап,терең дем ала отырып ақырын 1-2 минут жүріп өту керек.

15 -20 мин

Күш қуатын жүгіру кезеңдерге дұрыс бөлу керек.
Демалыс тынысын дұрыс пайдалану қажет.



Ойын бөлімі

-жеке бұлшық ет топтарын дамытуға

арналған әр түрлі

жаттығулар

Сыныпты сапқа тұрғызып, үш топқа бөлу. Екі топқа футбол ойнату. Бір топ ЖДЖ орындау: отырып тұру, шалқадан жатып,қолды бүгіп жазу арқылы денені көтеру, кермеде тартылу, топтарды ауысып отырат..

10-15 мин

Ойын дағдысын қалыптастыру,

ойын ережесін сақтау

Қорытынды бөлім




Бір қатарға сапқа тұрғызу. Бағаларын қою.

Сабақ барысында жіберген қателіктерді, жетістіктерді айту.

1-2 мин

Үйге тапсырма.

Жүгіру жаттығулары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет