Түркістан 2012
12 жылдық эксперимент 7 «ж» сыныбына арналған технология және ағылшын тілінен кіріктірілген сабақ.
Авторлары: технология пәнінің мұғалімі: Сыздықова Ғ.Ж.
ағылшын тілі пәні мұғалімі: Жезмұрзаева И.Д.
Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу, қолмен тоқу, құрастыру әдісімен
қолөнер бұйымдарын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қолөнер және қазақтың ұлттық бұйымдары
туралы білім беру. Қолөнердің тігу , тоқу , құрастыру
технологиясы туралы білім , білік дағдыларын
қалыптастыру. Қолөнер бұйымын жасап шығару,
қоржынды тігіп үйрену.Үлгісін дайындау, білімін
жетілдіру. Тақырып бойынша зерттеу қабілеті мен
ағылшын тіліндегі мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай
білуге қалыптастыру және пәнаралық байланысты жоба
білуге үйрету.
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен
дамыту, қазақтың қолөнер бұйымдары туралы алған
білімдерін, дағдыларын нығайту.Бұйымды жаңа дизайн
үлгіде көрсету. Қоржынды пішу, тігу әдісін үйрету, өнерге
қызығушылығын дамыту. Оқушылардың ой-өрісін
елестету қабілеттерін дамыту. Ағылшын тіліндегі
дыбыстар мен сөздерді дұрыс айта білуді, сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелік: ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын, эстетикалық
сезімін артырып, еңбексүйгіштік , іскерлік қабілеттерін
ұштастыра отырып әсемдікке баулу, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.Ағылшын тілі мен технология пәніне деген
қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың құрал жабдықтары: интерактивті тақта, компютер, қолөнер
туралы суреттер. Бұйымның дайын үлгілері, ілгек біздер
жиынтығы, иірімжіптер, шалудың негізгі шартты
белгілері, көрсетілген кесте, тоқу үлгілері альбом, дәптер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту, интеграл сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, ағылшын тілі, информатика.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың барысы: 1. Қолөнер (слайд )
2. Сөз мерген ( слайд)
3. Халық таңдауы (реферат)
4. Ағылшын.
5. Сыр сандық ( қауіпсіз ережесі)
6. Кәдеңізге жарасын. (таңбалар)
7. Шығармашылық жоба (жазбаша)
8. Сарамандық жұмыс)
9. Көрме ( ағылшын)
10. Қорытынды. Бағалау
Мұғалім: Қазіргі таңда еліміздегі ақпараттық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты, мектеп өміріне көптеген жаңа талаптар мен өзгерістер енгізуде. Соның бір айғағы, технология пәні арқылы оқушыларды жан-жақты, толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оқушы тек қана теориялық білім алып қоймай сарамандық, өндірістік міндеттерді жобалай білуге шешім қабылдауға жеке шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйренеді.
Қолөнер оқушының жеке тұлғасын дамытуға арналған өнер болғандықтан қызығушылық аясын кеңейтіп, шығармашылығын қалыптастыруды өзін-өзі танып, жауапкершілікті сезіну үшін жоспар бойынша белгіленген тақырыптық жобаны ұсынып отырмыз.
Good afternoon, dear colleges, boys and girls! We are happy to great you at our lesson. Better to say, it is a holiday, because we have combined two school subjects: handicraft and English languages.
Кіріспе ретінде «Қолөнер» тақырыбына арналған слайд тамашалаймыз.
Applied art is a reflection of people’s culture. It is a rich spring of arts and crafts which has excellent for ages and gone through test of times. It is a traditional art which passed from one generation to another transformed and renewed. We get spiritual – esthetical upbringing through it.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды.
Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салды,киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен , күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік,сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы –қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс» , «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ , адалбақан, асадал,, бесік тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Ертеде біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі-оның қолөнері.
Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық шеберінің ісі мақтануға тұратын өнер туындысы.
Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны – ою-өрнек.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп ішекейлеудің негізі болып келеді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік- осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің негізі болған «мүйіз» оюы үнемі араласып отырады.
Ою-өрнек ісіне қазақ арасына ең көп тарағандары сырмақ, текемет, тұскиіз, сандыққап, тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, керегеқап киізден ойылып алынатын заттар, ал аяққап оюлаған әр түрлі маталарды бастырып тігу арқылы жасалады.
Қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени тұрмыс дәрежесі, дүниеге көзқарасы,ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамуы,тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберінің ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керект ізаттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Қолмен тоқу ісінің қазақ қолөнерінің арасында ең көп дамыған түрі қармақты бізбен ілмелеп тоқу. Қазақтың халықтық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып алған жіліншіктің қыр сүйегінен егеліп істелетін.Тобылғының, аршаның тасжарғанның шыбықтарынан жонып та жасалған. Басында тоқу ілмекбіздерге ілмексіз тегіс таяқшалар болды. Қазіргі кезде ілмекбіздер әр түрлі метериалдардан: металл, пластмассадан дайындалады.
Ілмекбізбен тоқудың кесте тоқумен тоқымашылықпен байланысы бар.
Қазір күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл-желпі заттарды өрмек станогынсыз-ақ қолмен тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген қолөнер мұраларын қалдырды. Сол себептен де әр бір қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді де ұнасымды ұлттық бұйымдар жасалды.
«Сөз мерген» Көне сөздер.
Қаңғалaқ-ұршық, ұршықтың дөңгелек басы.
Иіршек-жіп иіретін ұршық.
Келеб-иірілген жіпті боярда, өлшерде кең шумақ етіп, әр жерінен бойлап жасалған шұмақ.
4.Жөргем-орау, иіру, шұмақтау.
5. Будам-жиып ораған жіп, қыл ішек
6. Кісе-күмісті белдікке үзбелеп таққан былғары қалта.
7. Боқша-киіз дорба, шәкірттердің кітап, қағаз салып жүретін киіз қабы.
8. Әйкел-ұсақ ақша салатын былғары қалта.
9. Кебеже-ағаштан жасалған әшекейлі сандық, оған тамақ, жем сақтаған.(кебі-қап, жем-ас)
10. Асадал-ішіне тамақ, ыдыс-аяқ қоятын биік кебеже.
11. Аяққап-ыдыс-аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба.
12. Қоржын- аттың еріне бөктерлеп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық.
13. Кесеқап-киізден, құрақтан дайындалған ыдыс-аяқ сақтауға арналған бұйым.
14. Қолдорба- теріден, матадан тігілген қалта.
15. Қорамсақ-садақтың оқтарын салатын кісе, әшекейлі киіз қап.
Халық таңдауы: реферат оқу. Керек дерек.
Once was asked Abylkhan Kasteev the famous Kazakh artist.
Where did you learn the art?
He answered:
From the mountain spring
From the sheep’s ears
From my mother’s felt
From the goat’s horn
From these words we know that all things around us nature, animals, geometrical figures learn us art handicraft. Let’s learn and remember some new words on the theme “handicraft”
1 Ayakh-khap-a case which needs to carry dishes, ayakh and other kitchen things.
2 Felt (kiiz) –it is a bedding which made from sheep’s wool.
3 Alasha-it is a homespun carpet
4 Camsole- it is one of the girls and women clothes.
5 Saukele- it is one of the girls head clothes.
6 Korzhyn- a case which needs to put clothes and other things.
7 Terkesh is used for the storage of small dishes like ayakh, tostagan, ozhau cese,
Ayakh-khap –a case which needs to carry dishes and other things.
Аяққап-киізден шашақтап, әшекейлеп жасалған ыдыс-аяқ салатын үй мүлкінің бірі. Аяққапқа бейнеленген ою-өрмек мәнері алаша, кілем, текемет өрнегіне ұқсас. Аяққап нақыштың техникасы-бастыру, құрау және кестелеу. Кейінгі аяққаптар төменгі шеті жұмырланған ұшбұрышты қақпақпен жабылатын конверт түрінде бүктелген тікбұрышты пішінді болып та жасалады. Қазіргі уақытта аяққап (қалта) жаңа өзгерістермен қолданыста енген.
Korzhin- a bag which needs to put clothes and other things.
Қоржын-өрмел құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120см, ені 50см болады. Ең әуелі қоржынның ұзындығына қарап астын тоқиды, сонан соң екі шетінің үстіне өрнектелген төртбұрышты екі ою (көлемі 50-50см бөлек тоқылған) салынып тігіледі. Сонда қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады. Тоқылу әдістеріне байланыстықоржындар түкті және тақыр болып екі түрге бөлінеді.
Kese-khap-a round shape case which needs to put kese.
Кесеқап-дөңгелек пішінді, жоғарғы жағында шашақталған қақпағы, қабырғасында өріп жасалған бауы бар, күнделікті тұрмыста ыдыс-аяқ сақтауға арналған бұйым. Кесеқаптың биіктігі 30-35см болады. Кейде бұл былғарыдан да жасалған, бірақ көбіне оны шеберлер ақ киізден әртүрлі өрнек салып, кейде құрақтан құрап жасалған.
Koldorba (handbag) - is used to keep individual things. It’s made of wood or horse skin.
Қолдорба - әр түрлі пішінді жоғарғы жағында шашақталған қақпағы қабырғасында өріп жасалған бауы бар күнделікті жеке заттар салуға арналған бұйым. Оның мөлшері әр түрлі болады. Ол жүннен, былғарыдан және т.б. жасалады.
Сыр сандық қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру қажет
Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек
Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқталғанда қолды жуу қажет.
Жұмыс соңында барлық құрал жабдықтарды жәшікке салу керек.
Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет
«Кәдеңізге жарасын» Таңбаларды табу.
1. Шалма
2. Шалмасыз бағанша
3. Шалмалы балғанша
4. Екі шалмалы бағанша.
Шығармашылық жоба. Дайын бұйымды талдау.
Сұрақ-жауап жазбаша.
Сарамандық жұмыс: Бұйымның жасалу реті
Қағаздан шаршыға «Қошқармүиіз» ою өрнегін сызып, қиып алып матаға қаламмен көшіреміз.
Сызылған оюды сары және жасыл түсті жіптермен кестелеп тігіп аламыз.
Кестеленген оюдың жиектерін шалмасыз бағанша таңбасымен тоқып шығамыз.
Астыңғы бөлікті 2 түсті жіппен біріктіре отырып шалмасыз бағанша таңбасымен тоқып аламыз.
Кестеленген үстінгі 2 бөлікті тұтас астынғы бөліктің жиегімен құрастырамыз.
Дайын бұйымды тазалаймыз, ылғалды жылумен өңдейміз.
Teacher: You see very beautiful clothes. what kind of clothes are they?
Pupil: They are national clothes of Kazakh people.
Teacher: Is anybody ready to describe national costume. Please, try to tell us what they consist of? Pupil”
It is a girl’s national costume. It is of a dress , it may be in different colours: white, red, blue, yellow. The dress may be long or short.
It has 2 rows7
Pupil: Camsole is made of velvet and velour. It is decorated with beautiful Kazakh ornament such us Koshkar muiz, Kustumsyk, tue taban and others
Pupil: It is the head clothes-saukele. It is also decorated with national ornament and it has owl’s feathers (uki). Owl feathers save the girl from unhappiness
7 Бұйым дайындауға кететін шығын есебі.
Негізге арналған мата
|
Кестелеуге арналған
жіптер
|
Тоқуға арналған жіптер
|
0,5
|
3 дана жасыл
3 дана сары
|
4 дана сары
4 дана жасыл
|
Бағасы: 250т
|
Бағасы: 800т
|
Бағасы: 1000т.
|
Жалпы шығын: 2000 т.
Көрме. Ағылшын
The next task is “ crossword’’ The main word is “handicraft”
1. Our motherland is ……
2. The capital of our country
3. Koshkar muiz Kustumsyk tue taban are beautiful Kazakh
4. It is a very famous Kazakh musical instrument
5. It is one of the most ancient string instruments of Kazakh people
6. It is a girl’s national costume.
7. It is one the most ancient national bag.
8. It is one of the girls head clothes
9. Synonym of “well-known”
10. Our town is……
Қорытынды: бүгінгі сабағымызды қорыта келе біз бұл еңбегіміздің негізгі тақырыбын қолөнер ісінің бір тармағы қолмен тоқу әдісімен жаңа түрде енген ұлттық бұйымды дамытуға арнадық.
Қорытынды. Ұлттық бұйымдар.
Why we have an unusual lesson?
What kind English theme did we revise?
What did we learn from this lesson?
Жауаптар:
we have an unusual lesson because we have combined two subjects: English and handicraft.
we have learnt about handicraft, art and about applied art.
we have learnt to describe national clothes,
Бағалау. Балдық жүйе.
Оқушыларды жинаған ұпайына қарай бағалау.
10-9 балл аралығында жинаған оқушыға «5» деген баға қойылады.
8-7-6 балл аралығында жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады.
5-4 балл аралығында «3» деген баға қойылады.
Үйге тапсырма: Ою-өрнекті қағаздан ойып матаға көшіріп келу.
Қолданылған әдебиеттер.
Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1995 ж.
Н.А. Якупова Р.Ш.Алимсаева Технология 12 жылдық 7 сынып Алматы мектеп 2009 ж.
Е. В. Ермилова И.А. Товченик Технология 9 сынып Алматы мектеп 2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |