Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. №6-сабақ.
Бөлім:
Таза, мінсіз асыл сөз
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:5
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.Т/Ж4. Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
5.Б/С 2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айта алады. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.