Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет76/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

4 топ. «Қарыңғы түнде тау қалғып»
Аударма болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде орыс романсының элементтері бар. әннің ерекшелігі мәтін мен әуен ажырамастай тұтас.
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-салғып
Түн басады салбырап.
Түнгі табиғат көрінісі, қараңғылық кезіндегі адамның сезімі суреттеледі. Табиғатпен бірге адам да ұйқыға кетердей, әннің әуені мен мәтіне керемет жымдасқан.
V. Музыка тыңдау.(үнтаспадан)
«Сегіз аяқ» орындайтын. Қ.Байбосынов.
VІ. Қорытынды. Көрнекіліктерімен таныстыру. Сонымен қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев композитор және орындаушы. Бүгінгі тәрбие сағатында Абайдың ән мұрасымен және әндерінің тәрбиелік мәні туралы мағлұматтар алдық. Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуы, әндерінің сипаты, тақырыбы және әндерінің тәрбиелік мәнін ашуда оқушылар құнды пікірлер айтты.
Абай әндері бұл күндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Оның әндері Қазақстан композиторының күрделі шығармаларына арқау болды.
Мысал ретінде А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын Г.Жұбанованың «Татьяна әндері» ораториясын айтуға болады. Жүрекке жақын көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері үй-іші, семья ортасында, үлкен мерекелер мен концерттерде жиі орындалып жүр. Мұның өзі Абай творчествосына деген халқымыздың өлшеусіз махабатының дәлелі.
Абайдың әндері өлмейтін өміршең әндер. Ол өмірді жырлаған. Өмір дегеніміз айнала қоршаған табиғат, жанымыздағы адамдар, көңіл-күйіміз, сезімісіз, қарым- қатынасымыз. Яғни Абай әндері өзімізді қоршаған ортадағы әсемдікті қасиеттерден аулақ болып, ізгі қасиеттерді бойға сіңіре білумен қатар өмір сүруге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет