Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


-сынып. Ежелгі дүние тарихы



бет2/5
Дата07.05.2017
өлшемі1,04 Mb.
#15825
түріСабақ
1   2   3   4   5

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: Египеттегі ғылыми білім негіздері

Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.

Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау.

Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

«Перғауын» ұғымын түсіндіріңдер.

Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.

Египетте шондарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы.

  2. Математикалық білімдер.

  3. Аспан әлемі

  4. Египеттегі медицина.

  5. Ежелгі Египеттегі мектеп

Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар қажет болды.

Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса да, ағашқа да ойып салған.

Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді.

Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп ойлайсыңдар? Ғылымның қай түрі дамыды?

Оқушылар ойын тыңдап болған соң сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып, іштей есеп шығарады:

«Құлдар мен шаруалар егін даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады, 20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын көктемгі егіске. Сонда қанша қабы қалды?

Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп шығаруға тара келді.

Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар: «Математика», -деп жауап береді.

Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған.

Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазу, нені білдіретінін сұраймын.

Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі қиын да, көп болды, соған қарамастан адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді.

Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің бар көлемін есептей білген. Олар ұзындықты шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген.

Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған.

Нілдің қашан таситындығын неге күні бұрын білу керек болды? Аспанды бақылау кезенде қандай ғылым пайда болды?

Ніл тасығанға дейін каналдарды тазартып, бөгеттерді жөндеу керек болатын. Егер Ніл өзенін бөгемесе, олар тектен-текке теңізге құйып, қуаңшылық салдарынан барлық астық күйіп кететін еді.

Мысыр абыздары Сотистің бірінші көрінуінен екінші көруне дейінгі аралықта 365 күн бар екендігін есептеп шығарды. Осы уақыт аралығын олар 30 күннен 12 күнге бөледі, ал калған 5 күнді ешбір айға қоспай, жыл аяғында құдайға құлшылық ететін күндер деп есептейді.

Ежелігі Египетте өте кең тараған ғылыми білімдердің бірі-медицина болды. Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне маманданды. Олар: асқазан, тыныс жолдары, көз, тері аурулары т.б. болып бөлінді.

Египет дәрігерлері хирургия тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға қоладан жасалған әр түрлі медициналық құралдарды пайдаланды.

Дәрігерлер көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Сондықтан да адамдарды емдеу барысында шөптер мен өсімдіктерді жиі пайдаланып отырған.

Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында , ол таяқ жегенде ғана тыңдайды».

ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

Пысықтау барысында білімнің айқын да тиянақты болуына қол жеткізуге тырысамын.

IV. Үйге тапсырма: §7.


6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері



  • Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.

  • Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру

  • Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.

Суреттің түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер, иллюстрауиялар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.



  • Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.

  • Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?

  • Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Әдебиеті.

  2. Ежелгі Египет діні

  3. Египеттегі храмдар

  4. Пирамидалар салу.

  5. Үлкен Сфинкс.

«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың шығарма мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын. Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.

Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы баяндаймын.

Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем құдайымыз деп санады. Олардың ойы бойынша перғауындар адамдарды қалай басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен келіп, кешкісін азыққа кетеді.

Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?

Оқушылар жауабын толықтыра отырып ежелгі египеттіктердің ең алғашқы діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен (оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)

Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады. Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.

Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.



  • Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?

  • Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?

Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.

Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.


Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.

Құдайлардың аттары

Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді?

Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді?










Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.

Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?

Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп, дамыды. Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң, Ніл өзенінің батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі- пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида б.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Оны айналып шығу үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек. Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.


  1. Пысықтауды картиналар, схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.

  2. Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд т.б. шешуге жаттықтыру.

IV. Үйге тапсырма: §8 1. «Египет діні» деген кестені толтыруды аяқтайды.

  1. «Шығыстағы мәдениеттің дамуы» кестесін толтырады.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Ассирия.Урарту мемлекеті.

Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны туралы баяндау.Урарту мемлекетінің қалыптасуы.

Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын баяндау.

Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия жылнамасының ерекшеліктеріне тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: карта .

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:


  1. Табиғат жағдайлары

  2. Ассирия мемлекетінің құрылуы

  3. Ассирияның отаршылдық саясаты.

  4. Мәдениеті.

5.Урарту мемлекеті

ІІІ. Оқушылардың жаңа оқу материалы жайлы түсінігін тексеру.



  1. Оқушылардың сөйлеу мәнеріне, алған білімін, ойын жүйелі жеткізе білуіне көңіл бөлу

  2. Оқушыларға қоятын сұрақтарға ерекше назар аудару

IV. Жаңа білімді пысықтау.

  1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамытуға көңіл бөлу

  2. Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу.

V. Үйге тапсырма: §9-10.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 11. Хетт патшалығы.



  • Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау.

  • Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін түсіндіру.

  • Тәрбиелік: Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Әдісі: интарактивті

Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.



  • Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

  • Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл татарын, қисапсыз байлығын алдым... Олардың дүниесін иелендім...»

Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?

  • Ассирия заңдарын оқып шығыңдар: Ассириядағы жер иелену тәртібі туралы не ойлайсыдар? Жалпы Алдыңғы Азия елдерінің заңдарында қандай ұқсастықтар бар?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Кіші Азияның табиғаты.

  2. Хетт патшалығының құрылуы.

  3. Хеттердің өмірі мен тұрмысы

  4. Мәдениеті

Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында Жерорта теңізі қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп аталатын өзен ғана.

Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің маңызы зор болғанын да айтамын.

Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.

Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып, патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын, Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймын.

Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.

Мемлекет аты

Өмірі мен тұрмысы

Мәдениеті

Құдайлары

Құрылыс өнері















ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқулықтың 59-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық заңдармен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп ойлайсыңдар?

IV. Үйге тапсырма: §11.

Оқулықтағы Хетт патшасының өсиетін оқып шығып өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 12. Ежелгі Финикия мен Палестина

Білімділік: Финикия тарихының басты ерекшеліктері туралы баяндау.

Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Білікті, иманды, азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: «Финикия колониялары» оқу картасы, Финикия, грек және латын алфавиттерінің салыстырмалы таблицалыры.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

Сынып оқушылырының үй тапсырмасын саналы да дұрыс орындағандығына көз жеткізу.

Жаңа сабақ жоспары:



  1. Табиғи –географиялық жағдайы

  2. Финикия қала мемлекеттері

  3. Израил-иудей мемлекеті

Израил-иудей мемлекеттінің құрылғаны жөнінде оқулық көлемінде баяндалады.

Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті

Финикия халықтарының әлемдік мәдениетке қосқан бағалы үлесі-алфавитті ойлап табуы. Жазудың бұл жүйесі б.з.б. ХІІІ ғасырда жасалған еді. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ақырына таман жаңа алфавит жасалып, бүкіл әлемге тарады. Оның негізіне біраз өзгертілген Египет иероглифтері алынған деген болжам бар.

Финикия алфавитін жасаушылар бар болғаны 22 әріппен, онда да дауыссыз дыбыстармен ғана шектелген. Көптеген халықтар-әуелі еврейлер, артынан арамейлер осы алфавитті қабылдады. Арамейлер оны (кейбір өзгерістер жасай отырып) шығысқа, Үндістан мен Орталық Азияға дейін таратты. Батыста Фиикия алфавитін гректер қабылдап алды, олар кей таңбаларға дауысты дыбыстың мәнін берді және жазудың бағытын солдан оңға қарай жазатын етіп (ал финикиялық-еврейлік бағыт оңнан солға қарай болатын) өзгертті

Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларда баяндалған. Олардың діни түсініктерінің басқа елдерден-Египет, Вавилон ерекшелігі-бір құдайға табынушылықтың болмауы. Әрбір қала -мемлекеттің өз құдайы болды. Мифтік шығармалардың ішінде таралғаны – «Ваал және Алийян» дастаны. Ваал-көктем құдайы, Алийян –оның ұлы.

Еврейлердің басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Патша-құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Ол құдайлар сияқты күнге, жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.

ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.



  • Оқылған ережелер мен тұжырымдар бойынша оқушылардың өздеріне мысалдар келтіру.

  • Пысықтауды карталар мен схемалар т.б. арқылы жүргізу.

  • Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалану қажет ететін қосымша тапсырмалар орындауға жаттықтыру.

IV. Үй тапсырмасы: §12

Оқулықтың 66- бетіндегі тапсырма-сұрақтарға жауап беру.

Израил-иудей тарихынан үзінді оқу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 13 Ежелгі парсы патшалығы

Сабақтың мақсат-міндеттері:


  • Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргенін және парсылардың ежелден жылқы шаруашылығымен айналысқан, ат құлағында ойнаған ержүрек, жауынгер ел болғанын баяндау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдісі. Интерактивті

Сабақтың көрнекілігі: «желгі Иран мен Орта Азия» оқу картасы, «Парсы жауынгері» суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.



  • Финикия мен Палистинатын табиғат жағдайлары қандай еді?

  • Финикия неге қала мемлекеттер деп аталды? Олардың даму ерекшеліктері қандай?

  • Израил-иудей мемлекеті туралы не білесіңдер? Сүлеймен патша кезінде қандай өзгерістер жасалды?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Табиғат жағдайы

  2. Парсы патшалығының құрылуы

  3. І дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты.

Табиғат жағдайы оқулық көлемі бойынша баяндалады.

«Кейбір аңыздар бойынша, Кирді кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп, асырапты. Одан соң сал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті». Сабақты аңыздан бастау оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттыра түседі. Одан әрі Вавилонның солтүстік-шығысында Мидия мемлекеті пайда болғанын, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандағанын айтамын. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармай, екеуінің арасындағы қанды соғысқа ұласқаны баяндалады. Одан әрі Кирдің жаулаушылық саясатын түсіндіремін. Балалар картадан Парсы патшалығының жаулап алған жерлерін өз карталарына түсіреді.

Парсы патшалығы І Дарий өзінің жазбаларында «жерді, аспан мен адамды жаратқан, құдіреті күшті құдай тағаланың өзін патша етіп тағайындағанын мақтан ететінін оқушыларға айта кетемін. Өздерін осылайша дәріптеген патшалар болғанын түсіндіремін.

Әрбір аймақты патша тағайындаған әкім басқарады. І Дарий кезінде әлемдегі ең таза алтын теңге шыққанына, көптеген басқа елдерде оны құнды ақша ретінде пайдаланғанына тоқталып өтеімін.

Елде сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін жол жасалып, сонау Сарды қаласынан басталған олжолдың бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылғанын картадан көрсетемін.

«Патша жолының» сол кездегі рөлін ашып көрсетеді, сол жолдар арқылы патша жорықтары елдің орталығынан шеткері аймақтарға дейін жеткені туралы, осы тәжірибені кейін римдіктердің де пайдаланғанын баса айта кетемін. «Патша жолын» тақтаға сызып көрсетіп немесе бөлек карта жасап, сырттай саяхат жасатамын.

Сақ сарбазы Шырақтың ерлігі жөнінде әңгіме өткіземін. «Өз жерлестерін шапқыншылықтан құтқару үшін Шырақ қандай ерлік жасады? Сен өз елің үшін осындай ерлікке дайынсың ба?»

Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылаймын.

Парсы әскерлерінің ерлігіне тоқталамын. Олардың әскери құрамы негізгі 10 мың «өлімге бас тігушілерден» тұрған, егер ұрыс даласында жаңағылардың жартысы өлсе, тез арада олардың орнын басқалары толтырып отырған. Сондықтан «өлімге бас тіккендердің» саны бастапқы қалпын сақтап отырған.

Парсылардың ең көрнекті әдеби мұрасы- «Авеста».

Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Ол ілімнің мәні – жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы рүрес әлемдік дамудың негізі болып саналады.

Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұхсат етілмеді. Өлі дене жерді де, отты да ластайлы. Олар өлгендердің денесен жабайы құстарға тастау керек деп есептеді.

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.


  1. І Дарий өзін қандай адам ретінде көрсетуге тырысады? Неге? Ол адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді айтады?

  2. Билеуші болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?

  3. Неге ол Ахурамазданы дәріптеді?

IV. Үйге тапсырма: §13

13-параграфты оқып, мазмұнын айту.



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 14. Орта Азия халықтарының македондық басқыншыларға қарсы күресі

Сабақтың мақсаты:


  • Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігін, тәуелсіздік үшін күрескен даңқты басшысы-Спитамен ерлігін баяндау.

  • Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы, батылдығы туралы айта келіп, оқушыларды батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау, тарихи ұлы тұлғаларға мініздеме беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тартымды өтуіне көңіл бөлу, псиологиялық ахуал туғызу - басты міндет.


  1. Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі.

  2. Спитамен-тәуелсіздің үшін күрестің басшысы

  3. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы.

Александр кім болған?

Бұл сұраққа жауапты тарихи ұлы тұлғаға мінездеме беруден бастаймын.Ол-ежелгі Шығыстың көптеген мемлекеттерін жаулап алып, бас игізген ұлы қолбасшы, өз аты-Александр, қазақ оны Ескендір деп кеткен.

Бала күнінен-ақ әкесі Филиптің және оның нөкерлерінің көзінше асау атты ауыздықтайды. Жұрттың бәрі Александрдың ептілігі мен ержүректігіне таң қалады. Филипп патша баласын құшақтап тұрып: «Ұлым-ай, өзіңе шақ патшалық ізде, Македония саған олқылық етер» деген екен.

Әкесінің өзіне айтқан осы сөзінен нені байқауға болады? Өз ойларынңды тұжырымдаңдар.

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң:

Алғыр, тапқыр, батыл Александрды әкесінің інісі Леонид төзімді, ержүрек, бап талғамайтын жауынгер етіп тәрбиеледі.

Леонидтің «таңертеңгілік астың орнына түнгі жорықтағыдай атқа мінгізіп шапқылатқанын, ал түскі асқа болмашы асты талғажау еткізіп үйреткенін» Александр кейіннен тайлай есіне алып жүрген. Александр мықты әрі ержүрек болып өсті. «Күнде ойын, күнде той» дегенді жаны жек көрді.

Оқушыларға «Александрдың «Еркетотайлық пен сән-салтанаттан асқан құлдық, еңбектен артық патшалық жоқ» деген сөзі қалай түсінесіңдер?» деген сияқты сұрақтар қоямын.

Ежелгі дүниенің атақты ғалымы Аристотель Александрдың ұстазы болды. Ғалым ханзадаға әлем, табиғат жайында, адам мен мемлекет хақында әңгімелер айтып беретін-ді. Ол ұстазына: «Өзгелерден тек күш-қуатыммен, сондай-ақ біліміммен асып түскім келеді» дейтін.

Соғыс жорықтарында Александр қасына ғалымдарды ертіп жүрген. Қолбасшы оларға бөтен елдермен жете танысу, оларды кітапқа жазу, жаулап алған халықтар арасында білім тарату жөнінде талап қойды.

Алайда шапқыншылықтың аты шапқыншылық емес пе, Александрдың жүрген жеріндегі, оның жеңімпаз әскерлері басып өткен аймақтағы ел жаппай тонылып, қырғынға ұшырады. Қолбасшы аса қуатты Парсы мемлекетін, оған қарасты барлық халықтар мен патшалықтарды жаулап алды. Египет (Мысыр), Вавилон және басқа да көптеген елдер түгелдей дерлік Александрға қарады.

Грек-македондықтардың басқыншылығына қарсы күрек бүкіл Соғды және Бактрия жерлерін қамтығанын картадан күрсете отырып, ол көтерілісті Спитамен есімді ержүрек қолбасшы, бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырушы екендігіне тоқталамын.

Жорықтан оралған соң көп кешікпей Александр Македонский дүние салды. Оның кең-байтақ мемлекеті тез ыдырап кетті, өйткені ол тек қана әскер күшімен жан сақтап тұрған-ды. Александрдың салдырған жолдарымен сауда керуендері жүретін болды. Гректер мен ежелгі Шығыс халықтарының аса бай мәдениеті араласып, эллинистік жаңа мәдениет туды. Бұл таза грек немесе таза эллин мәдениетінен өзгеше еді.

ІІ. Жаңа білімді пысықтау.

Тақырып бойынша оқушыларға мынадай тапсырмалар беруге болады:

Қазіргі фантаст жазушылар қай ғасырда, қай планетаға барсаң да апаратын «Томирис» (атын өзгертуге болады) атты ұшу аппаратын ойлап тапты. Сендердің де ойлаған бағыттарыңа ұшып бару мүмкіндіктерің бар.

Ұшу жоспарын жасаңдар.


  1. Ғасырын, жылын, жасаңдар.

  2. Александрдың жүрген жеріндегі қай елге баасың?

  3. Ұшу сапарында кім болғың келеді? (Филипп патша ма? Леонид пе? Аристотель ме? Александрдың өзі ме? Тарихи шолушы ма? Географ па? Сол кездегі адам ба? Сынып оқушыы ма?)

  4. Ұшу сапарының мақсатын анықта.

  5. Ұшу сапарының барысы жайлы әңгіме – есеп жаз (ол өте құпия болсын). Есеп әңгімеде кейіпкердің сырт бейнесі, оның әскерінің қару-жарағы, басып алған елдердің архитектуралық ескерткіштері, тарихи ұлы тұлғаларына мінездеме, саяхат кезіндегі кездесулер-барлығы қамтылуы керек.

ІІІ. Үйге тапсырма: §14.Оқушылар жоғарыдағы тапсырманы сыныпта орындап үлгере алмаса, үйден орынлап келуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет