Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сыныптың сабаққа дайындығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару. (1 минут)
ІІ. Үй жұмысын сұрау
Үй жұмысын тест алу арқылы сұраймын.
1. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама қалай аталады? ж/бы: В
А) Жылдамдық; В) Үдеу; С) қысым; Д) масса;
2. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты қалай аталады? ж/бы: В
А) айналу жиілігі; В) айналу периоды; С) айналу саны; Д) масса;
3. Үдеудің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:
А) м/с2; В) м/с; С) м2/с2; Д) км/с2; ж/бы: А
4. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? ж/бы: В
А) 9,8 м/с; в) 9,8 м/с2; С) 9,8 м/с-2; Д) 9,8 м2/с2;
5. Тең үдемелі қозғалыстың формуласы
А) ; В) ; С) ; Д) ; ж/бы: А.
6. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең болған кездегі қозғалыстың формуласы
А) ; в) ; С) ; Д) ; ж/бы: А.
7. Айналу периодының формуласы
А) ; В) ; С) ; Д) ; ж/бы: А
8. Дененің қисық сызықты қозғалысы қалай аталады? ж/бы: С.
А) түзу сызықты қозғалыс; В) айнымалы қозғалыс;
С) қисықсызықты қозғалыс; Д) бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс:
9. Дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасын қалай атайды? ж/бы: С.
А) жылдамдық; В) сызықтық жылдамдық;
С) бұрыштық жылдамдық; Д) бұрылу бұрышы.
10. Сызықтық жылдамдықтың өлшем бірлігі ж/бы: В.
А) рад/с; В) м/с; С) км/с; Д) км/с2;
Достарыңызбен бөлісу: |