Қызылорда қаласы, Ахмадеева Нағима атындағы № 112 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Асқарова Фарида Бүркітбайқызы
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Пәні: қазақ тілі.
|
Күні:
|
Уақыты:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Келер шақ.
|
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
|
Оқып-үйренудің
негізгі мақсаты
|
-Келер шақ етістігі туралы білетін болады.
-Білімсіздік, еріншектік, залымдық туралы түсіну.
-Қатесіз, көркем жазуға үйрену.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
-Келер шақ етістігі туралы біледі.
-Білімсіздік, еріншектік, залымдық туралы түсінеді.
-Қатесіз, көркем жазуға үйренеді.
|
|
Негізгі идеясы
|
Келер шақ етістіктері іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
|
|
Тапсырмалар
|
Ребус шешу. «Шыбықтар отырғызу» ойыны.
|
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз».
Жұптық жұмыс. «Құрастыр, одан кейін жауап бер».
|
|
|
Жеке жұмыс «Құзырлылық тапсырмалар»
|
|
Негізгі дерек көздері,көрнекіліктер
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық,жұлдызшалар,бағдаршам
сигналдары,стикер, қазақ тілі оқулығы,интербелсенді тақта.
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
1-Ұйымдастыру
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2.Топқа бөлу. 3 топқа бөлінеді.
А парағын тарату.
Оқушыларға жұлдызша жинау арқылы сабақ соңында бағаланатынын ескеру. .
|
Оқушының іс-әрекеті
«Басбармақ» әдісі арқылы балалар көңіл-күйін білдіреді.
Әр топ таймкипер,төраға,хатшы, баяндамашы, жалпы бақылаушыларды белгілеп алады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
5 минут
|
«Шыбықтар отырғызу» ойыны арқылы пысықталады.
1-шыбықта: «Етістіктің шақтары туралы не білесің?».
2-шыбықта: «Осы шақтың сұрақтарын айта отырып, мысалдар келтір».
3-шыбықта: «Өткен шақ туралы не айта аласың».
4-шыбықта: « «Сал» сөзін етістіктің үш шағында айтыпбер. Неше шыбық отырғыздың?(4) Төрт санына байланысты қандай нақыл сөздер біесің?»
Неше шыбық отырғыздық? (4 ). Төрт санына байланысты
Қандай нақыл сөздер білеміз?
Иә,осылайша әрбір күнгі тапсырманы түгелдей орындап, меңгеріп жүрсек білім жолындағы төрт құбыламыз түгел болады екен.
|
Оқушылар әр шыбықтардағы сұрақтарға жауап бере отырып, шыбықтарды отырғызады.
Оқушылар төрт санына байланысты нақыл сөздерді айтады.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Төрт құбылам түгел болсын».
Мақтау, мадақтау арқылы бағалау.
|
Тұсаукесер 2 мин
|
Мағнаны таныту.
Ой қозғау.Ребус шешу. (Кеме, уйлер, шаян, қол). Ребусты шешу арқылы шыққан сөз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Келер шақ
|
Балалар ребусты қызыға отырып шешеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.
|
Жаңа сабақ
5 мин.
Оқулықпен жұмыс.
3 мин.
Дәптермен жұмыс.
3 мин.
Ереже құрастыру.
5 мин.
|
«Күн шуағын шашады» ойыны арқылы «Етістіктің төлқұжатын» дайындаймыз.1-топ. Етістіктің ережесін, сұрақтарын жазады. 2-топ. Етістіктің түрлерін жазады.
3-топ. Етістік түрлеріне мысал келтіреді.
Топтар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
1-жаттығу.(ауызша орындалады.) Мәтінді түсініп оқу.
Топтарға тапсырма.
І топ. Мәтінді оқиды.
ІІ топ. Қарамен жазылған создерге сұрақ қой?
ІІІ топ. Олар қашан болатын іс-әрекетті білдіріп тұр?
«Бағдаршам» арқылы бағдарлау.
Оқушыларға пингвин туралы видноролик көрсету.
«Құрастыр, одан кейін Жауап бер» жұптық жұмыс.
2-жаттығу. Әр оқушы жеке орындайды, жұппен талқылайды,бір-бірінің жазғандарын тексереді.
Балалар жаттығуларды орындай отырып, «Келер шақ» ережесін құрастырады. Содан кейін барып оқулықтағы берілген ережемен салыстыра отырып талқылайды.
Ереже құрастыруда топтарға тапсырма беріледі.
Оқушыларды мақтау-мадақтау арқылы бағалау.
|
Оқушылар алдарындағы күн шуақтарына берілген тапсырманы жазып, күннің шуақтарын күннің айналасына қыстырады. Барлық тапсырма орындалып болғанда
«Етістіктің төлқұжаты» шығады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
І топ. Мәтінді оқыйды.
ІІ топ. Не істейді? деген сұрақ қойылады.
ІІІ топ. Олар енді болатын іс – әрекетті білдіріп тұр.
Тыңдап бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
Балалар дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің ретін жазады. 2-жаттығу орындалады. Жұптар бір-бірімен ойласа отырып тапсырманы орындайды.
1-топ. Ережені жазады.
2-топ. Мысалдар жазады.
3-топ. Сұрақтарын жазады.
Топтар арасында ереже талқыланып, талданады.
«Жарайсың, керемет, өте жақсы т.б.» транскрипциялар арқылы бағалау.
|
Сергіту сәті 2мин.
|
«Иә, жоқ» ойыны.
1.Етістік үш жақта жіктеледі.(Иә)
2.Тәуелдік жалғаулы зат есімдер септеледі. (Иә)
3.Көмектес септіктің сұрақтары кімге? неге? (жоқ)
4.Қазақ тілінде алты септік бар. (Жоқ)
5.Табыс септіктің жалғаулары –ды,-ді, -ты,-ті.(Иә)
6.Болымсыз етістіктің жұрнақтары –ма,-ме,-ба,-бе.(Иә)
7.Етістік жіктелмейді.
8. Етістік үш шақта айтылады.
|
Оқушылар «Иә, жоқ» деп қана жауап береді.
|
Топтық жұмыс.
7 мин.
|
3-жаттығудағы мәтін бойынша топтарға тапсырмалар беріледі. 1-топ. Жаттығудағы надандық, залымдық, еріншектік жайлы өз пікірлерін постерге түсіріп, дәлелдейді.Ондағы етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. 2-топ.Абай Құнанбаев туралы не біледі? Постерге түсіру. 3-топ. Білім, еріншектік, залымдық туралы мақал-мәтел жазу.
« Еркін микрафон сөйлейді» формативті бағалау.
|
Топ болып тапсырманы орындайды.
Топ пікірлерін тыңдау.
Топ бір-бірін бағалайды.
|
Жеке жұмыс.
5мин.
|
Құзырлылық тапсырма. Мәтін.
Етістіктің Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ дейтін ұлдары болыпты. Осы шақ не істеймін? Не істейсің? деп сұрай берсе, Өткен шақ мен осы не істедім? Сен не істедің?деп сұрай береді екен. Келер шақ есімді баласы сендер не істеп отырсыңдар? деп ағаларын мазалай беріпті. Қалай ойлайсыңдар үш ұлдың бір үйде тату-тәтті өмір сүрулері мүмкін бе?
Тұжырымдама
|
Иә / жоқ
|
Дәлелдеңіз (неліктен иә,жоқ)
|
Осы шақ не істеймін?не істейсің?
|
|
|
Өткен шақ не істедім? Не істедің?
|
|
|
Келер шақ не істеп отырсың?
|
|
|
|
|
|
|
|
Кері байланыс.
2мин
Бағалау.
|
Стикерге бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын жазып, өздері отырғызған шыбыққа қыстырады.
Балалар жинаған жұлдызшалары арқылы бағалау.
|
Балалар стикерге жазып, өз ойларын қалдырады.
Оқушылар бағаланады.
|
Кейінгі оқу.
|
Етістік туралы қайталап, ереже жаттау.
|
|
Кейінгі тапсырма.
1мин.
|
125-беттегі 5-жаттығуды орындау.
|
Күнделіктеріне жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |