Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты



бет5/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,2 Mb.
#2194
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік.



ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ -жауап

1.Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?

2.Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сырым мен Малайсары

Сырым ат жалын тартып жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.

Сырым жайласып отырғаннан кейін:

- «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, аулыңда ақыл

гөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деуші еді. Сізге сәлем беріп, бата алғалы келдім, - депті.

Малайсары жүзі жадырап, шешіліп сөйлеп кетіпті:

-Жайыңа енді түсіндім, балам. «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?»дейді халық. Топқа керіп сөз бастайтын, атқа мініп қол бала екенсің . «Асыл тастан, ақыл жастан» деген. Азуын алды

рып, ақылын шалдырып отырған шалдан не сұрайсың? Бітпеген ісім көп...

-Ол қандай іс?

-Біздің Байұлының барымтаға барған бір жігітін Әлімнің кісілері өлтіргелі үш жыл болды. Сол ердің құны әлі жоқтаусыз... «Ердің құнын жастың жайса

ңы не қартың шайтаны даулайды» дейді екен бұрынғылар. Қартайғанда қазы

мыр атанып, Әлімнің Ақсауыт биіне бара алмадым, жастан жайсаң шығып, аға

сының құнын сұрай алмады. Ел арасы дүрдараз болып бүлініп барады, жапсар

лас отырған ел бір – біріне қатынасудан, қыз алып, қыз беруден қалды.

-Онда, ата, осы тапсырмаңызды орындап келіп сөйлесейін!-деп Сырым аулы

на қайтып кетеді. Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсауыт бидің алдына келеді. Сырым Малайсары бидің айт

қандарын жеткізеді. Сонда Ақсауыт би:

-Бала сөзіңе сендім. Байұлының бір жігіті біздің елдің малшыларынан жазым болуы рас еді. Ердің құны мың қой, үлесе келсе, үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалады деп жүргенім жоқ, жоқтаушысы кездеспей жүр еді. Іздеушісі болса, табылмас жоқ болмайды. Билігін өзіңе сал

дым, төрелігін айта ғой, - дейді.

-Бір қора қойдың бір жазғы төлімінен біз де Байұлын байытайын деп кеге

німіз жоқ. Ағайын арасындағы қатынасты қалпына келтірейік деп келдік. Егер билікті маған берсеңіз, жорта емес, жортуылда маған «жазым» деп отырсыз ғой. Ерімнің құны жарты құн болсын және қой емес, қозы емес, елу жылқы болсын,-деген екен Сырым.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

2.Сендерге қай кейіпкерлер ұнайды? Неге?

3.Жағымсыз кейіпкер кім?

4.Неге ұнамайды?

5. Сырым атақты Малайсарының үйіне неге келді?

6.Малайсары Сырымға не деді?

7.Сырым қайда барды?

8.Сырымның әлімдерге қандай төрелік айтты?



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Ертегіге ұқсайды өмірде болған адам

Қиял ғажайып ауыз әдебиетінің бір
Аңыз әңгімелер

әңгіме мейірімді түрі


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Сырым мен Малайсары мазмұндау

2. Түсінік жазу

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім жайында

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ауызекі сөйлеуге , мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қасиетті Құран Кәрім жайында

Құран – ислам дінінің ең негізгі, басты кітабы. Құранды 114сұре бар. Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхам

мед ҒалайҺсаламға 23 жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи (хабар) түсірген. Мұхаммед – Алланың елшісі және жер бетіндегі пенделерге шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.Кейін екінші Халиф Әбубәкір Сыдық пайғамбарымыз Мұхаммедтің сахабасы Зейд ибн Сәбитке кезінде пайғамбары

мыздан жаттап, ұғып алған адамдар арқылы құран аяттарын ел расынан жинау

ды тапасырады. Өйткені ол көп елдің тілін меңгерген, сауатты да білімді, пайғамбарымыздың сенімін ақтаған сахабаның бірі ғана емес, бірегейі еді.
ІҮ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Құран Кәрім жайында не білесіңдер?

2.Құранда неше сүре бар?

3.Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?

4.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын естеріңе сақтаңдар.



V. Жаңа сабақты бекіту:
Біз бүгін сабақта: нені

Неге---------- үйрендік?

қалай

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Адам ата

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Адам ата туралы мәлімет беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ- жауап

1.Құран Кәрім жайында не білесіңдер?

2.Құранда неше сүре бар?

3.Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Алла тағала күллі әлемді бір күнде жаратты. Адам баласы мен жан- жан

уарлар және бүкіл тіршілік өмір сүруі үшін бар қажетті нәрселерді пайда қылды.

Оннан әрі Алла тағала байтақ Жерді мекен тұтуға Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлады. Алла тағала балшықтан Адам атаны – Сапиолла

ны жасады. Оған Алла тағала өзінің демінен дем үрледі, яғни жан берді. Соны

мен ол тірішілік тынысына ие кәдімгі адам болды.

Адам атаға жүгіну жайлы Алла тағала періштелерге әмір берді. Олар Алла

ның әмірі бойынша іззетпен келіп, Адам атаға бас иді. Бірақ ібіліс Алланың әміріне бағынбады. Адам атаға бас иуден бас тартты. Бұл қылық Аллаға шек келтіру еді.

Алла тағала ібілістің азғыруына орай, оған жаза берді.

- Бұл арадан қараңды батыр, - деді. –Сендей қуаландыға қарғыс, нәлет қамыты қиямет – қайымға дейін сенен алынбасын!

Ібіліс Алладан кеңшілік тілеп: «Адамзатқа қиямет – қайым болғанша тірі жүрсем» деп Аллаға жалбарынды.

- Сол күнге жетуіңе кеңшілік еттім ,- деді оған Алла тағала.

Алла тағала Адам атамен Хауа ана жұмақтағы жемістерді қалағанынша үзуге жеуге рұқсат етті. Десе де оның ішіндегі бір ағашқа жуымау жөнінде тыйым салды. Ібіліс Адам атамен Хауа ананы әлгі ағаштың жемісін жеуге азғырады. Адам атамен Хауа ана ібілістің сөздеріне сеніп, тыйым салынған ағаштың алмасынан үзіп жеді.

Адам атамен Хауа ана Алланың әміріне қиғаштық істегендіктен, жұмақта тұрудан шектелініп, пәни дүниеге жөнелтіліп, жерді мекен тұтатын болды. Кім Алла меңзеген дұрыс жолмен жүрсе, Алланың әміріне құлақ асса, сол адам сайтанның азғыруынан қорықпайтындығын, кім Алланың әмірін қабыл алмай дұрыс жолдан тайса, сол тұрмыста таршылық тартып, теріс жолға түсетіндігін айтты.



VІ. Түсінік тексеру:

Сөздік жұмысы:

Алла – Ислам діні ұғымында күллі әлемді жаратушы.

Уаһи – хабар( Тек Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммедке аян беріп, құлағына сыбырлап айтуы нәтижесінде ғана түсірілді).

Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз – құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адам.

Қари – құрашды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа салып оқушы адам.

Ғайып – көзбен крмесек те жүрекпен, иманмен сезінетін әлем, яғни ғайып әлемі.бұл жерде: періштелерге Алла тағала Адам атаны жаратпай тұрғанда, ол ғайп болып саналатын еді.

Сапиолла – Адам атаның шын аты.

Уасуаса – азғыру.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?

  • Періштелер неге уайымдады?

  • Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?

  • Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

  • Алланың ібліске берген жазасын айт.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Адам ата туралы түсінік.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Смайыл, Зәмзәм

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Смайыл, Зәмзәм туралы мәлімет беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Адам ата туралы түсінік.



ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап



  • Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?

  • Періштелер неге уайымдады?

  • Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?

  • Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

  • Алланың ібліске берген жазасын айт.


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Смайыл


Ибрахим әйелі Сараны және күңі Ажарды алып Палестинаға келді. Ибра

химнің әйелі Сара бала көтермеген еді. Сондықтан Сара өзінің адал күңі Ажарды некесіне алуды еріне ақылетіп айтты. Ибрахим әйелінің ақылын алды.

Арада көп өтпей Ажар ұл туды. Оған Сымайыл деп ат қойды. Бала өте зерек ақылды болып ержетті. Ибрахим бұған қатты қуанды. Бірақ Сараның өзегі қызғаныштан өртенді. Біркүні Сара күйеуіне:

-Сымайылды шешесімен бірге алыс жерге апарып тастауды өтінді.

Ибрахим әйелінің талабын құптады. Ибрахим ана мен бала екеуін құла далаға апарып тастайды. Әйелінің жылағанына да қарамастан:

-Бұл Алланың әмірі оған сөзсіз бойұсынуымыз керек,- деді ол.

-Алла бізді әсте қараусыз қалдырып қоймайды,- деді Ажар ақырында.

Ибрахим ботадай боздап келеді. Алайда ол Пайғамбар ретінде мұндай айырылысу азабына шыдамақ керек. Ол ана мен бала екеуіне жар бола көр деп Аллаға жалынды.

Зәмзәм

Ажар тағдырдың басқа салғанына көнді. Азықтары таусылған соң баланы емізуге сүті, беруге суы жоқ болғандықтан, бала шөлге шыдамай безек қақты. Баласының күннен күнге жүдегенін көрген Ажар қатты қиналды. Жас нәресте

нің жан тәсілім етуге айналғанын көргенде, оны құтқаруға шара таба алмай анасының мысы құрыды. Бала ақырын бір аяғын көтеріп, жерді түртіп қалды. Кенет оның өкпесінің астынан бұрқылдап су шықты, тасты жарып мөлдір бұлақ ақты. Мұның өзі Алланың шапағаты еді. Әлгі су әби зәмзәм еді. Ол сол кезден бастап күні бүгінге дейін тоқтаусыз ағуда. Қажыға барушылар осы зәмзәмға келіп шөлдерін қандырады.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Смайыл өмірге қалай келді?

2.Сараның қызғаныш сезімін айт.

3.Ибраһимнің Сара өтінішін Алла өміріндей орындауы не себепті?

4.Ажар ананың зарын әңгімеле.

5.Алланың шексіз мейірімі туралы ойлан.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:


  • Оқушылардың ойларын дәлелдеу:

Әңгіме аты

Қазақ әдебиетінің түрі

Бастапқы кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Жағымды кейіпкер

Ортақ қасиеттері

Смайыл, Зәмзәм

Аңыз әңгіме






















Қандай адам?

Қандай адам?

























































Оқушылар таблицаны ойлана отырып толтырады және дәптерлеріне жазады.



VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Смайыл, Зәмзәм туралы оқу.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.

Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады, еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

Ақын жазушылар кейде қызықты ертегілерді балаларға арнап әдейілеп те жазады. Олар да әдеби ертегілерге жатады. Мысалы: М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» ертегісі.


ІV. Түсінік тексеру:

Сұрақ - жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



V. Жаңа сабақты бекіту:

Венн диаграммасы бойынша әдеби ертегілердің басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын табу.





VІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.


ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ - жауап

1.Әдеби ертегілер дегеніміз не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.

Хайуанаттар

туралы қиял-ғажайып ертегілер

шыншыл ертегі әдеби ертегілер
Ертегі




  1. Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.

  • 1909 жылы 4- ақпанда Қызылордаоблысында дүниеге келген.

  • 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

  • Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

  • Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

  • Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.

  • «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған

  • «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.

  • Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.

  1. « Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыттыру.

VІ. Түсінік тексеру:

  1. Суретпен жұмыс:

Суреттерге қарап оның ертегіге қандай қатысы бар екенін айту.ықталады, суретке тақырып қойылады.(жұппен)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру (Венн диаграммасы)


Керқұла атты Кендебай

Толағай

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.

2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы

Сабақтың тақырыбы: Мысал. А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға мысал өлеңдері туралы және ақынның өмірі туралы туралы түсінік беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет