Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау



Дата11.01.2017
өлшемі195,35 Kb.
#6993
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№ 3 орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Наурызалы Жанар Қанатқызы

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатынын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақта қолданылатын әдістер:СТО модулінің: ой-қозғау, миға шабуыл, семмантикалық карта құрастыру әдістері. Дарынды және талантты балаларды оқыту модулінің деңгейлік тапсырмалар беру әдісі. АКТҚ модулі: сергіту сәті. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің қалыптастырушы бағалау әдісі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік оқыту әдісі.
Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

Шаттық шеңберін құру.

Біз бақытты баламыз,

Күннен шуақ аламыз.

Жан-жағыма қарап ап,

Аздап күліп аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Партаға дұрыс отырғызу, зейінін сабаққа аудару.
Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымызда қосымшаның түрлері, олардың ерекшеліктері туралы үйренгенімізді пысықтап, түбір сөзге қандай ретпен жалғанатыны туралы үйренетін боламыз.



Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. Жж әрпі.

Сөздік диктант: Жетіген,жағажай, жұмыс, Жамбыл, әже, көжек,

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)



Деңгей

Орындалатын жұмыс түрі

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Білу

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қосымшалы сөздерді тауып, ажырат.

-Неліктен бұл қосымшаларды жұрнақ немесе жалғау деп ойлайсыздар?

-Түбір дегеніміз не?

-Жалғаудың ережесін еске түсірейік.

-Жұрнақтың дегеніміз не?



Жетекші сұрақтар қою

Жаттығуларды орындап, Сұрақтарға жауап беру

Түсіну

2-жаттығу. Туынды сөздерге жалғаулар қосып жаз.Өзің қалаған 3-4 сөзбен сөйлем құрастырып жаз.

Өріске, жеңіспен, батысқа, суреткерді, үміткерді, біріншісі



Жетекші сұрақтар қою

Жаттығуларды орындап, сұрақтарға жауап беру

Қолдану


Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: Топтамаларға жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді ажырату, әр сөзді ұясына орналастыру. Дұрыс тапқан оқушыларды бағалау.
Сөз -------Түбір ---- Жұрнақ ----Жалғау
Бүркітшілер
Өнерпаздар
Арбакештер

ойыншық,

егіншінің

доптар

-Оқушылар жоғарыды берілген жұрнақ пен жалғау бірге жалғанған сөздерге назар аударайық. Не байқадық? – Осы сөздерге қарап ереже шығарып көрейік.

Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бірінші, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады. Мысалы: талап-ты-дан, дәрі-гер-мін.


Жетекші сұрақтар қою

Жаттығуды орындау, сұрақтарға жауап беру

Талдау

Бұлттың астында қалған жұрнақтар мен жалғауларды жалғап жаз.

Ағаш  


Гүл

Күшік


Би

кітап
Семантикалық карта құрастыру



Жетекші сұрақтар қою

сұрақтарға жауап беру

Жинақтау

Деңгейлік тапсырмалар.

1.Түбір дегеніміз не?

2.Жұрнақ дегеніміз не

3.Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы неде?

4.Оқу сөзіне екі жұрнақ, екі жалғау қосып жаз.
1.Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы неде?

2.Оқу сөзіне екі жұрнақ, екі жалғау қосып жаз.


1 Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы неде?

Үй жұмысы: 5-жаттығу. Берілген сөздерге қосымшаларды жалғап, сөйлем құрастырып жазамыз.



Жетекші сұрақтар қою




Бағалау

Оқушыларды қалыптастырушы бағалау әдісінің бағдаршам әдісімен бағалау.

Мұғалімнің әділ бағалауы.

Бір – бірін әділ бағалау



Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстанның жаңа астанасы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың Астана қаласы туралы ой-пікірлерін, білімдерін арттыру, еліміздің бас қаласы жайында мәлімет беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, жылдам ойлау, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Сабақ түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап,түсіндіру,сөзжұмбақ шешу, қабылдау (хат жолдау), әңгімелеу.

Көрнекілігі: хат үлгісі, сызбалар, сөзжұмбақтар,сандар,суретті бнйнелер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Назарларын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу.

  • Қызығушыларын ояту.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  2. Жаңа сабақ.

  1. – Балалар, бізге Астана қаласынан хат келіпті, ол үшін сөзжұмбақты шешуіміз керек.

«Астана» сөзжұмбағын шешу.














А

л

м

а

т

ы







т

і

с










и

т










қ

а

р

л

ы

ғ

а

ш

л

и

м

о

Н













а

й

1.Апорт алманың отаны.

2.Адамның ас шайнау мүшесі.

3.Адамға серік, күзетке берік. Ол не?

4.Құйрығы айыр,киелі құс.

5.Терісі - сары,еті - дәрі.Ол не?

6.Орақ болып туады, тарақ болып бітеді. Ол не?

- Жарайсыңдар, балалар! Енді хатты оқуымызға болады.


Сәлем хат

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сабақ оқуларың қалай? Білімді болуға талпыныңдар, оқыңдар, үйреніңдер!Менің жағдайым өте жақсы.Жылдан жылға өсіп келемін.Мен туралы қолдарыңдағы дүниетану оқулығында да жазылған, ынта қойып оқыңдар.

Қоршаған әлемдегі кереметтерге қызыға қарап, ойланып,білуге құштар болып, жылдан-жылға өсе беріңдер.

Хат жолдаушы: Астана қаласы.




  • Міне, балалар,бізге келген хат осылай жазылыпты. Астананың айтқанын үнемі есте сақтап, орындап жүрейік.

  • Балалар, Астана қаласына не дейміз?

  • Рахмет саған, Астана!



2.Ой шақыру.«Шарлар сыры» ойыны, тақтада түсті қағаздан қиылған шарлар ілінеді.Шарларда сұрақтар жазылған.

«А» шарының сұрағы: ҚР астанасы қай қала?

«С» шары кезек күтіп тұр екен, сұрақты оқиық: 1998 жыл,6 мамыр. Осы жылы не болды?

«Т» шарының сұрағы: Астана қандай қала?

«А» шарында не бар екен көрейік: Астана қандай өзеннің жағасына салынған?

«Н» шары кезек күтіп қалған сияқты: Астана қаласының бейнесінде қандай жануардың

бейнесі салынған?

«А» шарына да кезек келді: Астана қаласында қандай әдемі құрылыстар орналасқан?


3.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқыту.Сұрақтарға жауап беру.


4.Ой толғау. «Бұзылған лифт» ойыны.

Бұлбұл астана қаласындағы 10 қабатты әсем үйде тұрады. Ол өз пәтеріне барайын десе, лифт бұзылып қалыпты. Біз Бұлбұлға көмектесіп, пәтеріне дейін жеткізіп тастайық.Ол үшін біз қойылған сұрақтарға жауап беруіміз керек.Ал, ендеше бастадық.

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз?

2.Еліміздің рәміздерін ата.

3.Астана қаласындағы мөлдір жол?

4.Өзі биік, жоғарғы жағында алтын түстес шар орналасқан құрылысты ата?

5.Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?

6.Еліміздің президентін білесің бе?

7.Еліміздің туының түсі қандай, ол нені білдіреді?

8.Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

9.Әнұранның авторларын ата.

10.Астана туралы ән білесің бе?




  • Бұлбұлды лифт жоқ болса да өз пәтеріне жеткіздік.Балалар сендерге рахмет.


4.Сабақты бекіту.

«Арман қала - Астана» қала туралы өз ой-пікірлерін ортаға салу.Астана қаласы жайында ән тыңдап,қосылып айту.


5.Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсетіп отырған балаларға Астана қаласы суреті бар ашық ашықхат сыйлау.


6.Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, «Астана – әдемі қала» тақырыбында сурет салып, әңгіме жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі. 

         Сабақтың мақсаты: жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың сөздік қорларын толықтыру. Жазу дағдысын қалыптастыру.

         Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

         Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Балалар жақсы тілектер айтады.

  3. Өткен дыбыстарды қайталау.

«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойын шарты: мұғалім дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.



  1. Мұғалім балаларға сюжетті суретке қарап әңгіме құратады.

Бұл – ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шын, қасық, тәрелкелер жуды.

  • Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.

  • Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі.

- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтылама?

- Демек, ы дыбысы – жуан дауысты дыбыс.

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатады.

Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк текшемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екені анықталады.

Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу.



  1. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс

Келіп қалды қыс.



  1. Дәптермен жұмыс.

Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді.



  1. Сергіту сәтін өткізу.

Тәрбеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай бөбектер

Үп – үлкен боп өседі.

         Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу.

         Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: 1. Балық суда жузіп жүр. 2. Мысық мияулады. 3. Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар.



  • Әр сөйлемде неше сөз бар?

  1. Қол жаттықтыру жұмысы.

Ауада жазу.

Дәптерге жазу.



Қорытындылау.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.


Тақырыбы: Майда тау жыныстары.

Мақсаты: 1.Білімділігі:Майда тау жыныстарының түрлері,оның адам өміріндегі маңызын туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық:Тығыз және майда тау жыныстарының бір-біріне қатысты құрылыс иатериалдар тобы туралы білімдерін кеңейту.

3.Өз тұрған жерлеріндегі тау жыныстарының кәдеге асуы туралы бағдарлау,туған жердің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Типі: Жаңа материалдарды меңгерту.

Түрі: Сарамандық сабақ.

Әдісі:Түсіндіру,сарамандық,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Пайдалы қазбалар (коллекциясы)жинағы,карта,тәжірибе жасау құралдары,құм,саз.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта табиғат

Жануар,өсімдік,адамзат.

Сүю,қорғау-парасат,

Білейік мұны жамағат!

2. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту.

Стикер таңдау арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

1топ- Жұмысшылар,2топ-Құрылысшылар,3топ-Мүсіншілер

-Балалар,жаңа сабақтан бұрын өтілгендерге шолу жасауретінде әр топ сұрақтарға тез жауап береді,сол арқылы ұпай сандары есептеледі.

1-ші кезең: Сұрақтарға тез жауап бер.

1-ші топ-Құрылысшылар:

1.Тау жыныстары дегеніміз не?

2.Тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді.

3.Гранит туралы не білесіңдер,қандай ерекшеліктері бар?

2-ші топ-Жұмысшылар:

1.Тығыз тау жыныстарына не жатады?

2.Тас көмір туралы не білесіңдер?

3.Тас көмірдің кен орындарын ата.

3-топ: Мүсіншілер:

1.Гранитке құмтас неге қолданылады?

2.Мәр-мәр туралы не білеміз?

3.Құмтас қалай пайда болады?

2-ші кезең: Сарамандық жұмыс кезеңі:

|||- Жаңа сабақ. Майда тау жыныстары-құм және саз.

-Құм және саз туралы не білесіңдер? (әр топ құм мен саз туралы ,олардан не жасауға болатыны туралы өз білетіндерін айтады.)

Бос тау жыныстары: Құм шыны Саз

кірпіш Құрылыс шифер ыдыстар

пластилин

-Балалар, құм мен саздың су өткізгіштік қасиетіне сарамандық жұмыстар жасау арқылы бірге анықтап, көз жеткізейік.

Үш топтағы оқушылар лабораториялық әдіс бойынша тәжірибе құм мен саздан жүргізіледі. Тәжірибе жасау кезінде. Стаканның бетіне құйғы(воронка)қойып,құйғының түбін мақтамен немесе дәкемен бітейміз.Біреуінің ішіне аздап құм,екіншісіне сондай мөлшерде құрғақ саз салып тығыздау.Енді екі құйғыға да су толтырып құйыңдар. –Ал балалар ,не байқадыңдар? Бұдан құм мен саздың су өткізгіштік қасиеті жайында қандай қорытынды жасауға болады? (Оқушылардың тәжірибе жасау кезінде көз жеткізген ойлары).

1.Құм салған құйғыдағы судың түгелдей ағып кеткені.

2.Саз салынған құйғыдағы судың онша ортаймағаны.

3-кезең: Дәлелдеу,зерттеу жұмысы.

1-топ. Құм мен саздан жұмысшылар не жасайды?

2-топ.Құрылысшылар құм мен саздан не жасайды?

3-топ. Мүсіншілер құм мен саздан не жасайды?

4-кезең: Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар осыған дейінгі білетіндерін кестеге түсіріп содан соң оқулық бойынша үйренгенін кестенің екінші бөліміне түсіреді.

Дәптермен жұмыс жүргізіледі.

білемін

білгенім

үйрендім

зерттеймін

құм










саз










Құрылыс материалдары


































5-кезең. Картамен жұмыс.

Қазақстанның пайдалы қазбаларын картадан тауып көрсету.

1-топ.Тас көмір қай жерде өндіріледі?

2-топ.Гранит қай жерде өндіріледі?

3-топ.Мұнай қай жерлерде өндіріледі?

Қорытынды: Ой-қиял. Хат-ой елегі.

Егерде пайдалы қазбалар таусылған жағдайда не болар еді? (хат жазуға 2-3минут уақыт беріледі,топта жазады,оқу,талқылау)

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Зерттеу жұмысы. Ауылымызда қандай құрылыс жұмыстары жүріп жатыр?

Бағалау. Әр топ жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.

Сабақтың тақырыбы


Диқан баба
Мақсаты

Балаларға диқаншының еңбегі туралы мағлұмат бере отырып өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеуді қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер

A/ Аңыздың негізі ойын түсінеді,өз ойларын айтады


B)Молшылық туралымағлұматтарын,ой ұшқырлығын айқындайды
C) Өз өмірімен ,өлкесімен байланыстырады,бидай өнімі туралы талдап қорғайды

Керекті жабдықтар

Әдебиеттік оқыту.Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық/ З. Муфтибеков,П.Қ.Жаманқұл – Алматыкітап баспасы 2011 , Әдістемелік нұсқау, Б.Л Хаджиева.
Маркер,карандаш,флипчарт.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма: 1,2,3,4,7


Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

Психологиялық дайындық


Тренинг:
Пәндер техникасы арқылы 4топқа бөлу
Үйге берілген тапсырманы кім айтып жібереді екен ?
С.М.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» мәнерлеп оқу және эссе.
Ендеше әр топтан екі оқушыдан шығып жұптасып оқып өз эсселерін оқи қойсын.
Үй тапсырмасын қалай түсінгенімізді бағдаршам әдісі арқылы бағалй қояық.

Әдебиет,Қазақ тілі ,Дүниетану,Математика

үйге берілген тапсырманы кім айтып жібереді екен ?

Әр топтан екі оқушыдан шығып үйге берілген өлеңді жұптасып оқиды


Әр оқушы өз эссесін оқиды.
Тұсау
кесер

Құпия көрініс әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.


1-топ.Қазақ тілі, осы подкастқа байланысты мақал -мәтелдер айтамыз.
2-топ.Математика,сіздер де, мақал -мәтел бірақ оның ішінде сандар болу керек.
3-топ.Әдебиет подкаст бойынша өз ойларыңызды айтыңыз.
4-топ.Дүниетану пәнінен өтіп жатырған тақырыптармен байланыстыру
Мысалы:
Бидай ,арпа,сұлы
- Бидайды кім егеді?
-Диқан
- Дұрыс.Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Диқан баба деген әңгіме.Мифтік аңыз әңгімелер жинағынан.Ал аңыз дегеніміз не балалар?
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадын, жазып жаңа тақырыптың атын жазамыз . Берілген бейне жазба бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды. . Бұл не? деген сұрақ қоюға болмайды

Біз планеталар тақырыбын өтіп жатырмыз ,жер адамдар тұратын планета, онда әртүрлі адамдар мекен етеді, олар тазалықты әрдайым сақтай бермейді, бірақ бізге тамақ беретін жер ана деп айтса.Жерге әртүрлі дәнді дақылдар егіледі.

Аңыз дегеніміз-адамдардың ерлігі,жақсы қасиеттері елден- елге,ауыздан ауызга тарауын айтады
Негізгі бөлім

Кітаппен жұмыс


Мәтінді жеке оқиды,әр топтан бір оқушыдан жалғастыра оқимыз, топтық әңгіме жүреді. Тізбектеліп оқиды.
Әңгімені түсінсек балалар
Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ Әдебиет Диқан баба қандай адам?Өз ойыңды стикерге жазып постерге жапсыр.
2-топ.Дүниетану Аңыз кейіпкерлерінің мінезін сипатта /молшылық кезіндегі,ашаршылық кезіндегі/
3-топ Математика Бидайға байланысты сандарды байланыстыра айту.
4-топ Қазақ тілі Бидай сөзін септеу.

Ақыл ой картасын жасайды және қорғайды.


Екі жұлдыз бір ұсыныс әдісі Өкіл әдісі арқылы бір оқушы барып, келесі топта талқылайды, ойларын біріктіреді.

Постерді жасақтайды.

Оқушылар өздерін бағалайды.

Екі жұлдыз бір ұсыныс әдісі арқылы өзара бағалайды

Қосымша мәліметтер актив студиода жазылып тұрады.

Қорытынды бөлім Сұрақты ұстап ал әдісі арқылы сабақты бекіту


-Молшылық кездегі адамдар қандай боды?
-Диқан баба адамдарға не үйретті?
-Аңызды оқи отырып қандай ой түйдің?

«3:2:1» әдісі бойынша қортындылау



Біздің әр сабағымыз сәтті де, байланысты өтсін және өмірде де байланыс та болайық.
Допты лақтыру арқылы оқушыларға сұрақтар қою

Үш ұнаған фактор екі қиындық, бір ұсыныс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет