Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Абай өмір сүрген заман туралы түсінік.
Реферат жазу.
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
Абайдың өмір сүрген заман қандай кезең болды?
Осы кезеңде оқу-білім қандай сипатта болды?
Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның қай аудандарында едәуір жақсы жүргізілді?
Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалысқан, реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдаған қандай ақындар?
Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шыққан ақындар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |