Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметі. Калашников автоматын (қол пулемеметін)жартылай бөлшектеу және жинақтау. 11сабақ



Дата07.02.2022
өлшемі15,55 Kb.
#93088
түріСабақ
Байланысты:
93090678-a3ac-49c2-a49b-1083619579a9 (4)
1 Заявка для участия в семинаре, 1 Заявка для участия в семинаре

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметі. Калашников автоматын (қол пулемеметін)жартылай бөлшектеу және жинақтау. 11сабақ.
I) Атыс дайындығы әртүрлі ұрыс жағдайында жеке құрамды өз қаруын тиімді, дұрыс пайдалана алуға үйрету мақсатында жүргізіледі.Қарумен әрекет жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.1.Бекітпе жақтауын сабынан ұстап, артқа тірелгенше тарту және оны оқтау кезінде жіберу,сондай-ақ ағытқыш ілмеке басу тек бір қолмен жасалуы тиіс.Атыста патронның атылмай қалған кезінде ұңғы арнасын ашу және патронды алу 30с кейін жүргізілуі керек. 2.Автоматты алған соң, оқтықта патронның және ұңғы арнасында басқа заттардың жоқ екеніне қөз жеткізу керек.3.Оқталған автоматпен әрекет жасау кезінде оны адамдарға немесе адамдар болуы мүмкін жаққа бағыттауға болмайды. 4.Ұзақ атыс жүргізу кезінде ұңғыдан шығатын ыстықтан күйіп қалмау үшін автоматты атысты басқару сабынан немесе қосылған оқжатардан ұстап тұру қажет.5.Автоматты бөлшектеуге және жинастыруға үйрету тек қана оқу автоматтарда жүргізілуі тиіс.6.Атысты аяқтаған соң автоматты оқсыздандырып,оқтықта патронның жоқ екенін тексеріп, бақылау басу жасап, автоматты сақтандырғышқа қою қажет.5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматты-дербес қару, ал 5,45мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады.Олар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын жоюға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі.Түнгі жағдайда ату және бақылау үшін АК74Н,АКС74Н автоматтары мен РПК74Н,РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі.Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі ,жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.Автоматтан автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі.Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа(5атысқа дейін) және ұзақ атумен(10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі.Атыс кезінде патронда автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабын беріледі.Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы:АК74-3,6кг;АК74Н-5,9кг;АКС74-3,5;АКС74Н-5,8кг.Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы-490г.Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы:РПК74-5,46кг;РПК74Н-7,76 кг; РПКС74-5,61кг;РПКС74H-7,91кг.Автоматтың жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.Автомат мынадай негізгі бөліктер мен механизмдер тұрады:-ұңғы қорабы. Көздеу жабдықтары және тапанша сабы;-ұңғы,ұңғы қорабымен;-газ поршені мен бекітпе жақтауы;-бекітпе;-қайтармалы механизм;-ұңғы жапсырмасы мен түтігі;-соққы-ағытқыш механизм;-құндақ;-оқжатар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
2.Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізі бөліктерін атаңдар.
II) Автоматты бөлшектеу толық және тлық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу-автоматты тазалау, майлау және қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.Ұрыс автоматтарын бөлшектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлшектері мен механизмдерге аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.Пулеметті бөлшектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата тіреуіш аяғы қою керек.Ол үшін тіреуіш аяғын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның тіреуіш аяқтарын аздап ажырата,ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның тіреуіш аяқтарын жинайды. Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі Оқжаттарды бөлшектеу.Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.Сүмбіні алу.Автоматтан ұңғылық тежеуішкомпенсаторын,пулеметтен жалын сөндіргіш бөліп алу.Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.Қайтармалы механизмді бөліп алу.Бекітпемен қоза бекітпе жақтауын алу.Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Ұңғылық бастармасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.Газ түтікшесін ұңғылық бастармасымен қосу.Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Қайтармалы механизмді қосу.Ұңғы қорабының қақпағын қосу.Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды,пулеметке жалын сөндіргіш қосу.Сүмбіні қосу.Пеналды дүм ұясына салу. Оқжатарды автоматқа қосу.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Автоматтың механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.
2.Үңғы,үңғы қорапшасы, көздеуіш құрылғы,көздеуіш,газ поршімен қоса бекітпе жақтауы, бекітпе қайтармалы механизм не үшін арналған?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет