Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата27.02.2020
өлшемі0,57 Mb.
#57454
түріСабақ
1   2   3   4   5


Қантамырлар және олардың түрлері

V. «Тұжырымдау» кезеңі
-Есептей білсең, есің түгелденеді
І қатар: Қалыпты жағдайда жүрек 1 минутта орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды? 
60 х 5 = 300 рет, яғни 1 сағатта 300 рет соғады.
300 х 24 =7200 литр, яғни 1 тәулікте 7200 литр қан айдайды.
ІІ қатар: Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып-кеңейетін болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?
60 х 70 = 4200 рет, яғни 1 сағатта 4200 рет соғады.
4200 х 24 = 100800 рет, яғни 1 тәулікте 100800 рет соғады.

ІІІ қатар: 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
60 х 2 = 120 рет, яғни 1 сағатта — 120 рет
120 х 24 = 2880 рет, яғни 1 тәулікте -2880 рет

-Биологиялық пошта
І қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар! Мен бұл хатты сіздерге жолдап отырған себебім, тәтемнің өмірбаянын сұрасам, былай жауап берді: Мен қанайналым жүйесінің (орталық) мүшесімін. Мен кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс (бұлшықетті) мүшемін. Менің жұмысым бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын (жүрек циклынан) тұрады . Және менің қабырғам 3 қабаттан тұрады. (Жүрек)
ІІ қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар!

Мен бұл хатты сіздерге жолдап отырған себебім, көкемнің өмірбаянын сұрасам, былай жауап берді: Менің атым (артериялар) мен веналарды байланыстыратын қантамыр тобымен аттас. Менің атымды (латын) тілінен аударғандағы *шаш тәрізді қылдай* деген сөзбен ұйқастырып қойған. Менің қабырғаларым (өте жұқа) және (эпителий жасушаларынан) тұратын бір қабаттан тұрады. Және менің қан қысымым шамалы. (Қылтамыр)


ІІІ қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар!

Мен бұл хатты сіздерге жолдап отырған себебім, апамның өмірбаянын сұрасам, былай жауап берді: Менің атым (қанды) жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамыр тобымен аттас. Менің атымды (грек) тілінен аударғандағы *қантамыр* деген сөзбен ұйқастырып қойған. Менің ең ірі қантамырларым (қолқа және өкпе артериясы) деп аталады. Және менің қан қысымым жоғары. (Артерия қантамырлары)

-Тест сұрақтарына жауап алу

1. Ересек адам жүрегінің массасы:


а) 400 г ә) 250-300 г б) 150-180 г в) 600 г

2. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ғалым:

а) Мечников ә) Досмұхамедов б) Гарвей в) Сеченов
3. Қолқа:

а) ең ірі артерия қантамыры

ә) адам шашынан 50 есе жіңішке қылтамыр

б) артерия мен веналарды бір-бірімен байланыстырады

в) қан қысымы шамалы қылтамыр


4. Жүрекке күш түскенде соғуы ...............

а) баяулайды ә) жиілейді б) өзгермейді в) тоқтайды


5. Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады:

а) 4 ә) 2 б) 5 в) 3


VІ. Оқушылар білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру: Оқу (түсінік айту)




«Жылдам және дұрыс» ойыны
І топ:
1. Қан сарысуы деген не-қан ұйығының сұйықтығы

2. Қанның мөлшері қанша-4,5-5 л

3. Қан пластинкасы қалай аталады-тромбоцит

4. Гемоглобин-қанның қызыл пигменті

5. Эритроциттің диаметрі-7,5 мкм

6. Оксигемоглобин деген не-оттекті гемоглобин

7. Фагоцитоз қандай процесс-бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту

8. Фагоцитозды ашқан ғалым-Мечников

9. Донор-қан беруші

10. Ағзаның қорғану реакциясы-иммунитет


ІІ топ:
1. Қанның түссіз жасушалары-лейкоцит

2. Қанды қабылдайтын адам-реципиент

3. Қанды қанша уақыт сақтайды-30 күн

4. Қан ұйымайтын ауру-гемофилия

5. Қан ұю ұзақтығы-4-5 мин

6. Қанның қызыл пигемнті-гемоглобин

7. Қан ұюына қатысатын жасуша-тромбоцит

8. Қан ұюына қандай элемент қатысады-кальций тұзы

9. Қан құрамы-қан жасушасы, қан плазмасы

10. Газды тасымалдайтын қан жасушасы-эритроцит

ІІІ топ:


1. Адам лимфа түйіндерінің саны-460

2. Ядросыз қан жасушасы-эритроцит

3. Тромбоцит қызметі-қан ұю

4. Рентген сәулесінен лимфоциттер-жойылады

5. Плазма нәруыздарын ата-альбумин, глобулин, фибриноген

6. Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы-7-10 күн

7. Лимфа түйіндерінің түсі-қызғылт-сұр

8. Иммунитет қаншаға бөлінеді-2

9. Тромб деген не-ұйыған қан

10. Қан жасушасын түзетін, уақытша сақтайтын мүше-көкбауыр




ә) Сөзтуым «Кардиология»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Сергіту сәті:

Артериялық қан кету болса – сол қол көтеру.

Веналық қан кету болса – оң қол көтеру.

Капиллярлық қан кету болса – денені бұру.


  • Ал қызыл қан ағады

  • Қою қызыл түсті қан ағады

  • Қан шапшып ағады

  • Жарақаттанған жердің айналасу қанайды

  • Жгут салу қажет емес

  • Терінің беткі қабаты жарақаттанса

  • Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек

Пайдалы кеңестер

Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында алма, апельсин, лимонды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдіің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақартса, цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін

ІV. Сабақты бекіту


2.Адам жүрегі
A. 2қуысты
B. 3 қуысты
C. 4қуысты
D. 3 қуысты және жартылай пердесі бар
E. Екі аортасынан қан айдайды.
3.жұрек оң жақ бөлігінде:
A. Қос жақтаулы қақпақша бар
B. Плазма толы
C. Эритроциттер түзеді
D. Лимфоциттер жиналып, лимфаға өтеді
E. Үш жақтаулы қақпақша бар
4. Вена:
A. Қанды мүшелерге ағызады
B. Қанды ұлпаларға ағызады
C. Қан мүшелермен ұлпалардан жүрекке ағатын ірі тамырлар
D. Оттекке қаныққан қанды тасымалдайды.
E. Лимфа тамырларына перпендикуляр жатыр.
Сабаққты қорытындылау
Сөйлемді толықтыр.
1. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде жасушалар тікелей қан арқылы шайылады.
2. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде қан қысымы, әдетте, жоғары және қан ағымы жылдам.
3. Лимфа — жасушааралық кеңістікке сүзілген және одан лимфа жүйесіне өткен плазмасынан түзілетін түссіз сұйықтық.,
4. Қанайналым қызметі: тасымалдаушы, реттеуіші, қорғаныш.
5. Жүрек бұлшық еті жүректің жиырылуына әсер ете алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет