Сабақтың тақырыбы: Кестелік деректер қорын ұйымдастыру,сұрыптау және сүзу



Дата18.06.2017
өлшемі47,1 Kb.
#19393
түріСабақ


Сабақ жоспары

Күні: 12/15.11.2014 Бекітемін:

Пәні: Информатика Оқу ісінің І ауысым

Сыныбы: 11 «А», «Б» меңгерушісі

_____________



Сабақтың тақырыбы: Кестелік деректер қорын ұйымдастыру,сұрыптау

және сүзу

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: MS Access дереқтор қорын құруды, толтыруды, сұрыптау мен сүзуді үйрету.

ә) дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту

б) тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, компьютермен дұрыс жұмыс жасауға тәриелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;

  2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. ДҚ дегенді қалай түсінеміз

  2. ДҚ қандай ортада құрамыз




ІІІ. Жаңа сабақ

Деректер қоры (ДҚ) – анықталған облысқа жататын деректерді басқару, сақтау және сипаттаудың жалпы ұстанымдарын анықталған ережелер бойынша қарастыратын ұйымдастырылған деректер жиынтығы.

ДҚБЖ (Деректер Қорын Басқару Жүйесі) – деректер қорынан деректерді құру, сақтау және алуды автоматтандыру үшін арналған программалар жиынтығы.

Деректер үрдісінің негізгі үш түрі бар – реляциондық, иерархиялық және желілік.



Реляциондық үрдіс. «Реляциондық» термині (латын тілінен relatio – қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:

  • кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі;

  • кестеде барлық өрістер дара болып табылады, яғни бір түрге ие болады;

  • кестеде бірдей жазбалар болмайды;

  • әрбір өріс бірегей атқа ие болады;

  • кестедегі жазбалардың тәртібі еркін бола алады, және деректер түрінің өрістер санымен сипатталады;

Иерархиялық үрдіс. Деректер қорының иерархиялық үрдісі олрдың жалпыдан дараға тәуелді болып орналастырылған және төңкерілген ағаштар (графтар) түзетін элементтер жиынтығын болып тбылады. Берілген үрдіс байланыстр, түйіндер, деңгейлер сияқты праметрлермен сипатталады. Үрдістің қағидсы мынандай, неғұрлым төменгі деңгейдегі бірнеше түйіндердің неғұрлым жоғрғы деңгейдегі бір түйінмен байлнысудың көмегімен біріктіріледі.

Желілік үрдіс. Деректер қорының бұл үрдісі иерархиялыққа ұқсас. Оның негізгі құраушылары (түйін, деңгей, байланыс) да сол, дегенмен олардың ара қатынасы түбегейлі басқа. Желілік үрдісте әр түрлі деңгейдегі элементтердің арасында еркін байланыс қолға алынған.

Деректер қорын екі жолмен құруға болады:



  1. Бос деректер қорын құру үшін MS Access – ті іске қосқанда «Приступая к работе» есептер аймағы ашылады да оның төменгі бөлігіндегі Открыть тақырыбындағы бас деректер қоймасын ашу немесе Создать файл арқылы жаңа дерекқтер қорын құру пайдаланамыз.

  2. Шебердің көмегімен деректер қоймасын құру – шаблоны диалог терезесінен «деректер қоры» таңбасын басамыз.

Деректер қорының элементтері:

Кестелер – деректер қорының негізгі объектілері. Онда деректер сақталады.

Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.

Формалар (Қалыптар) – объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.

Есеп берулер – бұл формалардың (қалыптардың) керісіншесі. Олардың көмегімен деректер тұтынушы үшін қолайлы түрде беріледі.

Макростар – бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.

Модульдер – Visual Basic for Application тілінде сипатталған программалық процедурлар.

Ассеss 2007 деректер қоры басқа да деректер қоры сияқты кестелік құрылымға ие болады. Бұл әр жазбаға өзінікін меншіктегу мүмкіндік беретін бейнелі адрес, яғни жолдар мен бағандардың қиылысымен анықталады. Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.



Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолднуға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады. Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі (ең үлкен өлшем – 255 белгі).

Көптеген ДҚ-да алғашқы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның жолы – қойманың бір объектісі жайлы толық ақпаратты, ал бағаны – объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.



IV. Сабақты бекіту

  1. Өрістер дегеніміз не?

  2. Есеп берулер мен макростарды қалай түсінесіңдер

  3. Деректердің неше үрдісі бар, атап беріңіз


V. Қорытынды

Үйге тапсырма. Кестелік деректер қорын ұйымдастыру,сұрыптау және сүзу оқу.Конпекті жазу




Рысалды Ақбілек Сағадиллақызы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет