Абайдың корей тіліне аударылғанын көп жұрт білмейді.Үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяда алғаш рет корей тіліне аударылған Абайдың өлеңдер жинағы екі мыңдай таралыммен шыққан еді
Байланысты: Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)
Абайдың корей тіліне аударылғанын көп жұрт білмейді.Үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяда алғаш рет корей тіліне аударылған Абайдың өлеңдер жинағы екі мыңдай таралыммен шыққан еді.
Ким Бён Хак Алматыға корей тілін оқыту үшін келген. Сегіз жыл бойы тіл үйретумен айналыса жүріп өзі де орыс тілін меңгерді. Алматыда жүргенде Ким Бён Хак әдеби аудармаға ден қояды. Осында танысқан Станислав Ли оның аудармасын бағалап, Абайдың өлеңдерін бірге аудару туралы ұсыныс жасайды. – Мен Абайдың «Қара сөздерін» ғана білетінмін, онысы бұған дейін корей тіліне аударылған. Абайды мен философ, ғибратшы адам деп ойлайтынмын. Ал оның табиғат лирикасы, махаббат жайлы өлеңдерін оқыған кезде таң-тамаша қалдым, – деді Ким Бён Хак Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар Грузин тіліне аударған- Ш.Мчедлишвили Қарақалпақ тіліне аударған- Ш.Сеитова Қырғыз тіліне аударған- А.Токомбаев Татар тіліне аударған-М.Максуд және Н.Арсланов Француз тіліне аударған- Ғалымжан Мұқанов Ағылшын тіліне аударған- А.Самохмалов Түркмен тіліне аударған- А.Хайидова, Т.Касымова Ұйғыр тіліне аударған- П.Искакова және М.Хамраева