Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет82/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс


Бекіту кезеңі

Мағынаны тану
Аудиотаспадан «Ескендір» поэмасын тыңдату
Абай «Ескендір» поэмасы
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді
Топпен жұмыс:
1.Ескендірдің іс-әрекеті: әскер жиып қарулану, жауға аттану,қырып жою,қаласын тартып алу.
2. Поэмаға жоспар құру. Поэмадағы Ескендірдің жорығы,шөлде адасуы,бұлаққа кездесу, Ескендірдің бұйрығы, қақпаға кездесуі, күзетшінің сөзі мен сыйы, өсиет ақыл сөз. 3.Адамдық парыз бен міндетті, ерлікті-елдікті тұжырымдап айту.
2. Топтастыру
Қос диаграмма Ескендір кім? Аристотель кім?


«Ескендір» поэмасына талдау жасау.
1. Авторы: А.Құнанбайұлы
2. Тақырыбы:
Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.
Жанры: эпикалық (поэма)
Ұйқас: қара өлең (ааба)
Шумақ: 42
Тармақ: 4
Буын: 11, 12
Бунақ: 3

Жаңа сабақ бойынша түсінеді.


Ойларын жинақтап, өз ойларын
білдіре алады.



Қорытынды

Абай “Ескендір” поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
- Пендешіліктен арылуға,
- Иманды болуға,
- Арлы болуға,
- Қанағат етуге,
- Ашкөзділіктен сақтануға,
- Ойланып іс жасауға,
- Күлкіге қалмауға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет