Сабақтың тақырыбы:
Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары
|
Мектеп: №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектеп
|
Күні: 8 .02.2017 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Исатаева К.
|
Сынып: 8 ә
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
Оқушыларға қан тамырлары және үлкен кіші қанайналымның шеңберлері туралы түсініктер алады
|
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Қан қысымы туралы біледі
Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады:
Қан қысымы төмендегенде немесе жоғарылағанда пайда болатын аурулар туралы мәліметтерге қанығады
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Жүректің бұлшық еттері қанмен қамтамасыз етпесе жүрек бұлшықеті өлі еттенуі ұғынады
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Қантамырлар, артерия, вена, қылтамыр, кардиология, тонометр, электрокордиограмма, кіші жіне үлкен қанайналым шеңбері, гипертония, гипотонияя,
Айтылым мен жазылым үшін қолдануға болатын тіркестердің жиынтығы: анықтамалар мен нақты мәліметтер
|
Ресурстар
|
Оқулық, дәптер, қалам, АКТ, стикер, бағалау тақтасы
|
|
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланған уақыт:
|
Сабақтың барысы
|
Бағалау түрлері
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
__2___ минут
|
Сәлемдесу. Психологиялық ахуалды орнату
Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ аттарымен таныстыру
|
Формативті бағалау
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
___10___ минут
І деңгей (білу, түсіну)
|
«Нақты сандар» бойынша тапсырмалар беру
5л- ересек адамдағы қан мөлшері 75-80 рет – минутына жүрек соғады
120/80- қалыпты жағдайдағы қан қысымы 60-70- қалыпты жағдайда,ы жүрек соғуы
250-300гр – жүректің массасы
|
Стикерлер бойынша бағалау
|
ІІ деңгей (қолдану, талдау)
|
Термин сөздермен жұмыс
Тонометр- Гипертония- Гипотония- Электрокардиография-
Үлкен қанайналым шеңбері- Кіші қанайналым шеңбері -
|
ІІІ деңгей (жинақтау, бағалау)
|
1.Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не.
(Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып,дене жасушаларына қан таратады,жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады).
2.Оттекке қаныққан қан алдымен қайда жеткізіледі.
(қолқаға )
3.Жасушалардан көмірқышқыл газын,қажетсіз өнімдерді жинақтайтын қан қалай аталады
(вена)
4.Вена қаны вена қан тамырларымен қандай жүрекшеге құяды.
(оң жақ жүрекше).
5. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып,өкпеге қан тарататын жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қан айналым щеңбері.
(Кіші .)
6.Кіші қан айналым шеңбері деп аталу себебі неде.
(Қан тек өкпеге барып оттегімен байытыладыда, қайта жүрекке келеді)
7.Кейде өкпелік шеңбер деп аталатын қан айналым шеңбері.
( Кіші қан айналым шеңбері)
8.Оттегіне қаныққан, алқызыл түсті қан қандай қан(артерия)
9.Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады.
(электрокардиография)
10.Электрокардиограф дегеніміз не.
(Жүрек бұлшық еттерінің жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспап )
11.Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшық еттерінің жұмысы жазылған қисық сызықтың аталуы.(Электрокардиограмма)
12.Жүрек қан тамырларында қанның ұюынан жүрек бұлшықеттеріне қанның баруы әлсіреуінен болатын аурудың аталуы (инфаркт миокарда)
13.Мидағы қан тамырлардың жарылуы.
(инсульт)
14.Қан қысымын өлшейтін аспап.(тонометр)
15.Қан ұйымайтын ауру (гемофиля)
.16.Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауру(гипертония)
17.Гипотония дегеніміз не (қан қысымы төмен ауру)
18.Артерия қан тамырларының ырғақты тербелісінің аталуы.(тамырдың соғуы)
19.Жүрек минутына неше рет соғады (70-80рет)
|
ІІІ. Жаңа сабақ
__12__ минут
І деңгей (білу, түсіну)
|
Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады
1.Қан қысымының көтерілуі неге байланысты
(Бүйрек ауруларына,жүйке жүйесінің күйзелісіне,дененің аз қозғалуына байланысты)
2.Қан қысымы төмендегенде, сынап бағанасының көрсеткіші қанша болады .(70-80мм төмен)
3.Артерия қан тамырларындағы қан қысымы 200мм болса қалай аталады(Жоғары )
4.Адамда қан қысымы жоғарылап не төмендесе қандай алдын алу шараларын жасау керек(нәруызы бар тағамдарды аз пайдалану керек,8-9 сағат ұйықтау,ашуланбау,таза ауада көбірек жүру)
5.Вена қан тамырлары қандай жағдайда кеңейеді (Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген жағдайда)
6.Қанқатпа ауруы асқынбау үшін не істеу керек.(көбірек қозғалу қажет)
7. Жүрек кемістігі неден болады (Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан)
8.Жүрек кемістігі қалай бөлінеді.(жүре, туа пайда болған)
9.Туа пайда болған жүрек кемістігі неден болады(іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан)
10. Жүре пайда болған кемістік қалай пайда болады(жұқпалы аурулардың әсерінен)
11.Қанда эртроциттердің азайып ,гемоглобиннің кемуінен болатын ауру.(қаназдық,анемия)
12.Лейкоциттердің тез көбейіп,қан ағынын толтырып жіберуінен пайда болатын ауру түрі.(аққандылық,лейкемия)
13.Қай қан тамырларынан қан кету өте қауіпті. (артерия)
14.Артерия қан тамырларынан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(жоғарғы жағын саусақпен қысып, жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып,үстінен бұрау жіппен қатты қысыпбайлайды)
15.Вена қан тамырлары жарақаттанса қандай шара жасалынады (қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады)
16.Мұрыннан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(басты сәл көтеріп жатқызып,көз аралығының қырына суық шүберек басады мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға тығады)
17.Ішкі қуыстарға қан кеткенде көрсетілетін жәрдем түрі қандай .(басты көтеріп жатқызып ,қан кетті деген жерлерге суық су басады)
|
Стикерлер бойынша бағалау
|
ІІ деңгей (қолдану, талдау)
|
ІІІ деңгей (жинақтау, бағалау)
|
Сабақты бекіту
5 Минут
І деңгей (білу, түсіну)
|
Оқушыларға сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай сыни сұрақтар қойылады.
1Вена қан тамырларында қан қысымы жоғарылайды ма.(жоқ, артерия қан тамырларында)
2.Артерия қан тамырлары қою,күңгірт түсті ме.( жоқ, алқызыл қызыл түсті ).
3.Миға қан құйылу қауіпсіз бе .(жоқ,қауіпті себебі ми жасушалары зақымданып,бұлшықеттер жансызданады)
4.Егер қан қысымы төмендесе сынап бағанасының көрсеткіші 200 мм болама( жоқ,70-80мм ).
5.Бастың ауруы, құлақтың шуылдауы ,жүректің жиырылуының бірде жиілеп,бірде бәсеңдеуі қан қысымының көтерілуіне байланысты ма.(жоқ ол қан қысымының төмендеуіне байланысты ).
6. Жүрекшелердің зақымдануына жүрек кемістігі болады ( жоқ жүрек қақпақшаларының зақымдауынан болады )
7.Ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын ауру жүре пайда болған жүрек кемістігі (жоқ туа пайда болған кемістік )
8.Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болуынан жүре пайда болған кемістік ауруы болады .(жоқ, жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір бұдырлы тыртық болған жағдайда).
9.Қанда эритроциттердің азайып гемоглобин кемуінен болатын ауру лейкемия, ақ қандылық деп аталады .(жоқ қан аздық анемия деп аталады )
10.Анемия ауруын рентген сәулесі, радиоактивті элементермен емдейді ( жоқ оны қан құю арқала емдейді)
11.Тромбоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды (жоқ, тромбоцитттер емес лейкоциттер )
12. Вена қантамырлары жарақаттанғанда қан аққан жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады (жоқ, бұндайкөмек артерия қантамырларынан қан кеткен жағдайда болады )
13.Мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға тығады, бұндай жәрдем ітен қан кеткенде көрсетіледі ( жоқ, бұл жәрдем мұрыннан қан кеткенде көрсетіледі )
14.Терінің бозаруы, суық тердің шығуы, тыныс алудың баяулауы, мұрыннан қан кеткен кезде болады ( жоқ, ішкі қуыстарға қан кеткен кезде байқалады)
15. Қан бұлшық еттерді көмір қышқыл газымен, ыдырау өнімдермен байытады.( жоқ, қан оттегімен және қоректі заттармен байытады)
16.Салауатты өмір салтын ұстанған, шыныққан адамның денесі ширақ, көнілі көтеріңкі болады .( ия)
|
Стикерлер бойынша бағалау
|
ІІ деңгей (қолдану, талдау)
|
ІІІ деңгей (жинақтау, бағалау)
|
Үйге тапсырма
1 минут
|
Тақырыпты оқып келу.
|
|
Қан қысымы көтерілгенде көрсетілтін көмек
|
|
Анемия, лейкомия деген не?
|
|
Бағалау
1 минут
|
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар ұпай саны бойынша бағаланады
|
Сумма
тивті бағалау
|
Кері байланыс
3 минут
|
Анкета әдісі
|
Форма. бағалау
|
Рефлексия
|
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарданған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
|
|
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарданған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
|
|
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?
|
|