Физика 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кинематика сабағы. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:кинематика сабағын замануи сандық технологияда көрсету және есептер шығару.
білімділік: жылдамдық ұғымымен таныстыру, оның физикалық қасиеттерін аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру.
дамытушылық: жаңа ұғыммен таныстыра отырып, оны практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа ,адамгершілікке , өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
оқыту технологиясы: сатылай кешенді талдау технологиясы (СКТТ)
сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
сабақтың әдісі: жеке жұмыс
көрнекіліктер мен техникалық құралдар: сызба, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. "Ой шақыру" кезеңі:"Доп лақтыру" әдісі: мұғалім балаға доп лақтырады, қай балаға доп жетті соған сұрақ қояды.
1. Жол дегеніміз не? Қандай әріппен белгінеледі ?
2. Орын ауыстыру дегеніміз қандай шама?
3. Қандай қозғалыс бірқалыпты деп аталады?
4. Қандай қозғалыс бірқалыпты емес деп аталады?