Сабақтың тақырыбы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру



бет2/14
Дата05.02.2022
өлшемі4,64 Mb.
#18453
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сабақтың тақырыбы: «Alternative medicine».
Сабақ жоспарымда топтастыру, слайд, сын тұрғысынан ойлау, «шаттық шеңбері» , «Мозайка», «Сәйкестендіру» әдісін қолданды.
Сабақтың мақсаты«Alternative medicine» тақырыбын талдауға, түсінуге бағыт беру. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа , адамгершілікке тәрбиелеу. Сыныпты ұйымдастырып, «шаттық шеңбері» әдісін қолданып психологиялық ахуал қалыптастыру. 2 топқа бөліп болған соң, үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау. Сосын әр топқа тапсырма беру, «Мозайка» әдісін қолданып суреттерді қолдана отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Әр топ тапсырманы орындады.

Слайд арқылы тақырыпқа байланысты суреттер көрсету , жаңа сөздермен таныстыру. «Джигсо» әдісін қолданып, мәтінді 2 абзацқа бөліп оқып, аударып, талқылап, постер арқылы, топ болып қорғап берді, мұғалім толықтырып отырды.

Тапсырма орындап болған соң оқулықпен жұмыс жасады, «Сәйкестендіру» әдісі арқылы сөздердің анықтамасымен сәйкестендіреді. «Құпия зат» стратегиясы қолданып оқушыларға көрсетілген сөздердің атауын ағылшынша атауын айтқызу, Смайликтер арқылы түсінгенін немесе түсінбегенін тексеру, сабақты қорытындылау.

Оқушылар тапсырмаларды талапқа сай орындап, қорғап шықты.Бұл сабақта диолог әдісіне белсене қатысты. Дидактикалық тапсырмаларға толық жауап берді. Сыныпта оқушылардың барлығы белсене қатысып, ынта жігерімен орындап жатқанын байқадым.



Сабақ сәтті өтті.
Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін балалар мен көптеген жұмыстар тапсырмаларды орындап, әр топ өз ойларын жеткізгенін байқау.
Біршама кедергілер болды. 2 топқа тапсырма бергенде, балалар ойланып қалды, белсенділігі жоғары оқушылар тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда үлгерімі төмен оқушылар тапсырманы орындай алмай жатты. Топқа бөлген кезде де кедергілер болды. Ләйло мен Ерғалидың суретті, сызуды жақсы көретіні осы сабақта байқалды. «Мозайка» әдісін қолданғанда ең бірінші осы оқушылар тез құрастыруға талпынды. Бұл сыныпта мәтінді ағылшыншадан аударғанда оқушыларға кішкене қиындық тудырды.
Жақсы оқитын оқушылардың іс әрекеті: Сыныптағы белсенді жақсы оқитын оқушыларға бұл тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенділік жауап берді, өз ойларын айта бастады. Олар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесті. Барлық сабақтарда Сандуғаш пен Ардақ дарындылығын көрсетіп отырды, осы екеуі де дарынды, таланты оқушы.Сыныпты ұйымдастырып, топтарға өз идеясын көрсетті
Нашар оқитын оқушылардың іс әрекеті: тапсырманы ынта-жігерімен айтып шықты суреттін салып, қорғау жұмыстарына шығып сөз алып, өз ойларын айтып,бір – бірімен қарым- қатынастары жақсы болды. Сыныптағы нашар оқитын оқушылар топтық жұмыстарға қатысып, сурет салып, қорғау жұмыстарына шығып сөз алып, өз ойларын айтып, бір – бірімен қарым қатынастары жақсы бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет