Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:Үйсіндердің мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысып,металл өңдеп, тұрмыстық бұйымдарды өздері жасағанын, салт-дәстүрі мен діни ұғымдарын оқушыларға түсіндіру.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пайдалана отырып, салыстыра білуге үйрету, тапсырмалар беру арқылы ойын дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Үйсіндердің шаруашылықты өнерді дамыту арқылы дүние жүзілік өнердің көрмесіне үлес қосқанына тоқтала отырып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге тәрбиелеу.
Түрі: Интерактивті сабақ.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар, ҚР әкімшілік картасы, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы мен өткен тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар.
1.«Жұппен жұмыс»
2. «Бұл кім?» Тарихи тұлғалар туралы.
3. «Сынақ хат». Мәтін толықтыру.
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:
- Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
- Егіншілік пен отырықшылық.
- Түрлі кәсіпшілік.
- Салт-дәстүрі мен діни түсініктері.
1. Мал шаруашылығы.а/ Көшпелі мал шаруашылығы.
б/Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
Үйсіндердің көп өсірген малы- жылқы мен қой. Аз өсірген малы- сиыр.
Оқушылар төрт түлік пірлерін атайды. Мақал-мәтел айтылады. Слайдтағы суретке қарап, әңгіме құрастырады.
2. Егіншілік пен отырықшылық. Проблемалық сұрақтар арқылы тақырып мазмұны ашыла түседі:
Неліктен егін егу үйсіндерге қолайлы болды?
Олар егін еккен Шу, Талас, Іле өзендерін оқушылар картадан көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс:
Үйсіндердің егін еккенін дәлелдейтін жолдарды мәтіннен тауып оқу. Ақтас қонысы туралы дерек. Үйсіндерде қала болғандығы туралы қытай тарихшылары қалдырған деректер айтылады.
Сұрақтар:
«Қырман деген не?
Қырманнан астық қайда барады?» «Қырман басында» картинасымен жұмыс. Қазақстанда тыңның игерілуі туралы.
3. Түрлі кәсіпшілік. Тірек кестемен түсіндіріледі.
Оқушылар бұрынғы білімдерін пайдаланып, тірек кестесімен өздері жұмыс жасайды. Зергер, ұста туралы түсініктер сұралады. Ауызша әңгіме: «Менің атам ұста болған».Сақ кәсіптерімен салыстыру. «Жайма өрмек» картинасымен жұмыс.
Кәсіп түрлері:
1.Металл өңдеу
2.Ұсталық
3.Зергерлік
4.Тоқымашылық
5.Құмырашылық
6.Тері өңдеу
4. Салт-дәстүрі мен діни нанымдары.Оқушылардың 3 тобына мәтін бойынша тапсырма беріледі:
а/бірін-бірі оқыту әдісі;
б/ мәтінді жоспарлау;
Жоспары: а/ зерттелуі;ә/ обалар құрылысы;б/ жерлеу рәсімі;
Оқушылар мәтін бойынша түсініктерін айтады. Әлемдегі беделді діндерді аталады.( Ислам, христиан, будда). Ислам-таза дін.
ІҮ. Бекіту. «Біз не білдік?»
1.Тірек сөздермен жұмыс.(үйсін, жылқы, түйе)
2.Тарихи басқатырғыш шешу.(тері өңдеу, егіншілік, құмырашылық, көшпелі)
3.Жорамал диктант.(Берілген сөздерді орнына қою)
4. Венн диаграммасы.(Үйсіндер мен сақтарды салыстыру)
Ү.Жаңа сабақты қорытындылау.
Үйсіндер- Қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен тайпалардың бірі. Қазақ халқының шаруашылығының, өнерінің, мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Үйсін өнеріндегі табыстар дүниежүзілік өнердің көрмесінде өз үлесін қосты.
ҮІ.Ізденіс жұмыстарын тексеру.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 17- тақырыпты оқу, ізденіс жұмыстарын жалғастыру, «Үйсіндердің салт-дәстүрі- қазақ халқының салт-дәстүрінің бастауы» тақырыбында әңгіме жазу.