Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып, поэмадағы кейіпкерлер туралы талдау жұмысын жүргізе біледі.Өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыланады.
|
Негізгі идеялар
|
Оқушыларды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс: Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып, мазмұнын білу.Топтық жұмыс: Сұрақтар беріп, жауаптар алу.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интерактивті тақта. Тарих. Абай портреті,стикер, постер.
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесу. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Балалардың назарын сабаққа аудару.
|
Оқушылар бір-бірімен амандасады.
|
Сергіту сәті
|
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен.
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
|
Оқушылар берілген тапсырманы орындап, бір-біріне тілек айтып, топқа бөлінеді.
|
|