Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата09.08.2017
өлшемі27,89 Kb.
#23249
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Сазды орта мектебі

Бастауыш мұғалімі

Тлеуова Нуржанат Кенжегуловна

Пәні: Ана тілі

класс:1


Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Өлеңді түсініп оқуға үйрету. Оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздерді түсіндіру. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Өз бетінше оқуға,сөйлеуге,өз ойын айтуға баулу.

  3. Тәрбиелік: Білімнің қажеттілігін түсіндіріп,білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекіліктері: Үлестірме қағаздар,Ы.Алтынсаринның портреті, слайдтар, суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс,ойын,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Тренинг:Гүл шоғы




  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Ой қозғау

  • Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

  • Бүгінгі ауа-райы сендерге ұнайды ма?

  • Бүгінгі ауа райы қандай?

  • Иа, күн жарқырап шығып тұр. Жаңбыр жауатын кезде аспан қандай болады?

  • Күн бұлттанып, аспанды бұлт торлайды.

Тапсырмалар:

  • 1-тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін 4 сөз айт.

  • 2-тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін 2 сөз айт.

  • 3-тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.

  • 4-тапсырма: нелер? деген сұраққа жауап беретін 3сөз айт.

  • 5-тапсырма: не істеді? деген сұраққа жауап беретін 1 сөз айт.


Тапсырмалар:

Заттың қимылын білдіретін сөздер жаз.

Асан не істеді?

Мадина не істеді?

Кірпі не істейді?

Аю не істейді?

Қоян не істейді?


  • Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?

Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.




  • Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңімен танысамыз.

Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс.



  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

  2. Оқушылардың тізбектей оқуы.

Сөздік жұмыс:

Сиса – мата түрі

Ықыласпен тоқу – көңілге түю, есте сақтау.


  • Ыбырай Алтынсарин осы өлеңімен не айтпақшы болды деп ойлайсыңдар?

  • Өлеңнен қимылды білдіріп тұрған қандай сөздер бар? Кім айтады?

Сергіту сәті. Не қалай жүреді ?

Суреттермен жұмыс

Кім не істеп жатыр?
№3 Ана тілі жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.

Сабақты қорытындылау.

- Мектепте оқушы не істейді?



  • Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т.б.

  • Осы сөздердің бәрі нені білдіреді?

  • Заттың қимылын білдіреді.

  • Қандай сұрақтар қоямыз?

Бағалау

Үйге тапсырма беру кезеңі.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет