Батыс Қазақстан облысы.
Казталов ауданы.
Қайыңды орта жалпы білім беретін
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Баймағамбетова Айнұр Махамбетқызы
Сабақтың тақырыбы: Кейінгі палеолит
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.Алғашқы адамдардың қашан, қалай пайда болғанын түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімге деген құштарлыққа, өз тарихын құрметтеп, сүйе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Ой - өрістерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өзіндік жеке пікірлерін қалыптастыруға ұмтылу, тез қабылдауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап,тестімен жұмыс
Көрнекілігі: Кесте, карточкалар, карта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2.Суретті қима қағаз арқылы топқа бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ – жауап:
1. Адамзат тарихындағы алғашқы ең ұзақ кезең қалай аталады, оның ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
2. Алғашқы адамдар өздерінің еңбек құралдарын қалай жетілдіріп отырған?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері
2.Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит
3. Саналы адам
4. Рулық қауымның шығуы
Жаңа сабақты меңгерту әдістері:
1.Мәтінмен жұмыс. «Құмырсқа» стратегиясы тақырыпқа қатысты кілт сөздері бар мәтінмен жұмыс
Ережесі: Әрбір топ жеке тапсырма алады. Сол тапсырмаға сай ақпараттар сынып қабырғаларының әрбір жерлеріне ілінеді. Мәтін ішіндегі кілтті сөздер қарайтылған шрифтімен белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы жүгіріп жүріп топқа кілт сөздерді ретімен айтып келіп тұрады. Топтағы бір оқушы жазып отырады. Таймердің дыбысы 5 минуттан кейін уақыт біткенін хабарлайды. Келесі қадам. Мұғалім әр тапсырмаға сәйкес кілт сөздерді сұрайды. Барлық топтар сөздерін айтып шығуы керек. Қай топтың жауабы толық болса сол топ жеңімпаз болады.
Кілт сөздер: Қауым, Кро-Маньон,Семізбұғы,саналы адам, ,палеолит,болас,найза, ,арқар
«Әңгімені кадрлап бөлу» стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс. Кадрмен бөлінген мәтіндерді құрастыру. Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктерін анықтау үшін, белгілі бір сұрақ қойылады. Мыс:
1) 10 карточкаға бөлінген мәтінді топтарға қарап шығуға беру. Сыныпқа әр карточкадағы мәтін бойынша 5 сұрақ қойылады. Жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушыларды марапаттау (мысалы, жұлдызша).
Ережесі: Әрбір топтағы сұраққа бір рет жауап берген оқушы келесі ретте жауап бермей, басқаларға жол беруі керек. Топтағы жолдастарына дұрыс жауабы бар карточканы көрсетіп көмектесе алады. Ең соңғы карточка қалғанда сұрақты толық оқымай жартысын айтамын, оқушылардың өздері ол не туралы екенін жылдам айтады.
Кейінгі палеолитке тән құралдар? (қырғылар,қырғыштар,найза,шанышқы ұштары т.б.)
Кейінгі тас дәуірінің негізгі жануарлары? (мамонт,жүндес мүйізтұмсық,тур-өгіз,кішкене бизон,үңгір аюы мен жолбарыс)
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісінің бірі? (Батпақ мекені)
Батпақ мекенінің жас мөлшері? (Б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл)
«Қыстырма әдісі» дегеніміз не? (Сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша ттастарды желімдеп орнатып,кескіш құрал жасау)
3. Бос сөздерді толықтыру. Кейінгі палеолитті мәтін арқылы талдау. Берілген мәтіндегі бос сөздердің орнын толықтыру. Қосымша кілт сөздер беріледі.
Сөздерді толықтырғаннан кейін, мәтінге қатысты сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын оқушылар арнайы дайындалған A4 форматтағы ламинатталған қағазға жазылып, оның жауабын топпен жазып жоғары көтеру керек.
Берілген сұрақтар:
Кейінгі палеолит дәуірінде қазіргі адамдарға ұқсас қалыптасқан адам?Саналы адам
Кейінгі тас дәуірінің шығыс Қазақстан жеріндегі тұрағы? Шульбинка
Тік жүруді,анық сөйлеуді меңгерген адам? «Саналы адам»
Саналы адамның миы епті адамның миынан үлкен болды? Екі есе
Кейінгі палеолиттің мерзімі? Б.з.б.40-12 мың жыл
3. «Кім жылдам» Тірек сөздерді қолдану арқылы мәтін құрау:
Бірлесіп аң аулау, рулық қауым, аналар, жеміс-жидек, найза, жалпы жиналыс, ақсақалдар, көсемдер.
4. TARSIA – әдісі. Сұрақ-жауап. Тиісті сұрақтар талқылау.
Ү. Бекіту:
1.Кейінгі тас ғасырында пайда болған тасты өңдеудің жаңа техникасы?
А)Бұрғылау В)Жұмыр тасты жару С)Жаңқалау Д)Қысып қойып өңдеу Е)Ұнтақтау
2.Кейінгі тас ғасырының ескерткіштері қай мәдениетке жатады?
А)Андронов мәдениеті В)Олдувай археологиялық мәдениеті С)Кроманьон мәдениеті
Д)Ботай мәдениеті Е)Дәндібай мәдениеті
3.Саналы адамның шығу уақытына сәйкес ке летін адамдар ұжымы?
А)Тобыр В)Рулық қауым С)Ұлт Д)Тайпалық бірлестік Е)Мемлекет
4.Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі?
А)Тайпалық В)Малшылар қауымдастығы С)Рулық қауым Д)Өндірістік ұжым Е)Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы
5. «Саналы адам» қашан қалыптасты?
А)1 млн жыл бұрын В)500-200 мың жыл бұрын С)100-35 мың жыл бұрын
Д)70 мың жыл бұрын Е)40-35 мың жыл бұрын.
ҮІІ. Бағалау: Блоб ағашы әдісі бойынша өздерінің қай деңгейде тұрғандарын суретке белгілейді.
ҮІІІ. Үйге: Шығармашылық тапсырма.
Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды.Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды.Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті.Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды?Олар суықтан қалай қорғанды? Әңгімені жалғастыр.
Достарыңызбен бөлісу: |