Блокнот қолданбасында терілген мәтінді сақтау үшін, WordPad қолданбасындағы Файл – Сохранить как ... командасын орындаңдар. Файл – Открыть командасын орындап, Блокнот қолданбасында құрылған құжатты ашуға болады.
Калькулятор Стандарттық программа – сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.
Калькулятор программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаймыз: Бастау – Барлық программалар – Стандарттық – Калькулятор
Сендер сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгізе аласыңдар.
Калькулятор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады.
Сандық пернелерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.
Амалдардың орындалу ретін сақтау және күрделі есептеулер жүргізу үшін жад қолданылады: MS батырмасы – мәнді жадыда сақтау үшін.
MR батырмасы – жадыдан шығарып алу үшін.
Қызықты ақпарат.
Калькулятор (лат.calculator-«санағыш»);
Сандар мен алгебралық формулалармен амал орындау үшін қажетті электрондық есептеуіш құрылғы.
Калькулятордың функцияларын жүзеге асыратын компьютерлік программа.
КСРО-да алғаш 1973 жылы «Электроника Б3-04» микрокалькулятор үшін қолданылы бастаған «микрокалькулятор» термині пайдаланылды.
Дербес компьютердің пернетақтасында, қол сағаттарда орнатылған калькуляторларда бар. Қазіргі калькулятор кез – келген ұялы телефондарда да, кездеседі.
Калькулятор тарихынан.
1963 жыл: Англияда бірінші жалпы қолданыста ANITA MK VIII калькулятор шығарыла бастады. Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істеді.
1974 жыл: Кеңестер одағында Элетроника Б3-04 калькуляторы шығарыла бастады. Ол қарапайым амалдар мен тұрақтыларды пайдаланып есептеуге арналған. Оны жасаумен 27 адам, 9 ай мерзім жұмс жасаған.
Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып экранға көрсетілген клипқа назар аударайық робот билейді, ал бәріміз, роботпенен «Қызыл өрік» өлеңіне қосылып билейміз.
“Теңге ілу” ойыны тағы бар,
Қызықтырар жұрттарды қайда да.
Кім екен мерген дәл қазір,
Қызықты ЭВМ сабақта.
Әрбір теңгенің астында сұрақ жасырылған. Ал қане балалар.
5 теңге. Блокнот программасын іске қосу үшін қандай команда орындалады?
10 теңге. Блокнот қолданбасында буфердегі мәтінді кірістіру командасы қалай орындалады?
20 теңге. Қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерту қалай жүзеге асады?
30 теңге. Калькулятор программасын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындаймыз?
40 теңге. Мәтінді сақтау үшін қандай команда орындаймыз?
50 теңге. Блокнот программасындағы мына батырмалар қандай қызмет атқарады?
Келесі ойынымызға көшелік. Бұл ойында практикалық жұмыстарды орындаймыз.
Қай топ бірінші орындап болады екен.
Қазақта бір ойын бар қызды қуу,
Жігіттер қызды қуған дәстүр сақтап.
Ертедегі бабамыз қазақтардай
Өткізейік бұл жарысты бізде баптап.
А деңгейі.
Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжаттарды принтерден басып шығарыңдар. Блокнот программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: Бастау – Барлық программалар –Стандарттық – Блокнот
Калькулятор программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: Бастау – Барлық программалар –Стандарттық – Калькулятор
100-67=
(30*5)-6=
(456+76)-(76+3) =
6*(45+5-21)+9=
207+65-(54+32)*2=
76-9*(5-2) =
66:3+11м
80:2+4*(34+12)-1=
100+58-(34+5*2):2=
45:5+15-6*3=
(300+200)-(54+3) =
670+300-2*4+(56-2) =
Енді келесі сайысымызға көшелік.
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Сәйгүлік екенінді тағы таныт.
Бәйгеге аттың басын тартпас болар,
Ал енді тізгіндерді ағыталық.
Бұл ойынның шарты төменде берілген В деңгейінің тапсырмасын жылдамдықта орындау керек.
В деңгейі.
Есептерді шығарыңдар, есептеулерді калькуляторда орындаңдар және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Әр түрлі тәсілдермен көшіріңдер. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжаттарды принтерден басып шығарыңдар.
№1 Есеп
Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы нешеге тең?
№1 Есеп
Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
С деңгейі.
Айталық, сендерге бірнеше құрылғы сатып алу керек: принтер, сканер, тышқан. Олардың әрқайсысының бағасын мәтіндік құжатқа жазыңдар. Бағандар құру үшін табуляцияны пайдаланыңдар. Жалпы соммасы Калькуляторда есептеңдер. Есептеу нәтижелерін тасымалдау үшін алмасу буферін қолданыңдар.
WordPad-ті іске қосыңдар.
Есептің мәтінің толтырыңдар.
Алшақ орналасқан құрылғыларды сатып алу
ҚАРАЖАТЫН ЕСЕПТЕУ
1
|
Принтер
|
17700
|
2
|
Сканер
|
18576
|
3
|
Тышқан
|
3395
|
Барлығы
|
|
Калькуляторды іске қосыңдар және қосуды орындаңдар.
Түзеу мәзірінде Көшіру бұйрығын таңдаңдар.
Мәтіндік редакторға ауысыңдар.
Көшіру бұйрығын орындаңдар.
Блокнот, калькулятор программасын оқу және ауызша мазмұндау.
Блокнот, калькулятор программасы туралы сөзжұмбақ немесе ребус құрып келу.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау парақтары арқылы бағаланады. Топ басшысы бағалайды.
Бағалау парағы
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Көкпар
|
Теңге ілу
|
Қыз қуу
|
Бәйге
|
А деңгейі
|
В деңгейі
|
С деңгейі
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
Сонымен бүгінгі біздің сайысымызда «Блакнот» тобы жеңіске жетті. “Жеңіс түбі – табыс” дегендей жеңген топқа ат мінгіземін (ойыншық ат беремін), келесі топқа шапан жабамын (суретін беремін). Ал жеке ойыншыларға “сыйлықтар”, яғни бағалар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |